жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Тыныс алу мүшелері 3 сынып
|
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Адам |
Мектеп: Алға орта мектебі Қатысқандар саны: 20 Қатыспаған оқушылар: - |
||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 15.11.18
|
Мұғалімі: Ележанова Айжан Муканалиевна |
||||||||||||||||||||||||||
|
Тақырыбы:
|
Тыныс алу мүшелері |
||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты: |
3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушылар:адамның тыныс алу мүшелері және олардың қызметімен танысады. Адамның ішкі ағзаларының орналасуын біледі. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
|
||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Тыныс алу мүшелері жайлы ақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап береді; Тыныс алу мүшелерінің қызметін кестеге толтырады; Сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Пәндік терминология мен тірек сөздер: |
|||||||||||||||||||||||||||
|
өкпе, ауатамырлар, кеңірдек |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар |
дене мүшелерін күту және сақтау |
||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
әдебиеттік оқу |
||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
презентация |
||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу үдерісі жайлы біледі |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 1 минут 4 минут |
Ұйымдастыру. Оқушылар шеңберге тұрады. Ойсергек. Сәттілік біздер тілейік. Мен саған, сен маған, Күндей күліп жүрейік. Күннің нұрын төгейік, Мен саған, сен маған. Сұрақ-жауап. Өткен материалмен жұмыс. 1.Ас сілекеймен араласып,майдаланатын қуыс.(ауыз қуысы ) 2.Ас қоймалжың ботқаға айналып,қорытылатын қуыс қалташа. (асқазан) 3.Жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын мүше.(өңеш ) 4.Қорытылған астың қанға сіңіп,ағзаға тарауына көмектесетін мүше.(ішектер)
Қол шапалақтау арқылы бағалау. Қызығушылықты ояту. Кіріспе тапсырма. «Тыныс алу – тыныс шығару». Мақсаты: Тыныс алғанда және тынысты шығарғанда ауаның ағзаға ықпалын түсінеді. Оқушылардың қолдарын кеуделеріне қойғызып терең дем алуларын сұрау.Әдетте, біз өзіміздің қалай тыныс алғанымызға мән бермейміз. -Терең тыныс алғанда қандай өзгеріс байқалды? -Қабырғамыз жоғары көтерілді ме? -Ал енді демімізді сыртқа шығарып көрейік. Не өзгерді? - Қане, бәріміз аузымызды жауып, мұрнымызды қысып тұрып демалып көрейік. (уақытты белгілеу) -Не байқадыңдар? ( тыныс алғымыз келді) Демді қалай ұзақ ұстап тұруға болады? (Бірнеше секунд қана ) ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы Мұғалім : Бірнеше секунд қана демді іште ұстай аламыз,тек арнайы жаттыққан адамдар ғана бірнеше минут демалмай тұра алады. - Адам тыныс алу үшін не қажет?
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Бүгінгі сабақта тыныс алу үрдісіне қатысатын мүшелермен танысатынын, тыныс алу жүйесі қалай құрылғандығын зерттейтінін хабарлау. -Балалар, бүгінгі сабағымызда тыныс алу мүшелері қалай аталатынын және қандай болатынын меңгереміз. |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 4 минут 4 минут 7 минут 2 минут 4 минут 7 минут 2 минут |
Қалай дұрыс тыныс алу керек? Мақсаты: Мұрын қуысының ерекшеліктерін сипаттау. -Мұрындарыңа алақандарыңды тосып,баяу тыныс алыңыздар.Нені сездіңіздер? (шыққын жылы демді сезді) Оқулықпен жұмыс. Жаңа материалмен жұмыс. Оқушылар өз бетінше оқулықтағы сурет бойынша мұрын қуысының ерекшеліктерімен танысады. Оқулықтағы сурет бойынша мұрын қуысының ерекшеліктерін оқушыларға баяндату.
Мұғалім: Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесі деп аталады. Суық ауа мұрын қуысында жылынады, ал ыстық ауа салқындайды және өз жылуын қан тамырларына береді.Барлық тыныс жолдары шырышты қабатпен қапталған.Ол микробтарды,шаң-тозаң мен зиянды заттарды сүзіп қалады. Бейнеанимация көру. Көргендерін сипаттау. Тыныс алу жүйесі. Оқушылар жұптасып тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жататынын талдайды. Талқыланатын сұрақтар: Сурет бойынша тыныс алу жүйесі неден тұратынын ата.
-Тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жатады? (Мұрын,кеңірдек,ауатамырлары,оң жақ өкпе және сол жақ өкпе) -Тыныс алумүшелері қайда орналасқан? (Қабырға астында,көкірек қуысында) -Тыныс алу мүшелеріне қандай мүшелер жатады? ҚБ. Түстер арқылы бағалау. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Дереккөз түрлерін анықтай алуды үйренеді, тыныс алу жүйесі құрылысының ерекшелігі мен орналасу ретін үйреніп, оларды атап көрсете алады, тыныс алу жүйесі қалай құрылғандығын анықтайды, зерттеу жұмысы барысында модель құрастырады. Оқушыларды тақырыпқа сәйкес ұғымдарды пайдаланып бірнеше топтарға біріктіру. Ресурс таратып беру: қағаз парақтар, жапсырма, фломастер,өкпе, Мұрын қуысы,кеңірдек суреттері,желім. Топқа бөлу.
Топ ережесін құрастыру. Модель жасау.Топтық жұмыс. «Тыныс алу жүйесі қалай құрылған»
Оқушыларға тыныс алу мүшелерінің суреттерімен адам макетін беру. Оқушылар тыныс алу мүшелерінің суреттерін қияды, бояйды және жабыстырады. Басқа парақтарға тыныс алу мүшелерінің атауларын жазады. Дайын суреттерді адам сұлбасына орналастырады және жазылған атауларын сәйкестендіріп жабыстырады. Жұмыстарын сынып алдында қорғайды, тыныс алу мүшелерінің қызметі жайлы толық түсіндіреді. Басқа топтар өз жұмыстарымен салыстырады, толықтырулар енгізеді. Зерттеу жұмысын қорытындылау. Басқа топтардың нәтижелерімен танысып, талдау. Өз жауаптарымен салыстыру. Модельдеу барысында қойылатын жетекші сұрақтар:
ҚБ.Бағдаршам түстері арқылы бағалау.
Сергіту сәті. «Дирижер мен оркестр» Жұптық жұмыс. Оқушылар тыныс алу жүйесін құрайтын мүшелер туралы мәліметтерді жұпта толтырады. Мәтін бойынша алған білімдерін тексеру үшін берілетін тапсырма. 1. ...................... өкпе болады: а) төменгі, жоғарғы; ә) оң жақ, сол жақ ; б) кіші және үлкен. 2. Тыныс алу мүшелері: а) жұтқыншақ, бауыр, асқазан; ә) ауыз, өңеш, ішек, өкпе; б) мұрын, кеңірдек, ауатамырлар, өкпе 3. Өкпенің дене бөлігінде орналасуы- а) асқазанда ә) бұлшық етте б) кеуде қуысында 4. Тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі-.... а) мұрын ә) өкпе б) кеңірдек 5. Өкпеде қандай үдеріс жүреді? а) фотосинтез ә) газалмасу б) оттегі Дескрипторы:
ҚБ. Смайликтер арқылы бағалау.
Жеке жұмыс. Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері: 36-жұмыс парағы. Тыныс алу мүшелері қалай жұмыс істейді?» Тыныс алу мүшелерінің қызметі. Оқушылар тыныс алу мүшелерін олардың қызметінің сипаттамасымен сәйкестендіреді.
Өкпенің ауадағы оттекті қанға сіңіретін мүше екендігін біледі; Ауатамырлардың бірнеше тармақтарға тарамдалған, ауаны өкпеге өткізетін мүше екендігін біледі; Кеңірдектің тыныс алғанда және тыныс шығарғанда ауа өткізетін мүше екендігін біледі; Мұрын ауаны жылытып, ылғалдандыратын мүше екендігін біледі. ҚБ.Смайликпен бағалау. Көмекші сөздерді қолдана отырып, сөйлемдерді толықтыру. Қалыптастырушы бағалауға ұсынылған тапсырмалар. Тыныс алу мүшелерін кластер құрып жаз.
Үйге тапсырма: Тыныс алу мүшелері туралы ақпараттар жинақтау. Оқушыларды суреттер арқылы мадақтау, бағалау. |
Оқулық Оқулық А3қағазы,маркерлер,өкпе, Мұрын қуысы,кеңір дек суреттері, желім Бағдаршам түстері
Үлестірме парақшалар Жұмыс дәптер, смайликтер Үлестірме парақшалар Суреттер |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия: Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі, сол баспалдаққа өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады. Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына боялған бұлттың суретін салады.
|
Парақшалар «Жетістік баспалдағы» Түрлі-түсті қарындаштар |
|||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық пен қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||||||
|
Мұрын қуысы туралы ақпараттар жинақтау. Тыныс алу мүшелері жайлы сөзжұмбақ, ребус құрастыру. |
Мәтін бойынша білімдерін тексеру, модель жасау тапсырмаларын бағалау. |
Топтық жұмыс жасағанда тәртіп ережелерін сақтау. |
|||||||||||||||||||||||||
Махамбет ауданы
Алға орта мектебі
Тыныс алу мүшелері
Сынып: 3 «Ә»
Бастауыш сынып мұғалімі: Ележанова Айжан
2018-2019 оқу жылы










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген