400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ү дыбысы 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оүшылар тыңдалған материал бойынша өз пікірін айтады. Тақырыпқа әңгіме құрап айтады.Сөздерді дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айтады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сауат ашу

Күні: 09.12.2016 ж

Сынып: 1 «а»

Қатысқандар саны: 23

Қатыспағандар саны:1

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба достарым.

Амансыздар ма қонақтар!

Сабағымызды бастайық.

Жамандықты тастайық.

-Ал балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?

-Тәуелсіздік күні, жаңа жыл мерекесі.

-Ия биыл Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр.

-1991 жыл Қазақстан тәуелсіздік мемлекет атанды. Содан бері 16 желтоқсан күні Тәуелсіздік күнін атап өтеміз.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан.

-Қазақстан бас қаласын қалай атаймыз?

-Астана.

-Біздің Президентіміз кім?

-Н. Ә. Назарбаев

Өте жақсы.

-Ал, балалар ойын ойнайық.

«Болады, болмайды» деп аталады.

Балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды., егер ондай мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады.

1. Түлкі орманда кезіп жүреді.

2.Түлкі ағаш баснда отыр.

3. Үкі жайлауда жүр.

4.Мал жайлауда жүр.

5.Көбелек ағашқа өрмелеп шықты.

6.Маймыл ағашқа өрмелеп шықты.

7. Машина аспанда жүр.

8. Құс аспанда ұшады.

Өткен сабақты пысықтау

-Қандай дыбыс өттік?

-Ү дыбысы қандай дыбыс?

Ү дыбысы сөздің қай буында кездеседі?


Деңгейлік тапсырма

1. Нүктеге тиісті әріпті қой.

2. Сөзді буынға бөл.

3. Адасқан әріптен сөз құра.















Суреттер, бүктеме

Сабақтың ортасы



«Шай ішу» ойыны

Тақтаға бауырсақ ертегісінің суреті көрсетіледі. Кейіпкер-

лерін атайды. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық.сол арқылы Ү дыбысымен танысатын боламыз.

Миға шабуыл Жұмбақ

Баласын ертіп соңынан,

Сүңгіп, жүзіп, үйретті.

Су жұқпайтын тонына,

Кім білмейді ........? Үйректі

Қоянның тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс

1- тапсырма Мәтінді оқы.

-Қаладан кім келді?

-Оларды кім қарсы алды?

-Олар түсте қайда барды?

-Ауыл қандай екен?

-Балалар не істеді? Шаршады.

Өте жақсы.

2- тапсырма Жаңылтпашты жатқа айт.

Аша дегеніміз- қару орнына қолданылған болаттан екі айыр етіп соғылған құрал.Онымен қарсы шапқан жауды шаншылған.Қазақстанның кейбір аймақтарында айырды аша деп атайды. Айыр дегеніміз-бесақа

Қасқырдың тапсырмасы

3 –тапсырма Ү –ні қайдан табамын?

-Ал балалар мына суретке қараймыз.

-Мынау ненің суреті? Күн, сөзінде ү дыбысы қай буында келіп тұр?

Күрек сөзін буынға бөлеміз.

Неше буын. Ү дыбысы нешінші буында келіп тұр?

Гүл . неше буынды сөз. 1 буынды.

Бүлдірген неше буын.

-Мынау не? Ағаш

Ағаштың діңі неге ұқсайды?Ашаға ұқсайды және ү дыбысына ұқсайды.

4-тапсырма Сөзжұмбақты шешу үтік

-Неше дыбыс бар?

-неше дауысты, неше дауыссыз .

Аюдың тапсырмасы

Критерий бағалау тапсырмасы


Кесе











Оқулық













Суреттер












сөзжұмбақ

Сергіту сәті


Ведио ролик Ёлочка қимылдар жасайды

АКТ


Түлкінің тапсырмасы

Дәптермен жұмыс

Үсен, күн, үкі, күз көркем етіп жазу.

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық.

Ал, кәнеки Тәуелсіздік мерекесіне арналған кішкене өлеңдерімізді айтып жіберейік.

Топтық тапсырма Буындардан сөз құра.




дәптерлер.

Сабақтың соңы


«Кезбе тілші» әдісі

-Бүгін сабақ саған ұнады ма?

-Бүгін қандай дыбыс өттік?

-Ү дыбысы қандай дыбыс?

-Ү дыбысынан келетін сөзді айт.


микрафон

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.







Оқу ісінің меңгерушісі: Мусакулова К







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі