400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Туған күн кешінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Туған күн кешінде»

Мақсаты:

Білімділік : Туған күн туралы түсінік беру,туған күнді мереке ретінде қабылдай білуге үйрету. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Дамытушылық : Әңгімелей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік :Ұйымшылдыққа, сыпайылыққа,достыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: туған күн-день рождения.қоян-заяц, орман-лес.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық жасайды.


Почташы ағай бізге хат әкеліпті. Жай хат емес,шақыру қағазы екен.

Құрметті «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері сіздерді туған күн кешіне шақырамын. Менің үйім орманда,оған автобус арқылы келе аласыңдар! Менің кім екенімді ағаштын басында орналасқан хаттан біле аласыңдар.

-Балалар, бұл хатты кім жіберді екен? Аты-жөні жазылмапты ғой.

Жарайды, орманға барғанда біле жатармыз.

Балалармен автобуска отырып,орманға аттанамыз.


Ұйымдастыру-

іздестіру



-Жарайсыңдар! Міне, орманға да келіп жеттік.

Әне,қараңдар, ағаштың басында хат тұр.

Орғыған қорқақ көзі еді,

Қыс пен жазда түрлі тон киеді. (Қоян)

Қоянды туған күнімен құттықтайық.


Туған күн бұл тамаша,

Би билейміз жараса.

Туған күнде ән салып,

Көңілденеміз шаттанып.


Балалар Қоянның туған күніне басқада достары келіпті.Күшік, торғай, Маша мен Аюда келіпті.

Торғай басына тағатын-бантик, күшік-сәбіз, Аю-бал, Маша-шар сыйға беріпті.


Ал,қоян болса қай досының не әкелгенін ұмытып қалыпты, бәріміз оған көмектесейік.

Ойын. «Тақтада тұрған заттарды орналастыр»


Ормандағы достары көп сыйлық әкеліпті. Ал біз не сыйлаймыз? Бірақ бірдене жетпейтін сияқты. Ол не?

-Әрине ол- торт.

Ендеше біз қоянның туған күніне арнап, торт жасайық, мерекені оданда түрлендіре түсейік.


2 топқа бөлінеміз. Балалар-торт жасаймыз.

Қоянға сыйлық жасадық. Ән сыйлайық.

Сергіту сәті: «Туған күн» хлопушка ату.

Ескерткіш үшін селфи жасайық.


Қоян бізді туған күніңе шақырғаныңа көп рахмет. Біз енді балабақшамызға қайтайық.

Рефлексивті-түзетушілік



Қорытындылау:

Балалар пойызда көңілсіз болмау үшін,мен сендерге сұрақтар қояйын.

  • Біз қайда және кімнің туған күніне бардық?

  • Не сыйладық?

  • Қоянның достары не сыйлады?

Ой,бақшамызға да келіп жетіппіз ғой.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1074
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі