жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Туған күн 5-сынып
Сабақ жоспары
|
Сабақ: Туған күн |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жанабергенова С.С |
||||
|
Сынып: 5 Ә |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар:-- |
|||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.(Т/А1). Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау 5.(Ж5). Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||||
|
Суреттер мен тірек сөздерге қарап тақырыпты ашады.Ұсынылған тақырып бойынша құттықтау хат жазады. |
|||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||||
|
Тақырып бойынша диалог құрастырады. Хат құрылымын сақтайды. |
|||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||||
|
Өз ойын еркін жеткізеді. |
|||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: |
||||
|
Диалогқа қатысуда тірек сөздерді қолданады.мәтін жазуда тілдік нормаларды сақтайды. |
|||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
|||||
|
Диалог,құттықтаухат,ықпал |
|||||
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
|||||
|
Әкемнің туылған күні,біздің отбасы,отбасындағы мереке, |
|||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||||
|
Досыңның туылған күніне не сыйлар едің? Тағы қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер? |
|||||
|
Не себепті .... деп ойлайсыз? |
|||||
|
Не себепті мүшелі жасты қауіпті деп санаған? |
|||||
|
ишара: |
|||||
|
|
|||||
|
Алдыңғы білім |
20.Тілашар |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут |
1.Сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау. 3.Сыныптың тазалығына назар аудару 4.Топқа бөлу:(стикерлердің түсіне қарап) 7-8 оқушыдан 3 топқа бөлінеді. 5.Психологиялық тренинг. Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топ мүшелері бір-біріміздің қолымыздан ұстап табысқа жетуге сенімділік білдірейік. Біз бәріміз біргеміз Өз-өзімізге сенеміз Оқушылар хормен айтады. |
|
|||
|
ІІ.Үй жұмысын тексеру. 3 минут |
1.«Бір минут ішінде» әдісі 1-топ:«Тілашар» дегеніміз қандай мереке 2- топ: «Бесікке салу» туралы түсінік 3-топ: «Тұсау кесу» туралы түсінік -Сұрақтар беріледі. -Идея жинақтайды. -Жауапты бір минут ішінде тоқтаусыз,қайталаусыз,қатесіз айтады. 2.Өзара бағалау жүреді,мұғалім ауызша кері байланыс береді. |
|
|||
|
ІІІ.Жаңа сабақ 2 минут 5 минут |
1.Оқу мақсатымен таныстыру Оқу мақсаттары интербелсенді тақтадан көрсетіледі. 5.(Т/А1). Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау 5.(Ж5). Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. 2.Бағалау критерийімен таныстыру. -берілген тірек сөздер мен суреттер бойынша тақырыпты анықтайды. -Мәтіндегі негізгі ақпаратарды анықтайды. -Ақпараттарды қолданып,мәтінді өз сөзімен баяндайды. 3.«Суреттер не болды» әдісі 1- Тапсырма: 1.Суреттерге қарап және әнді тыңдай отырып бүгінгі тақырыпқа болжам жасаңыз. (Мұхтар Шахановтың Туған күн өлеңі әнімен ойнайды) Суреттерде кімдерді көріп тұрсыздар? Суретте болып жатқан жағдаятты баяндаңыз. - Болжам жасайды - Шағын топтарда идея жинақтайды. - Әр топтан бір оқушы топтың ойын ортаға салады. Олай болса,біздің бүгінгі сабағымыз туған күн мерекесі жайлы болмақ. 2-Тапсырма:2. Тірек сөздерді пайдалана отырып,«Отбасы мүшелері және олардың туған күндері»тақырыбында диалог құрыңдар. Тірек сөздер: ( отбасы,ата,әке,ана,туған күн,сыйлық,мүшел жас) -идея жинақтайды. - топта талқылайды. - диалог құрастырады. -топтан екі оқушы (орындықтың артында стикері бар оқушы)топ ойын ортаға салады. Дескриптор: 1.Диалогта отбасы мүшелері толық аталады. 2.Тірек сөздерді қолданады. 2.Өзара бағалау жүреді,мұғалім ауызша кері байланыс береді. «Басбармақ» әдісі |
Оқулық 33 бет Мұхтар Шахановтың «Туған күн» әні |
|||
|
20 минут ІV.Бекіту кезеңі. 5 минут |
6. «Өкіл» әдісі Енді балалар туған күннің тарихы, дәстүрлері, ырым-тыйымдары туралы әңгіме қозғап, ой дамытайық. Сіздердің туған күндеріңізді атап өтер күн алыс емес шығар... Мәтінмен жұмыс. Тапсырма: 1.Мәтіндегі негізгі ойға сүйене отырып,постер құраңыз. 2.Жасаған постерлеңізге ат қойыңыз. Тарих және туған күн.Ерте замандардан бері адамзат баласы жыл сайын адамның өмір есігін ашқан сағатында оны айналшықтап жүретін теріс күштер болады, олар адамға жан-жақтан қарғыс айтады деп сенген. Және сол қарғысты қайтаратын тірі адамдардың ақ тілегі деп тапқан да, осы күні дастархан жайып, өзінің ет жақындарын жинап ыстық ықыласты баталарды тыңдайтын болыпты. Ал туған күннің ең басты дәстүрі – туған күн иесіне сыйлық беру – інжіл заманынан бері келе жатыр. Туған күн және торт. Туған күндегі – бұл тәтті өмірдің басталуының, тілектердің орындалуының нышаны. Торт бетіне қойылған шырақты үрлеудің де өзіндік сырлары бар. Бұл дәстүр тіленген тілектер түтінмен бірге көктегі періштелерге барады деген сенімнен туған. Шырақты өшірмес бұрын, ішіңізден ең игі тілектеріңізді айтуыңызды талап етеді. Және тілеген тілегіңізді тірі жанның білмеуі де шарт. Тағы бірі ереже – торттағы шырақтарды бір ғана талпыныста үрлеп өшіру керек. Әйтпегенде, ең жақын досыңыздан көмек сұраңыз, ол жан келешекте тілектеріңіздің орындалуына көмектесетін болады. Туған күн және ырымдар • Туған күнге өткір заттар мен бөлме өсімдігін сыйлауға болмайды. Сондай-ақ, бет орамал, айна, тарақ тарту етуге де тыйым салынады. • Туған күніңізде бос әмиянды қабыл алмаңыз. Әйтпегенде, осы жылы қаржылық қиындықтарға ұшырау қаупі бар, бес теңге болса да әмиянға салынуы керек. • Туған күндегі жаңбыр, қар – жақсылықтың нышаны. Әсіресе, таңертең күн шығып тұрып, арты жаңбырға ұласса тіптен жақсы. • Осы жылдың қалай өтуі туған күнді қалай атап өткеніңізге байланысты. - мәтінді оқиды - идея жинақтайды - топта талқылайды. - постер құрастырады. - топтан екі өкіл келесі топқа түсіндіреді.( А және С деңгейлі оқушы) - тыңдаған топ мүшелері кері байланыс береді. - алынған кері байланыстар бойынша топта талқылайды. - жұмыс өнімін сыныпқа ұсынады. Дескриптор: 1. Мәтіндегі негізгі ойды ашады. 2. Мәтін мазмұны бойынша постерге ат қояды. 3. Суретті көрнекті салады. 7. Өзара бағалау жүреді.Оқушылар арасында жазбаша кері байланыс жүреді. « Хабарлама» әдісі Тапсырма:Берілген үлгі бойынша ата-аналарыңа,бауырларыңа,достарыңа құттықтау хат жазыңдар. Ү Л Г І № 26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп директоры Айткулова Гүлнар Чимкентқызына Қадірлі Гүлнар Чимкентқызы! № 26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің 5 «Ә» сынып оқушылары және өз атымнан Сізді 50 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздің білім ордасы болған алтын ұя мектебімізге сіңірген еңбегіңіз ерекше Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық және Жамбыл атамыздың жасын тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын! Ізгі ниетпен,
Дескриптор:
| ||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген