жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Туған күн 5 сынып
Есенов Шапагат Нургаинович, Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Туған күн
Мақсаты: Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмалар орындау. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігін бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру. Мүшел жасты білуге, отбасылық дәстүрлерді тойлауға, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Жұмыс нәтижесі:
Оқушылардың барлығы: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Жеке және жұптық жұмыс түрлерін жасайды. Үлестірме қағаздармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі: Оқулықтан тыс берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер келтіре алады.
Күтілетін нәтиже: Тақырыпты меңгереді. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне мысалдар келтіре алады. Мүшел жасты біледі.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Тілдік құзіреттілік: Сыйластық, диалог
Ресурстар: Оқулық, суреттер, АКТ ресурстары, үлестірмелі қағаздар, деңгейлік тапсырмалар, кері байланыс, стикер, даналық ағашы
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, көрнекілік, рефлексия (7 модуль)
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі
Сабақтың өтілетін уақыты: 40 минут
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: Топқа бөлу, мақсат қою, тақырыпты ашу
Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Ойлауды Блум бойынша жіктеу |
Мұғалімнің шеберлігі |
Білім алушының іс-әрекеті |
Нәтиже |
Білу (5 минут) Психологиялық ахуал қалыптастыру
|
Сәлемдесу Жағымды ауа райы орнату |
Орындарынан тұру Бір-біріне жылы сөздер айтады
|
Орындарынан тұрады. Бір-бірін сыйлайды.
|
Топқа бөлу |
Қалаған бір кәмпиттен алады |
Кәмпиттің түстері бойынша бөлінеді. Топ басшы сайланады. |
|
Алтын ереже
|
Буын, дыбыс үндестіктерін анықтайды. Сұрақтарға жауап береді. Үйге берілген тапсырманы айтады. Ережені жаттайды. «Туған күн» атты әнді хормен айтады. Құттықтау хат жазады. Ізденіс жұмысын жүргізеді. Бір-бірін тыңдайды. Бір-біріне көмектеседі.
|
«Алтын ережені» сақтайды. |
|
«Суреттер де сөйлейді» |
Тақтадағы суреттерге қарап, тақырыптың не туралы болатынына болжам жасайды. |
Болжам жасайды. Тақырыпқа сәйкес сабақтың мақсатын анықтайды. |
|
Үйге берілген тапсырманы сұрау |
6-тапсырма. 33-бет Бұрынғы және қазіргі тілашар туралы ойтолғау |
Үйге берілген тапсырманы оқиды. Ережені жатқа айтады. Мысалдар келтіреді. |
|
Түсіну (10 минут)
|
Айтылым. 1-тапсырма. 33-бет
|
«Отбасы мүшелері және олардың туған күндері» тақырыбы |
Диалог құрастырады. |
Оқылым. 2-тапсырма. 34-бет |
Нақты ақпарат бойынша сұрақтар қою 1.Әр мүшел жасқа неше жылдан қосылып отырады? 2.Неге мүшел жасты қауіпті деп санаған? |
3 топ бір-біріне сұрақтар дайындайды. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
|
Қолдану (5 минут)
|
Сұрақ-жауап әдісі |
Бүгінгі тақырып пен мәтіннің арасында қандай байланыс бар? |
Топ болып жауап береді. |
Тілдік бағдар
|
Грамматика минуты Дыбыс үндестігі |
Ілгерінді ықпал Кейінді ықпал Тоғыспалы ықпал |
Дыбыс үндестіктеріне мысалдар келтіреді. Тақтамен жұмыс жүргізеді. |
|
Білім ленд
Сергіту сәті |
Дыбыс үндестігі
«Туған күн» әні |
Тест сұрақтарына жауап береді. Әнді хормен орындайды |
Жинақтау (10 минут)
|
Жазылым. 3-тапсырма. 34-бет |
Деңгейлік тапсырма |
Жазба жұмысын берілгені бойынша орындайды. |
Семантикалық кесте (дұрыс / бұрыс) |
Дыбыс үндестігіне байланысты мысалдар айтады. |
Айтылған мысалдар бойынша 3 топ ұпай жинайды. |
|
Дарынды және қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс Ақпаратты анықтау кестесі |
Дұрыс жауапты талап ететін сұрақ. Бір ғана нұсқасы дұрыс сұрақ. Бірнеше жауабы қабылданатын сұрақ |
Айтылған ақпараттарды анықтайды. |
|
Талдау (5 минут |
Қазақша жыл қайыру мен жұлдыз жорамал |
Ойтолғау жазу |
Ойтолғау жазады. Автор орындығына отырып оқиды. |
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Кері байланыс |
Стикерді «Даналық ағашына» жабыстыру.
|
|
Бағалау (5 минут) |
4-тапсырма. 34-бет |
Буын, дыбыс үндестіктеріне мысалдар келтіру |
Мысалдар келтіреді. |
ОүБ, ОБ |
Топ басшылар сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалайды. |
Әділ бағаланады. |
|
Үйге тапсырма |
5-тапсырма. 34-бет |
Орындалады. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген