Ашық сабақ "Туған жанұяның жылулығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Туған жанұяның жылулығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін - өзі тану сабағына қолданылатын ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жанұяның жылулығы

Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

  • Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру.

  • Отбасында жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, үнтаспа.

Мұғалім: Армысыздар, қадірлі ұстаздар, ата – аналар, ұстаздың өмірдің алғашқы қадамынан өтіп жүрген машықкерлер және 7 сынып оқушылары! Бүгінгі «Жүректен жылу таратқан» айлығына байланысты өзін – өзі тану пәні бойынша 7 сыныптардың арасындағы өткелі отырған «Туған жанұяның жылулығы» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

(7а, ә, б, в, д) сыныптары музыка сазымен кіреді.

Бүгінгі кешімізде 7 сынып оқушыларының білімін, өнерін бағалап отыру үшін әділ қазылар алқасын таныстырайық.

1

2

3

4

Бөлімдері:

  1. Таныстыру.

  2. Әңгімелесу, тыныштық сәті.

  3. Әр топтың шығармашылық жұмысы (тапсырма ).

  4. Ой толғау. Топтағы ата – аналарға ойын сұрақ.

  5. Әр топтың өнерлері.

  6. Жұмбақ ойын.

  7. Жүректен жүрекке (Жанұя терегі).

Қорытынды бөлім марапаттау.

Топтардың өз топтарын таныстыруы

  1. 7 а Ақниет

  2. 7 ә Шаңырақ

  3. 7 б Мейірім

  4. 7 в Болашақ

  5. 7 г Бақыт.

Мұғалім: Адамға өмірде ең қымбат – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бірін – бірі аялап кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. Отбасындағы жарасым бір – бірін сыйлау, бір – бірін түсіну, бір – біріне қамқор болу үлкендерге де кішілерге де байланысты екен. Отбасы жарастығы мен татулығы және ол арқылы адамдар қандай табыстарға жете алатыны туралы түсініктерін дамыта түсу үшін «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша әңгімелесіп көрейік.

Мұғалім:

  1. Отбасы тәрбиесіне ата – ананың қайсысы көп көңіл бөледі?

  2. Қиын жағдайда қайсысынан бірінші көмек сұрайсың?

  3. Ата – анаңның қайсысына ұқсаймын деп ойлайсың?

  4. Ата – анаң сені қалай және қандай сөздермен еркелетеді?

  5. Құрбыларың ата – анасын ренжітіп алса, сен қандай ақыл берер едің?

Тыныштық сәті.

Мұғалім: Бүгінгі таңда ата – ана мен ұстаз арасындағы ортақ мәселе бала тәрбиесі екені бәрімізге мәлім. Ата – ана үшін бала өмірі жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, ұстаз үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.

Әр топтың шығармашылық жұмысы.

7а Жанұяның жылулығы сурет салу .

7 ә Отбасы отанымыздың болашағы сурет салу.

7 б Отбасы татулығы сурет салу.

7 в Менің отбасым эссе.

7 г Отбасы жарастығы эссе.







Ой толғау. Топтағы ата – аналарға ойын сұрақ.

Әр топтың өнерлері.

Жұмбақ ойын.

Жүректен жүрекке. Жанұя терегі.Әкешім Анашым.

Әкешім анашым

Пейіштің нұрынан жаратылған

Әкешім анашым дара тұлғаң

Сендердің бейнет пен зейнеттерің

Бүгін де қатайсам қанатымнан


Көбейсін немере шөберелер

Кеңейсін әрдайым керегелер

Әкешім анашым сендер бар да

Ұрпағың жалғасып ере берер


Дүние-ай недеген көркем едің

Есейдім ер жеттім еркеледім

Өмірдің қол жетпес биігіне

Екеуің жалықпай жетеледің


Әкешім ақылмаң кемеңгерім

Анашым айдыным терең көлім

Ақ тілеу батаңның арқасы ғой

Бақытқа шаттыққа кенелгенім.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі