400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Туған жер ғажаптары" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне көмек реінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітілді»__________директордың оқу-тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары Б.Идрисова


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Ақтоғай орта мектебі Мерзiмі 10. 04.2018 жыл №__27_

Тақырып: Туған жер ғажаптары

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік

Мұғалiм: Адильшиева Лаззат Сынып: 3 «б» Оқушылар саны: 12


Сабақтың мақсаты:

Мақсаты: Оқушыларға туған жер ғажаптары туралы түсініктерін кеңейте отырып, Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: туған жер ғажаптығының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық: туған жерге қамқорлық, жақсылық жасау іс-әрекеттеріне баулу;

Тәрбиелік: оқушыларды қамқорлыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар,мәлiметтер)


суреттер, үнтаспа, түрлі түсті қарындаштар, ақ парақтар, гүлдердің суреті, күннің суреті,

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. 5Т.

2. Оқушылармен сәлемдесу.

3. Түстер арқылы топқа бөлу.

Тыныштық сәтi «Су асты патшалығына саяхат»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмуларарыңызды өтінемін.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.Рахмет.

Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар?


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 112-113 бетіндегі Мұрат Байділдаұлының

«Ақ көгершін» әңгімесі.

  • Мәтін не туралы?

  • Бала көгершіннің жағдайына қарамастан неліктен алды деп ойлайсыңдар?

  • Көгершіннің әсем қалпына келуіне қандай себеп болды?

  • Көгершін алғысын қалай білдірді?

  • Сендердің аң-құстарға жақсылық жасаған кездерің болды ма?


Сабақ барысын талқылау:


Балаларға жақсы көңіл күй сыйлау үшін «Тыныштық сәті» ұйымдастырылады.


Мұғалімнің айтқан сөздерін балалар көз алдарына елестетеді және әңгіме барысын сезінуге тырысады.

3. Дәйексөз.

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар» Шоқан Уалиханов

– Балалар, сендер осы дәйексөзді қалай түсінесіздер?


4. Мұғалім сыйы

«Қазақстанның ғажап табиғаты» бейнефильм


а) ә) Сұрақтар қою:
- Сендердің туған жерлерің несімен көрікті деп ойлайсыңдар?
- Сендер Отанымыз Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
- Неліктен осы аталған жерлерді көрікті жерлер, ғажап жерлер деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу


5. Шығармашылық жұмыс.

1-топ «Күн сәулесі» Күн сәулелеріне Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді 4 жол өлең жазып, күнді құрастырыңдар.


2-топ «Сүйіспеншілікпен жалғастыр»

- Мен туған жерді сүйемін, өйткені...

- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені...

- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені...

- Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені..


3-топ «Гүлдесте жасау». Қолдарына берілген гүлдерге туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді жазып, гүлшоғырын жасау.



6. Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бекіту үшін тапсырма беріледі.

-Тапсырма: табиғаттың суретін салыңдар.


7.Топпен ән айту.

Бала тілегі

Сөзін жазған Сержан Молдасанұлы

Әнін жазған Фарида Жолдасова

Бал – балалық , балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіндер, билендер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік- ұлан байтақ елімді,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтасын көгершіндер көлімде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным тілегім сол менің де.


8. Үй тапсырмасы: оқулықтың 115-116 беттеріндегі Құрманбай Толыбаевтың «Күн мен гүлдер» әңгімесін оқып, мазмұнын айту.



Соңғы тыныштық сәті. (баяу әуен жүріп тұрады)

Балалар бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ой елегінен өткізіп, жүректеріңе түйіп алыңдар. Әр бір күндеріңіз сәтті, кішкене ғана жүректеріңіз сүйіспеншілік пен жақсылықққа толы болсын.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі