Авторы: Бижанова Акдидар
Ерболатовна
Түркістан облысы Шымкент
қаласы «Ш.Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ тәрбиеші
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Туған жерім- алтын бесігім"
Тәрбие сағатының
мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге,
туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге
тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін ,жерін қорғап оны ойлай
білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық
жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде
қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушыларды туған жер тарихын ұғындыра отырып,
елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге
үйрету.
Сабақ көрнекіліктері:
плакаттар,слайд,мақал-мәтелдер,шарлармен
безендіру.
Сабақтың
барысы:
1.
Мұғалім:Сәлеметсіздер ме оқушылар және
ұстаздар бүгінгі «Туған жерім – алтын
бесігім» атты ашық тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымыздың
мақсаты оқушыларды өз туған жерін қорғап, оны ойлай білетін
ұлтжанды, елін жерін табиғат байлықтарын қорғай білуге
тәрбиелеу.Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстанымыз. Оның
асқар таулары мен өзен көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы
– біздің ақ бесігіміз екен балалар. Сондықтан да біз оны
ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап
жүреміз.
- Біз қай мемлекетте
тұрамыз? - Біз Қазақстанда тұрамыз.
- ҚР қандай мемлекет? - ҚР үлкен, әдемі, бай
мемлекет.
Біздің Президентіміз,
елбасымыз кім—Н.Назарбаев.
- Бас қала қай қала? - Бас қала – Астана қаласы.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл? - Мемлекеттік тіліміз – қазақ
тілі.
Қазақстан – туымен
тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
Әнұран орындалады.
-Балалар ,сендер қандай ән
орындадыңдар?
-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.
Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін
білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп
атаймыз. Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп
өтейін.
-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк
аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе
жатыр.
- мынау - елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі, бес бұрышты
жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.
- балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз
орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы
тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан
қастерлеуге тиіссіңдер.
Балалар өткен жылы біздің
елімізде өте ауқымды, дүниежүзілік Экспо
2017 көрмесі өткен
болатын. Экспо
дегеніміз-дүние жүзі халықтарының
өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін
көрсететін алаң .Экспо 2017 мақсаты-әлемге Қазақстанның
мүмкіндіктерін паш ету болды.Қазақстан Болашақтың энергиясы
тақырыбында көрме ұсынған болатын.
Елбасымыздың бағдарламаларының
бірі Рухани жаңғыру
.Рухани жаңғыру бағдарламасының
басты мақсаты-ұлттық кодты сақтау. Рухани жаңғыру бағдарламасының 6
бағыты бар. Солардың бірі туған жер бағдарламасы. Бұл бағдарлама
бойынша елімізде көптеген іс-шаралар өткізіліп
жатыр.
2.
Мұғалім:
Сұлу дала! Менің сүйген
еркемсің
Жаным сенен жаратылған
өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып
туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей
келе туған жерге деген
лебіздерін тыңдап көрейік. Қане балалар кім қандай өлең тақпақ
біледі екен. Кім айтады.
Ақерке
Қасиетті Қазақстаным,
мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі
екенсің.
Елім, Жерім, Отаным,
бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім,
өркенім.
Асылзат
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам
бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам
бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін
тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам
бар.
Мирас
Көк байрақ иілмесін,
жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік
тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті
тіреп,
Қазағым, сен қашанда
тұғырдасың!
Бейбарыс
Қазақстан аталады Отаным,
Мен отанын сүйетұғын ботамын.
Әрбір адам еңбек ету арқылы,
Көркейтеді, құрметтейді Отанын.
Айгүл
Уа туған жер, топырағыңнан
жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр
алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім
сендегі,
Алтын арай таңғы жұпар
самалдың.
Мұғалім:
Құс
ұясыз,
Жыртқыш інсіз
болмайды.
Отансыз жан өмірінде
оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да,
сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы, - деп
ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз
жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана
айта аламыз.
3. Сөз жұмбақ
шешу.
4.
Жүргізуші: Ата-бабамыздың өткен жолына
біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де
қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке
көтеріледі.
Көрініс
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп,
демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі
шығады).
Немересі: Ата, не ойлап
отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды
дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен
өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген
не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген
сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес
пе?
Немересі: Ата, туған жер деген
не?
Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап
өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз
қарашығындай сақтауың керек.
Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы
көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат
болып ер жетем.
Атасы: Жарайсың, балам.
5. Сергіту
жаттығуы
6. Суреттерді
құрастыру. Балалар сендермен бір ойын
ойнап ой өрістеріңді байқап көрейікші. Осы үзінді суреттерден ненің
суреті шығады екен.
7.
Балалар әнді сүйсең менше сүй
дегендей қазыр Ақеркенің орындауында
Туған
жер әнін қабыл
алыңыздар.
8.
Мұғалім
Айпырай! Туған
жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес
едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес
едім, - дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары
қарай «Жалғасын тап» ойынымен
жалғастырсақ. Балалар біз туған жер туралы мақал-мәтелдер білеміз
бе?
Асылзат
1.Туған жерге туың
тік.
Ақниет
2.Туған жердей жер
болмас,
туған елдей ел
болмас.
Меруерт
3.Акқу көлін
аңсайды,
Адам туған жерін
аңсайды.
Мирас
4. Туған
жер-тұғырың,
Туған
ел-Қыдырың
Ақерке
5. Кісі елінде сұлтан
болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Азамат
6.Туған жердің ауасы да
шипа,
Туған жердің жуасы да
тәтті
Айгүл
7.Бөтен жердің
гүлінен,
Туған жердің тікені
артық.
Аружан
8. Туған жердің қадырын шетте
жүрсең білерсің.
9.
Қазақстан гүлдене бер
ойыны-балаларға Қазақстанның қалаларын көрсетіп, қай қаладан не
шығады, не өндіреді балалар соны тауып қалалардың суреттерінің
үстіне жапсырады.
10.
Мұғалім: Туған жер жайлы жыр да, қара
сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан
кездеседі. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері,
туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Ортаға «көк тудың
желбірегені » әнімен сыныбымыз оқушыларын
шақырамыз.
11.
Қорытынды:
Тәрбие сағатымызды Жүсіпбек
Аймауытовтың сөзімен қорытындыласақ:
Ыстық қой, шіркін, туған
жер!
Туған жерге жеткенше, қайтіп
дәтің шыдайды?
Кім сағынбас өз
қағын?
Кім сүймесін өз жерін?
демекші, балалар, бүгінгі ашық тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге
етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат
етейік.