400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Туған күн" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№38 Н.Д.Оңдасынов атындағы мектеп – гимназиясы

Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Абуова Гульжахон Ермагамбетовна



Сабақ жоспары 6-сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Туған күн

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: «Туған күн» айдарымен берілген жаңа тақырыпты меңгерту.

Жаңа тақырып бойынша қазақ тілінде еркін сөйлей білу.

Дамытушылығы: Балалардың білімділік, ізденімпаздық қабілеттерін, тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауатты да қатесіз жазуға

дағдыландыру, сыйластыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тапсырмалармен жұмыс, жазба жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: ережелер жинағы, тақырыптық сызба, кесте.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Сөздікті, ережелерді жатқа сұрау. Өтілген мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап алу.


ІІІ.Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

ағайын-туыс, жылы сөз, қабылдау, ұялату.



Сын есімнің түрлеріне мысалдар айту, дәптерге жазып алу


Тапсырмалармен жұмыс

1-тапсырма

Мына анықтаманы оқып, көшіріп алу. Ішінен үш сөз таңдап, буынға бөлу, буын түрлерін ажырату.

Туған күн - кімге де болса аса қымбат, қуанышты күн. Бұл күні ағайын-туыстан, жақын жолдастан жылы сөз естіп, ақ тілек қабылдап, сый-сияпат алу қайсымыздың да жүрегімізге жылу ұялатады.

1. Қым – бат ВАВ – ВАВ

2. Жол – дас – тан ВАВ – ВАВ – ВАВ

3. Жү – ре – гі – міз –ге ВА – ВА – ВА – ВАВ – ВА


2-тапсырма

Диалогті оқып, өзара сұхбаттасу.


Алпамыс, Аққыз аттарының мағынасын дәптерге жазып алу.


- Мен туған күні қатты қуандыңыздар ма, әже?

- Әрине, балам, отбасымызда үлкен қуаныш болды.

- Әже, менің атымды кім қойған?

- Е-е, балам-ау, атаң қойған. Сен туғанда қатты қуанып, немеремнің атын

өзім қоямын деді.

- Ал неге Алпамыс деп қойған?

- Күшті де батыл, ержүрек болсын деп ырымдап қойған.

- Адамға атты неге таңдап қояды, әже?

- Жалпы адам есімі тілге жеңіл, мағыналы болу керек.

- Ал сіздің атыңыз қандай мағынаны береді?

- Аққыз - сұлу да ажарлы, әдемі деген мағынада.

- Иә, әже, сіз шынымен де сұлусыз.

- Айналайын, балапаным, рақмет!


3-тапсырма

Мына сызбаға назар аудару.

Өздеріңнің аттарың қандай мағына беретінін түсіндіріп көріңдер.



Денсаулығы зор, өмір жасы ұзақ болсын деп: Ұзақбай, Мыңжасар, Өмірзақ, т.б.


Ақылды да тапқыр болса екен деп: Ақылбек, Данабек, Ақылжан, т.б.



ІҮ. Сабақты қорытындылап, оқушылардың білімін бағалау.


V. Үйге тапсырма беру.

58-61 б. 1,3-тапсырма ауызша.

4-тапсырманы жазбаша орындап, әңгімелеуге дайындалу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
816
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі