жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Туған жер
Тәрбиеші: Желдербаева Куанышкул Сардарбековна
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, ЖСШ "Сардарбек бала-бақшасы", тәрбиеші
Тақырыбы: Туған жер
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
Сөздік жұмысы: рәміздер, Отан, туған жер.
Билингвалды компонент: Отан-Родина, әнұран-гимн, елтаңба-герб, ту-флаг.
Әдіс-тәсілі: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, асық, қоржын, сандықша, сиқырлы қалам.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Сәлеметсіздер
ме. |
Шеңбер бойына тұрып өлең жолдарына сәйкес қимыл қозғалыс жасайды. 3 тілде амандасады.
Қазақстан Республикасы Астана Жосалы
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
Әрбір республиканың ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Енді осы рәміздерімі туралы жеке-жеке тоқталып өтейік. (сиқырлы қаламды пайдалану). Мынау-туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.
Мынау-елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «қазақстан» деген жазу бар. Рәмідерді үлкен де, кіші де құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Әнұранды біз білеміз. Сендер рәміздерімізді еліміздің патриоты ретінде қастерлеуге тиіссіңдер. Енді балалар осы рәмідеріміз туралы кім қандай тақпақ біледі? Жарайсыңдар, балалар. Коп рахмет. Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Халқымызда «Отан-отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер, үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Енді балалар, өзіміздің туып өскен жеріміз туралы интерактивті тақтадан суреттер арқылы мағлұмат алайық. (интерактивті тақтадан қаламыздың әдемі жерлері туралы суреттер көрсету). Жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз сергіту сәтін жасайық. Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық Бір отырып, бір тұрып, Біз бір дем алайық.
Менің қолымдағы сандықша ішінде асық бар. Осы асықтарды таңдап, топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайық. 1-тапсырма Лэпбукпен жұмыс. 2-тапсырма (Отан, туған жер туралы мақал мәтел, жаңылтпаш айту). 3-тапсырма (суреттер арасынан рәміздерді табу).
Енді
ыңғайланып отырып, көздерімізді
жұмайық.Туған жеріміздің табиғатын
көз алдымызға елестетейікші.
Туған жерімізді аялап, көркейту біздің міндетіміз. Сұлу, әсем табиғатына қамқорлық жасауымыз керек.
Алдарыңызға
суреттер беріледі, сол суреттер
арасынан табиғатымыз үшін пайдалыларын
табуларыңыз керек. |
Қызыға тыңдап, назар аударады.
Балалар тақпағы.
Интерактивті тақтадан қаламыз туралы суреттерді тамашалайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Тапсырманы орындайды.
(Балалар алған әсерлерін, ойлаған ойларын ортаға салады.)
Біздің тұратын жеріміз.
Өйткені біз сол жерде туып өстік.
Суретпен жұмыс. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Балалар
туған жерді, қаламызды көркейтуіміз,
оған қамқорлық жасауға өз үлесімізді
қосуымыз туған жерге деген
сүйіспеншілігімізді білдіреді. Әр
адамға өзінің туып өскен жері ыстық
болады. Сондықтан әркім өзінің туған
жеріне деген махабатын,сүйіспеншілігін,
мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді.
Мысалы: Ақын-жазушылар туған жердің
сұлу табиғатын, байлығын өлеңімен
жырласа, суретшілер суретін салады.
Бізде алдымыздағы параққа қаламыздың
көрікті жерлерінің суреттерін салып
, өзіміздің ықыластарымызды білдірейік. |
Балалар сурет салып, тілек білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені игеру керек: өз елінің патриоты болу керектігін, рәміздерімізді қастерлеп жүру керектігін.
Меңгергені: туған жерімізді сүюді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген