жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: "Туған жер- Алтын бесігім!" Мектепке дейінгі даярлық топ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№12 бөбекжайы»КМҚК»
Педагогикалық кеңеске ашық көрсетілім
Тақырып: Туған жер- Алтын бесігім!
Өткізген: А.Д.Контрабаева
Қараша 2021ж
Мектепке дейінгі даярық «Ақ кеме» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности группе предшколной подготовки «Ақ кеме»
Топ /Группа: Мектепке дейінгі даярлық «Ақ кеме» тобы
Мұғалім: Контрабаева Айсулу Дидаровна
Күні /Дата: 19.11.2021ж
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация. Қазақ тілі.
Тақырып / Тема: «Туған жер -Алтын бесігім!»
Мақсаты:
Білімділік.: Отан, Туған жер туралы білімдерін кеңейту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін дамыту, тілдік қорларын байыту.
Тәрбиелік.: Туған еліне деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру, ұжым болып жұмыс істеуге, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Презентация, үлестірмелер,плакат, суреттер.
Сөздік: Отан- Родина, туған жер- родная земля , рәміздер- символики, ел- государство.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Кіріспе бөлім:
Ән – күй залына музыка әуенімен балалар кіреді. Смайликтерді таңдап амандасады.
Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, бүгін ерекше күн , бізге қонақтар келіпті, қанекей амандасып алайық.
Шаттық шеңбер: Балалар:
Қайырлы таң, тәрбиешім!
Қайырлы таң , қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық!
(Шеңберге тұрып)
Мұғалім: Қалдарың қалай ,балалар?
Балалар :Жақсы, өте жақсы, тамаша
Мұғалім: Қанекей, барлықтарын алақандарынды көрсетіңдерші?Балалар , енді қолымызды үйкелейік. Қаттырақ үйкелейміз. Енді бетімізге қолымыды қояйық. Балалар, қолымыз қандай, не сезіп тұрсыңдар?
Балалар: Жылы, ыстық
Мұғалім: Олай болса, осы жылулықты бір бірімізге жіберейік, мейрімді, ақылды балалардың жылулығын. Енді барлығымыз бір бірімізге күлімдейік. Жарайсыңдар ,балалар біздің елімізде , біздің балабақшада тек қана осындай мейрімді, ақылды балалар өмір сүру керек.
Балалар біз бүгін Туған жер , Отан жайлы сөйлесеміз. Отан, Туған жер сөзін қалай түсінесіңдер?
Балалар: Отан деген біздің еліміз, туған жеріміз, ауыл-қаламыз, туыс, бауыр мекен еткен жеріміз.
Мұғалім: Ия дұрыс айтасыңдар !!!
Енді, балалар ,Мұқағали Мақатаевтың Отан өлеңін Ипполитов Михайл оқып береді.
-Балалар, бұл өлең Отан, туған жер туралы.Туған жерге деген сүйіспеншілік туралы. Мұғалім: Балалар, мен сендерге бүгін еліміз бойынша саяхат жасауға шақырамын. Қалай ойлайсыңдар, саяхатқа немен шығуға болады? (Балалар жауабы)
Балалар, мен сендерге сахатқа поезбен баруға шақырамын. Ендеше, барлығыз вагоннан өз орнымызды тауып, ыңғайласып, жайғасайық.
Ендеше кеттік.
(Балалар орындықтарға отырады, экранда поездың суреті, поездың дыбысы)
Негізгі бөлім:
Бірінші станция «Географиялық»
Мұғалім: Біз бірінші станцияға жеттік .Ол «Географиялық» деп аталады. Тақтаға қарайықшы! Не көріп тұрсыңдар? Ия , бұл карта, дұрыс айтасыңдар!
Балалар, жер жүзінде қаншама көп елдер бар? (дүние жүзілік картасын көрсету) Ал, біздің ел қалай аталады?
Балалар: Қазақстан
Мұғалім: Қанекей, Қазақстан Республикасын картадан тауып көрсетейік.Жарайсыңдар!! Біз Қазақстан деген өте керемет елде тұрамыз. Ары қарай кеттік.
Екінші станция «Президент»
Мұғалім: Балалар, суреттегі адам кім? Ия, дұрыс бұл Қасымжомарт Тоқаев.
Ол кім? Ия, ол біздің президент.
Ал , балалар ҚР бірінші президентін кім біледі? Ия, Нұрсұлтан Назарбаев.
Келесі станция «Музыкалық» деп аталады. Балалар, естіп тұсыңдар ма? Бұл қандай музыка? Кім біледі? (Қзақстан Республикасының ең бсты әні қалай аталады?) Дұрыс, айтасыңдар Әнұран.
Әнұран сөзін жазған: Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әнін жазған:Шәмші Қалдаяқов
Қанекей, барлығымыз Әнұранды айтайық. (Әнұран орындалады)
Мұғалім: Міне , біз «Рәміздер» станциясына да жеттік. Балалар , қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген?
Балалар: Әнұран, Елтаңба, Ту
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Әнұран, Елтаңба, Ту рәміздерге жатады. Қараңдар сендерге тапсырмалар беріліпті .
1тапсырма: Туда ненің сурреттері бар екенін айту. (балалардың жауабы: күн,қыран құс, ою-өрнек)
Ойын: Қазақстан Республикасының туын тап.
2 тапсырма:Ойын «Кім тапқыр»
Суреттердің ішінен Елтаңбаның пішініне ұқсас суреттерді табу. (Балалар тапсырманы екі топқа бөлініп орындайды орындайды)
Мұғалім: Шаршап қалған шығарсыңдар жолдан, қанекей тынығып алайық.
Сергіту сәті:
Тәуелсіз елдің тірегі( қолдарын жоғары көтереді)
Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)
Артқа қадам баспаймыз
Тек алға-алға бастаймыз
Құран қыстай қалықтап (құс болып ұшады)
Болашаққа самғаймыз .
Мұғалім: Жарайсыңдар !!! Келесі станцияға кеттік.
Бесінші станция «Қазақстан»
Мұғалім: Біздің ел туралы жақсы сөздер айтып, фотогаллерея жасайық. Жақсы сөздер айтамыз ба?
Біздің елдің өз Әнұраны, Туы, Елтаңбасы бар? Біздің ел қандай? (Тәуелсіз)
Біздің елде театрлар, кинотеатрлар ,музейлер бар. Біздің ел қандай? (Мәдени)
Біздің елде спорттық кешендер, спорттық алаңдар бар, көп адамдар спортпен щұғылданады.
Біздің ел қандай? (Спортшыл)
Біздің елде көп ормандар, ағаштар, бақтар, саябақтар бар. Біздің ел қандай?(жасыл)
Барлық қалаларда көктемде көп гүлдер отырғызады. Біздің ел қандай?(гүлді)
Біздің елді барлығымыз жақсы көреміз бе? Онда біздің елқандай? (сүйікті)
Біздің елде әр түрлі ұлттар өмір сүреді. Онда біздің ел қандай? (көп ұлтты)
Қалған балалар бір бір сөзден қосады.Қандай? Сұлу, үлкен.
Жарайсыңдар, балалар, біздің фотогаллерея дайын болды.
Алтыншы станция «Отан»
Мұғалім: Балалар, біз келесі станцияға да келіп жеттік. Бұл станцияда Туған жерімізді қалай сүйетінімізді айтайық. (Қолымызға плакатты алады)
Барлығымыз бірге:
Қазақстан- туған жер,
Сені қатты сүйемін.
Көлдер, таулар, даламды,
Отаным деп білемін!
— Бұл өлең не туралы айтылған?
— Туған жер, Отан туралы.
— Балалар, Отан дегеніміз не?
— Отан денегіміз- адамның туып өскен жері.
— Дұрыс айтасыңдар. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Туған жерім- Алтын бесігім!!!
Сабақты қорыту кезеңі:
Сюрприздік сәт: Бүгін балалар, өз білімдеріңді сарапқа салдыңдар, біліктіліктеріңді көрсеттіңдер. Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін. Поезд қызметкерлері сендерге сыйлықтар беріп жіберді, қабыл алындар! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын!!!
Сау болыңдар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген