400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ашық сабақ Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ білім саласында жүрген ұстаздар қауымына пайдасын тигізер деп ойлаймын. Оқушылардың бойына табиғатты қорғау, сүйіспеншілік сезімдерін арттыруға себебін тигізеді. Сабақта жаңартылғаан білім мазмұнына сай әдіс тәсілді қолдандым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз


Мұғалімнің аты-жөні: Гүлнара Байғұтова

Күні: 15.02.2019ж

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Балалардың өзін -өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Табиғатқа қамқор болу түсініктерін қалыптастыру

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Табиғатқа аялы қарым қатынастарын үйренеді, өз ойларын еркін жеткізуге бейімделеді

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Адам мен табиғат үйлесімділігі туралы өзіндік жұмыс жасай алады

Бағалау критерийі

Табиғатқа аялы қарым қатынастарын дамыта отырып, өз ойларын еркін жеткізуге қалыптасады

Адам мен табиғат үйлесімділігі туралы шығармашылық жұмыс жасауға дағдыланады

Ресурстар

Слайд, маркер, А4, суреттер, ағаштың суреттері

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, жаратылыстану

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Ағаштардың суреті арқылы

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Бойды сергек тік ұста

Ем ін еркін тыныста

Деміңді ішке тез алд да

Оң қолыңды соз алға

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қол босқа тұрмасын

Шеңбер жасап тынбасын

Деміңді ішке тез алда

Соз қолыңды соз алға




Жаңа білім

10 минут



Білу және түсіну

Балалар, біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз.
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі. Олай болса, Біз сендермен табиғат аясына саяхатқа шығамыз.






І кезең: «Ақындар» аялдамасы

Оқушы: Табиғат әсемдіктің жырысың
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан- жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Оқушы: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Оқушы: Табиғат –бір тілсіз тылсым күйде ме?
Тудық тілді табиғаттан үйрене.
Қурай екеш, қурайдағы ызыңдап,
Айтқысы кеп тұр оның бірдеңе.

Оқушы: Мен таптым табиғаттан кемелдікті,
Пәктікті, ұлылықты, шеберлікті.
Әні тұр айналамда жоғалмастан,
Жоғалып кетсе дағы нелер мықты.

Оқушы: Сүйейік табиғатты, аялайық!
Бізде одан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша демалайық!

Мұғалім:-Жарайсыңдар балалар


Ортасы

10 минут







Қолдану

ІІ кезең «Мақал -мәтел» бекеті

-Балалар, табиғат дегенді қалай түсінесіңдер? Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірек-сызбамен жұмыс

Shape2 Shape1

Өлі табиғат

Тірі табиғат




-Тірі табиғатқа қажетті жағдайларды атаңдаршы.

-Судың, ауаның қандай қасиеттерін білесіңдер?

Табиғаттың адаға қандай пайдасы бар

Адамдардың табиғатқа пайдасы мен зиандары туралы әңгімеле.

Мұғалім:-Жарайсыңдар балалар!

Дескриптор: Табиғат туралы трек сызба құрастырады.

Табиғат пен адамның байланысы туралы әңгімелейді.

ІІІ кезең: «Мақал-мәтелдер» бекеті
Табиғатқа байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз?
І. Көлдің көркі –құрақ, Таудың көркі – бұлақ.
2. Орман –ел дәулеті, жер сәулеті.
3. Сулы жер –нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.
5.Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.

6.Бұлақ көрсең көзін аш.

7.Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.

8.Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.

9.Су ішкен құдығыңа түкірме.
Мұғалім:-Жарайсыңдар балалар!



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Қызыл гүлім - ай"


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

ІІІ кезең: «Жұмбақ шешу» бекеті.
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)

Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Таңмен көзін ашады, Әлемге нұр шашады. (Күн)

Қыста ғана болады, Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен. Гүлжазира жарасқан Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)

Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)

Көктен түседі,
Жер тоймай ішеді.      (Жаңбыр)

Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім келіп таң алдында алып кеткен?    (Жұлдыздар)

ІV кезкең. «Мейірімді жүрек» аялдамасы

Мұғалім:- Балалар, табиғат қазіргі таңда апатты жағдайда. Ал сендер табиғатты қорғау үшін не істер едіңдер? (сурет салу)

Дескриптор: Оқушылар табиғатты қорғауға қатысты сурет салады

Табиғатқа қамқор болу түсініктері артады.


Қорытынды:
Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.

Оқушы: Сүйейік табиғатты, аялайық!
Бізде одан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша демалайық!




Бағалау


5 минут

Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс кемесі

Үйге тапсырма: оқулықта қалған тапсырманы аяқтау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?


.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
1826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі