Білім
беру саласы: Таным,шығармашылық.
Бөлімі:
Тіл дамыту,жаратылыстану,сенсорика.
Тақырыбы:
«Тышқандар балаларда қонақта».
Мақсаты:
Балардың тіл байлықтарын дамыту, сөздік
қорларын жетілдіру, логикалық ойлау
қабілеттерін,грамматикалық жүйелерін
дамыту. Заттардың үлкен және кіші түрін
ажыратып атау,түстерді
ажырату(қызыл,жасыл,сары,көк).Түйсіну
процесін дамыту,құмның құрылымын
таныстыру.Судың құрамы туралы мағлұмат
беру.Тәрбиелеу барысында өз бетінше
жұмыс істеу, мақсатқа жету. Балалады
қоршаған ортаға деген қамқорлық,сүйіспеншілік
сезімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
орындық, төсеніш,құм салатын астау,құм
илейтін елек,түтікше,билейтін тышқан,
кішкентай тышқандар, юбка гүлді
қалташаларымен. Жеміс,көкөністер,
түлі-түсті табақтар,жылы және салқын
су кірлендерімен.
Ұйымдастырылған
оқу-қызметінің барысы:
Балалар:
Шаттық шеңбері
Шеңбер
құрып тұрайық,
Күнге
мойын бұрайық.
Қуанайық
күлейік,
Күннен
шуақ алайық,
Қонақтарға
сыйлайық.
Сәлеметсіздер
ме, қонақтар! (екі тілде)
Балалар
шеңбер бойына отырады.
Тәрбиеші:
Балалар, Тышқандардың анасы балаларының
ауырып қалғанын айтып еді маған, барып
көруімді өтініп еді.Мүмкін бірге барып
көреміз?
Тәрбиеші:
балалар, Тышқанның үйіне қонаққа
барайық,құры бармай сыйлық жинап,оларды
салып,аттарын аттап тышқандарға апарайық.
Тәрбиеші
алдынала төсеніштерді төсеп,орындықтарды
қойып қояды.
Балалар
тәрбиешінің нұсқаулығын орындайды.
Топ-топ
балақан,
Жолмен
қане жүреміз.
Түзу
жолдар біздерді,
Тышқан
үйіне апарады.
Балаларды
тышқан қарсы алады.
Тәрбиеші:
Сәлематсың ба, Тышқан?Біз саған қонаққа
келдік,құры қол келгенжоқпыз сыйлық
әкелдік.Сенің балаларың қайда?
Тышқан:
олардың бәрі қашып кетті.Мен оларды
таба алмай жатырмын.
Тәрбиеші:
Біз саған балаларыңды табуға көмектесейік.
Дидактикалық
ойын: «Тышқанды тап!»
Тышқан
ойын ойнайтын түлі-түсті қалталы юбкада
тұрады.
Тышқан:
балалар,білесіңдер ме, менің балаларым
тығылғанды жақсы көреді. Сендерге өтініш
балаларымды тауып беріңдерші.
Тәрбиеші:
балалар маған қызыл түсті қалтаны тауып
беріңдерші,Тышқанның киімінен?Қалтаның
ішінен үлкен және кіші Тышқандар шығады.
Балалар
тапсырманы орындайды және тышқанның
үлкен не кіші екенін ажыратып береді.
Тәрбиеші:
Тышқан біз баларыңды таптық,сыйлықтарыңды
алыңдар!
Тәрбиеші:
балалар үстелге жайғасып отырайық.
Тышқан:
ой,мына жерде бәрі араласып кетіпті.
Тәрбиеші:
Тышқандарды тамақтандырамыз.
Балалар
тапсырманы бірге орындайды.
Дидактикалық
ойын: «Бәрін орын-орнына қой»
Үстелдің
үстінде тұрған заттарды ажыратып,орындарын
тауып тарелкаға салады.
Тәрбиеші:
жемістерді тышқандар жей ме?
Балалар
:Тышқандар,жеңдер,жеңдер
Бізде
сыйлық көп.
Сергіту
сәті: ??????????????
Балаларды
зерттеу қызметі: Құм және сумен жұмыс.
Тәрбиеші:
Тышқан сенің балаларың қай жерде
демалады? Олардың індері қайда?
Тышқан
: Менің інім жоқ, көмектесесіңдер ме
достарым!
Тәрбиеші:
Балалар,ін жасап береміз бе?
Балалар:
иә
Тәрбиеші:
балалар, үстелдің екі жанына жайғасамыз.
Тәрбиеші:
көрдіңдер ме,құмның қалай төгілетінін,
ал сендер білесіңдер ме,ол не үшін
төгіледі?
Балалар:
себебі құм құрғақ.
Тәрбиеші:
құмның түсі қандай?
Балалар:
сары
Тәрбиеші:
Осы құмнан тышқандарға ұя салуға бола
ма?
Балалар:
жоқ болмайды.
Тәрбиеші:
құмды ортаға үйіп көрейік.
Тәрбиеші
балалармен бірге құмды ортаға үйеді,бірақ
құм шашылып кетеді.
Ін
жасау үшін не істесек болады?
Балалар:
ол үшін дымқыл құмды пайдаланамыз.
Тәрбиеші:
балалар,дымқыл құмнан төбешік жасауға
болады.
Балалар:
иә
Тәрбиеші:
онда бәріміз бірге төбешік жасайық.
Құмның түсі өзгергенін балаларға
түсіндіру.
Тәрбиеші:
біз тышқандарға ін жасаймыз,ал тышқандар
жылы ұясында тыныш ұйықтайтын болады.
Жасалған ұяға тышқандарды орналастыру.Балалар
тапсырманы мұқият орындайды,бар ынталарын
салып.
Тәрбиеші:
жарайсыңдар,балалар!
Тәрбиеші:
балалар енді кірлендегі салқын және
жылы суға қолдарымызды жуамыз.
Тәрбиеші:
балалар бірінші кірлендегі су қандай
болды,ал екінші кірлендегі ше? Не
байқандыңдар? Қолдарын жуып болған соң
мына өлең жолдарын қайталайды.
Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан
жел еседі.
Кіп-кішкентай
ағаштар
Біп-биік
боп өседі.
Тышқан:
балалар,сендерге үлкен рахмет! Ін
салғандарыңа,түскі астарыңа. Енді
менімен бірге би билейсіңдер ме?
Балалар:
иә
Тышқан
балалармен бірге би билеп,қоштасып
шығып кетеді.
Балалар
балабақшаға оралады.
Бүгін
болған оқу іс-әрекетті сұрақ-жауап
арқылы қорытындылау.