жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары
Пәні: Алғашқы әскери дайындық пәні
Мерзімі: 14.02.2020 жыл
Сыныбы. 11 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда. Мемлекеттің əскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері Білімділік: Оқушыларға Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздерін және ҚР-ның әскери доктринасы мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз пікірін еркін жеткізу, сараптау, қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру:
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, жауапкершілікке дәріптеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Өткізілетін орны: АӘД оқу кабинеті.
Көрнекі құралдар: АӘД оқулығы, «ҚР Әскери доктринасы», ҚР Конституциясы «Қазақстандық патриотизм» папкасы Күтілетін нәтиже: Оқушылар ҚР ҚК құрылуының заңдық қағидаларын, әскери докрина мазмұнын ажыратып, негізгі мәліметтерді баяндай алады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау»
Жастардың саптық дайындығы не үшін қажет?
Саптық адым қандай жағдайларда жүзеге асырылады? ü Саптың қандай элементтерін білесіздер?
Бір орында және қозғалыста сәлемдесу және оған жауап беру қалай жүргізіледі?
Негізгі бөлім (топтық талқылау, мәтінмен жұмыс, қорғау, қарама-қарсы сұрақтар) Негізгі мәлімет — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, әскери ұйымды дамытуға, Қарулы Куштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға көзқарастар жүйесін білдіреді.
ҚК-дің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бейбіт уақыттағы негізгі міндеттері:
1) жауынгерлік әлеуетті, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, мемлекеттік шекарадағы немесе Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі төмен қарқынды әскери жанжалдарды, кез келген заңсыз қарулы күш көрсетулерді оқшаулауды және жолын кесуді қамтамасыз ететін деңгейде бейбіт уақыт штатында басқару органдары мен әскерлердің дайындық дәрежесін қолдау;
2) әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыдан маңызды учаскелерін бүркемелеу;
3) Қазақстан Республикасының аумақтық теңізінде, құрлықтық қайраңдарында және экономикалық аймағында Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау;
4) ерекше маңызды және стратегиялық объектілерді күзету;
5) орташа немесе жоғары қарқынды жанжал қатері туындаған жағдайда Қарулы Күштерді стратегиялық өрістетуге әзірлікті қамтамасыз ету;
6) диверсиялар мен террористік актілерді болдырмау және жолын кесу;
7) елдің кез келген ауданында ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шешуші іс-қимылдарға әзірлікті көрсету;
8) төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз етуге қатысу;
9) авариялардың, экологиялық апаттардың, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға қатысу, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы дүлей зілзаладан зардап шеккен аумақтардың халқына көмек көрсету;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес бітімгершілік, гуманитарлық және өзге де операцияларға қатысу.
2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы мен «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысында елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметі делінген. — Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің дербес ҚК–ін құру міндеті тұрды. 1991 жылы 25 қазанда ҚРП Жарлығы бойынша Қазақ ССР-інің мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. — ҚР ҚК-не басшылықты ҚРП – Жоғарғы бас қолбасшы жүзеге асырады, ал тікелей басқару – ҚР Қорғаныс министіріне жүктеледі. Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болып армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды. — ҚР ҚК-нің құрамына 40 – жалпы әскери армия, ӘӘК және ӘШҚҚ әскерлері, сондай-ақ оларға қызмет көрсету және қамтамасыз ету бөлімдері мен құрамалары кірді. Әскерді тікелей басқару және ТМД мемлекеттері Қорғаныс министрлігі ведомстваларымен бірлесе басқару жүйесі құрылды, әскерге медициналық қызмет көрсету, оларды материалдық-техникалық қаражатпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Осылайша Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР ҚК –ін құруды заңды түрде бекітті. — Бүгінде Қазақстан өз азаматтарының әскери қызметін өтеу шарттары мен тәртібін дербес анықтайды, республика аумағында қару-жарақ пен техниканы, әскерлерді орналастыру мәселелерін шешеді. — ҚР-ның Конституциясында «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскериленген құрамалар құруға тиым салынады» делінген. — Қоғам қорғаныштығының тағы бір кепілі — әскери қызметшілердің қандай да бір саяси партияны қолдауына немесе оған қатысуына жол бермеу болып табылады.
Ойтолғаныс Қорытынды бөлім
Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
ҚР ҚК-ін құруға не ықпал етті?
Қазақстанның ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай заңдылық негіз құрылды?
ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?
Әскери доктринаның бағыттары қандай?
Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?
Әскери доктринаның басты мақсаты не?
Шығу сәті Нені білемін? Нені білдім? Нені үйренгім келеді?
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру: тақырыпқы оқу.
Пәні: Алғашқы әскери дайындық пәні
Мерзімі: 17.02.2020 жыл
Сыныбы: 11 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Саптық дайындық. саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу. Білімділік: Оқушыларға АӘД пәнінің басты міндеттері мен сүйенетін заңнамаларын еске түсіріп, саптық адымның қолданылу реті мен жағдайларын, саптық адыммен қозғалыс кезінде жүзеге асырылатын пәрмендер бойынша іс-әрекет жасауды үйрету. Дамытушылық: Саптық жүріс дағдыларын, пәрменге сай дұрыс әрекет етуге, бірігіп жұмыстануға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отан алдындағы борышкерлікке, жауаптылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Өткізілетін орны: саптық алаң
Көрнекі құралдар: «ҚР Заңнамасы» жинақ папкасы, «Саптық дайындық» плакаты Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында саптық адым элементтері мен жүзеге асырылатын пәрмендерді, міндеттерді ажыратып, дұрыс орындай біледі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру
— Оқушылар, алғашқы әскери дайындық сабағынан 10 сыныпта нені үйрендіңіздер?
— Нені білемін? Нені үйрендім?
Мағынаны тану
Жоспар:
АӘД пәнінің негізгі заңнамасы
Саптық адым: сипаттамасы, орындалуы Жастарды әскери дайындауға негіз болып табылатын құжаттар: 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңынан: 10-бап. Бастапқы әскери даярлық Азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі. «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы - - ----Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысынан: Бастапқы әскери даярлық: 1) Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, мемлекеттің қорғаныс негіздерін зерделеу; 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қастерлі міндеті ретінде әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының негізгі талаптарын түсіндіру; 3) әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен және тұрмысымен таныстыру; 4) қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды алу, төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру мақсатында жүргізіледі. — Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады. Адыммен қозғалыс жасау минутына 165 — 180 адым, адымның шамасы 70 – 80 см. Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 110 — 120 адым, адымның шамасы 85 – 90 см. — Адым саптық және жорықтық болады. — Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады. Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады. — Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады. Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады. Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек. — Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек. Қозғалыс Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады. Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы — 70-80 см. Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы — 85-90 см. Адым саптық және жорықтық болады. Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады. Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады. Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен — БАС» командасы бойынша басталады. Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым — БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді. Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде (3-сурет) аяқтың ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды. Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға — оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа — иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек. Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек. Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек. Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре — БАС» командасы бойынша басталады. Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек. Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек. Жүгіруден адымға ауысу үшін «Адым — БАС» командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек. Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым — БАС» (қозғалыста — «Орныңда») командасы бойынша жасалады. Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек. . Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов — Тоқта». Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек. . Қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: «КЕҢ АДЫМ», «ҚЫСҚА АДЫМ», «ЖИІ АДЫМ», «СИРЕК АДЫМ», «ЖАРТЫ АДЫМ», «ТОЛЫҚ АДЫМ». . Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым — БАС». Осы команда бойынша әр адымнан кейін аяқты жерге қоя отырып, онға (солға) екі адым жасау керек. Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Екі адым алға (артқа), адым — БАС». Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге қою керек. Оңға, солға және артқа ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасалмайды
Ой толғаныс. Пысықтау сұрақтары:
- «Алғашқы әскери даярлық» сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сәйкес жүргізіледі?
- Саптық адым қай кезде қолданылады?
- Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген