400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Туған күні досымның"6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы 6

Күні:


Сабақтың тақырыбы

Досымның туған күні. Cын есім.


Сабақтың мақсаты

Cын есім туралы түсініктерін кеңейту, оқушыларды өз достарын сыйлауға, достықты қадір тұтуға тәрбиелеу,еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже

А/ Өз достары туралы айтады;

В/ «Досымның туған күні» атты мәтін бойынша өз ойын айтады, сұрақтар құрастырады, әңгімелейді;

С/Сыныптастарымен сыйлық, туған күнге арналған тілектер айтып еркін сөйлеседі, сұхбаттасады.


Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, мақал-мәтелдер, постер, видеоролик.


Сабақ барысы



Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Қай жыл мезгілдерінде туған күндері екенін біліп,соған байланысты 4 топқа бөлу.

Оқушылар амандасқаннан кейін 4 топқа бөлінеді

Тұсаукесер

1.Біз алдыңғы сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Үйге қандай тапсырма берілді?(оқушылар үй тапсырмасын айтып шығады)

-Ал енді бәріміз мына слайдқа көңіл аударайық.Мынау нелер?Осы нәрселерді көргенде естеріңе не түседі? Нені көз алдарыңа елестетесіңдер?

-Дұрыс балалар, бұл нәрселерді біз мерекелерде, туған күндерде пайдаланамыз, сыйлаймыз.

-Ал жаңа сендер достарың туралы әңгімеледіңдер. Ал енді айтыңдаршы біздер достарымызға сыйлықты қай кезде сыйлаймыз?

-Туған күнінде.

Дұрыс.

Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: Туған күні досымның.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстырамын.


Оқушылар үй тапсырмасын айтады.





Суреттер көмегімен ассоциация кұру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.












Сабақтың мақсатымен, күтілетін нәтижесімен танысады.

Негізгі бөлімі

-Әр адам баласы туған күнін асыға күтеді.Бүл кімге де болса аса қымбат, қуанышты күн.Туған күнді тойламайтын, күтпейтін бала жоқ.Сондай -ақ әр адам өзінің досының да туған күнін біледі.Сол күні ол досын құттықтап, сыйлық сыйлайды.

-Балалар қазір бәріміз бірігіп"Мен не сыйлаймын "ойынын ойнап жіберейік.Мен бір әріпті көрсетемін, оқушылар сол әріптен басталатын сыйлық ойлап табу керек. Әріптер: А,Қ,К,Г,О,Д,Ш,С.

1.Сөздікпен жұмыс.Хормен, жеке оқиды.

Талғам-вкус

Сөре -полка

Даналық сөз- Мудрые слова

Ізгі тілек-наилучшие пожелания

1-топ Сөйлемдер құрады.

2-топ "Талғам"сөзіне дыбыстық талдау.

3-топ "Сөре "сөзін септейді

4-топ "Даналық сөз" сөз тіркесін тәуелдеу.

2.Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді өзім оқимын.Оқушылар бір-бір сөйлемнен тізбектеліп оқиды.

Мәтін бойынша тапсырмалар:/критерий кұру/

1-топ Мәтінге ат қойып, қысқаша мәтін бойынша өз ойларын айту.

2-топ Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасау.

3-топ Мәтін бойынша сұрақтар құру.

4-топ Сиқырлы қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті. Ән "Туған күн кешінде"

3. Шығармашылық тапсырма.

1-топ Досының туған күніне ашықхат дайындап,құттықтау сөзін жазу.

2-топ Досының туған күніне 5 жолды өлең шығару

3-топ Досының туған күніне "Достық" туралы ән сыйлау.

4-топ Досының туған күніне тілектер және туған күн батасын жатқа айту.

4.Тест.

1.Жай шырайы бар мақалды тап.

А. Көк етікті киемін деп, көне етікке кез болған.

В. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ.

С. Қой аузынан шөп алмас.

2. Ол туған күнде әнді жақсы айтты ма?

А. жақсы оқыды.

В. жақсы тыңдады.

С.жақсы айтты.

3. Құттықтау сөздерге қайсысы жатады?

А. тілек, хат.

В.зор денсаулық ,бақыт, табыс.

С. әсемхат, келді.

4."Кеше атамның туған күні болды" сөйлемінің дұрыс аудармасын тап.

А. вчера я был у дедушки.

В. вчера дедушка пришел.

С. вчера был день рождение дедушки.

5. "Қымбат сыйлық сыйлады"сөйлемінен сын есімді тауып, шырай түрін анықта.

А. салыстырмалы

В.жай.

С. күшейтпелі.

/Критерий бойынша өз-өздерін бағалайды./











«Мен не сыйлаймын» ойынын ойнайды. Сыйлықтарды атайды.








Сөздікті хормен оқиды.







1-топ сөйлемдер құрады.

2-топ "Талғам"сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

3-топ "Сөре "сөзін септейді.

4-топ "Даналық сөз" сөз тіркесін тәуелдейді.

Мәтінді тізбектеліп оқиды.










Топтар бір-бірін критерийлер арқылы бағалайды.











1- топ ашықхат дайындайды, қорғайды.


2-топ 5 жол өлең шығарады.

3- топ Ән айтады.

4-топ Туған күнге арналған тілектер айтады.








Тест орындайды. Өз-өздерін бағалайды.

Қорытынды

5. Рефлексия "Бес саусақ".

Стикерлерді санау арқылы белсенді топ анықталады. Бағалау критерийлері арқылы оқушылар топтарды, өз-өздерін бағалайды. Сабақ соңында қорытынды баға қоямын.

Үй тапсырмасы: Досыңның туған күніне тілек жазу.

Саусақққа сақина кигізу арқылы рефлексия жасайды.

Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі