400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тыныс алу мүшелері. 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздармен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 19.11.2018ж

Пәні: Жаратылыстану


Мектеп: №169 мектеп-лицейі

Мұғалім: Садықова Мейрамкүл Ералханқызы

Сынып: 3 «Г»

Сабаққа қатысқандар:   27

Сабаққа қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алу мүшелері.

Оқу мақсаты

3.2.3.3 тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Сабақ мақсаттары

Тыныс алудың ішкі ортада қалай жүретіндігі, тыныс алудың негізгі орталығының жұмысы, қорғаныш рефлекстері, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда қандай көмек көрсетуіміз керектігі туралы түсінік қалыптастыру.

Барлық оқушылар: тыныс алу мүшелерін танып біледі.

Оқушылардың көбісі: тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда қандай көмек көрсетуіміз керектігі туралы біледі.

Кейбір оқушылар: тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін талдайды.

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

1. Тыныс алу мүшелерінің құрылысын жіктей алса;

2. Тыныс алу мүшелерінің қызметін білсе;

3.Тыныс алу мүшелерінің маңызын түсінсе;

3. Тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда қандай көмек көрсету керектігін білсе

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Адам ағзасындағы тыныс алу  қалай жүретіндігін түсініп, сөздіктерді нақты қолданып, дұрыс сөйлей біледі, ойын дұрыс жеткізе алады.

 Пәнге қатысты лексика және терминология

Өкпе, ауатамырлар,кеңірдек.

Құндылықтарға баулу

Жауапкершілік, өмір бойы оқу, ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Физика, химия,  медицина саласымен байланыс

Алдыңғы білім

Асқорыту жүйесі.

  Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

     Басталуы

Жалпы

«Құбыр»әдісі .

3 минут













Үй тапсырмасын сұрау (Білу): «Постер қорғау » әдісі және «Кластер »әдісі арқылы.

 8 минут



































«Броуындық қозғалыс» әдесі.

2 минут

















«Миға шабуыл» әдісі



5 минут

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар ақ парақтан құбыр жасап, сол арқылы теннис добын біріне –бірі бір ауыз тілек арқылы өткізіп түсіріп алмау керек. Яғни бұл әдіс бірлікке, достыққа тәрбиелейді.



Үй тапсырмасының тақырыбына байланысты 3 топқа тапсырмалар беріледі.

1-топ. Асқорытуға қандай ағзалар қатысады?

(суретті сипаттау)




2-топ. Асқорыту қандай кезеңдерден тұрады?

(модельін жасау )


3-топ. Асқорыту жүйесінің қызметі дұрыс жұмыс жасау үшін қандай тағамдарды тұтынған дұрыс?

(бала суреті және қоқыс жәшігі )


Әр топ өз жұмыстарын талдап түсіндіріп кетеді.





Оқушыларды топқа бөлу:

Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша жинап сол сурет бойынша топқа бөлініп отырады.





1-топ. «Ауыз»

2-топ. «Өкпе»

3-топ. «Мұрын»









Оқушыларға бейнебаян көрсетіліп, ой-қозғау сұрақтары қойылады? Сол сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

1 .Бейнебаяннан не байқадыңдар?

(оқушылардың жауабы тыңдалады)

2.Балалар сендер ауа дегеніміз не екенін білесіңдер ме?

Оқушы жауабы: ауа түссіз,иіссіз газ

3.Ауаның адам баласына пайдасы қандай?

Оқушы жауабы:ауамен тыныс аламыз

4.Адам ауасыз өмір сүре ала ма?

(оқушылардың жауабы тыңдалады)

 (Сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады )





А4 парақтары, теннис добы,шыны ыдыс.



Бағалау парағы

































Интербелсенді тақта, бейнефильмдер




















Білімді жаңғырту

7 минут













 







Сергіту сәті

 5минут



 Практикалық жұмыс









 10минут













Қорытындылау.



 



























Кері байланыс

























Үйге тапсырма


 Жаңа тақырыпты меңгеру. Топтық жұмыс (Түсіну)

Жаңа тақырыпты ашу үшін 3 топқа тапсырма беріледі.
Осы тапсырмалар бойынша оқушылар өз түсініктерін ортаға салады.


1-топ. Тыныс алу мүшесі неден тұратынын атап көрсету,олардың реттелуі.(макетпен жұмыс)


2-топ. Тыныс алу мүшелерінен модель жасап шығу.


3-топ. Өкпе дұрыс қызмет атқару үшін не істеу керек және қандай әрекеттерден аулақ болу керектігін екіге бөліп көсету.

Оқулықпен жұмыс жасау

-оқушылар сұқ саусағын ұстап дауыстап оқу.

-жұмыс дәптерімен жұмыс.





Тыныс алуға зейін қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай,түзу отыруыңызды өтінемін.Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз.Тыныс алуға зейін қойған кезде,біздің ақылымыз дем алады .Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз .Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне,дайындалайық балалар.Көзімізді жұмамыз арқамызды тіктейміз,қолдарыңды тізеге қоюға болады.Дем ал......шығар (жаймен 9-10рет)немесе 1.......2





Тыныс алу тоқтап қалған кезде көрсетілетін  алғашқы көмек көрсету.

Жасанды тыныс алу жолдары.

  а) аурудың басын шалқайта қатты заттың үстіне



жатқызу;          
  ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау;
  б) мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу;

в) суға кеткенде етпетінен жатқызып, өкпесін судан тазартып құстыру;    
  г) жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу;
  д) әрбір 5–6 рет басқаннан соң аузына ауа үрлеу;
  е) тамыр соғуын ұдайы тексеріп (қадағалау) тұру.

      Жасанды тыныс алуда көрсетілетін жәрдем (бағдарша кеуде қуысын қолмен басу бағытын көрсетеді







Бағалау

№

Үй жұмысына қатысуы

Жаңа сабаққа қатысуы

Оқулықпен жұмысы

Практикалық жұмысы

Топпен жұмысы





















Бағалау парақшасы арқылы әр топ өз-өздерін бағалап отырды,сабақ аяқталған кезде әр бала өзі жауап береді.

Оқушыларды оқу құралдарымен бағалау







54-55 бет әңгімелеп келу








Интербелсенді тақта, бейнефильмдер







Плакаттар ,қайшы ,маркер,адам макеті







Интербелсенді тақта, бейнефильмдер,әуен



 



Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды  жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді  көздейсіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтар мен байланыс (тәрбие)

Дифференциация сабақтың көпшілігі үшін осы кезеңде жүргізіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға үлестірме материал тарату арқылы қолдау көрсетуге болады, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейту  қажет.


Сабақта   бағалаудың әдеттегі әдістерін қолдануға болады. Алайда бағалау бұл жерде формальды емес болғаны дұрыс: мұғалім түсініктерді тереңдетуге дейін апарып, сұрақ қою арқылы оқушыларды толық сұрап шығады және жеке оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін анықтауға тырысады.

Тапсырмалар берілген құрылымды парақтар көмегімен

Сабақта топтық жұмыс істеу және  нәтижелерді басқа оқушылармен ауқымды пікірталас жүргізуарқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным жоспарлағандай  жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізуім қажет және неліктен?

Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі әрекетті атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі әрекет сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы   қандай ақпаратты алдым?











Алматы қаласы Алатау ауданы

№169 мектеп-лицейі



Тексерілді:_________

«19» қараша 2018 ж.











Ашық сабақ

Тақырыбы: «Тыныс алу мүшелері»







3 «Г» сынып

Сынып жетекшісі: Садықова М.Е







Алматы 2018ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі