400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ү дыбысы және әрпі 1- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сабақ жоспарымда қолданған әдіс -тәсілдерімді әріптестерім қажетіне пайдаланып қалар деген ойым бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Бекітемін:



Күні : 13.12.2017

Сынып: 1Ә

Пәні: сауат ашу


Ұзақ мерзімді жопар:

2 -бөлім.Бізді қоршаған әлем

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Мұғалім: Ж.Ибраева

Сабақтың тақырыбы

82- сабақ Мен және табиғат. Ү ү дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану , ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.1.7.1 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту (ұнайды\ ұнамайды).

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Әріпті дыбыспен сәйкестендіреді.

  • Жиі кездесетін сөздерді дұрыс, тұтас оқиды.

  • Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады.

  • Көптеген оқушылар:

  • Берілген мәтінді түсініп оқиды.

  • Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қояды.

Кейбір оқушылар:

  • Тыңдалған мәтінге байланысты өз пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері

  • Берілген мәтін бойынша өз ойын білдіреді.

  • Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады.


Тілдік мақсат:

Ү дыбысы және әрпімен танысады. «Ү»-нің дауысты дыбыс ,сөз басында және ортасында кездесетінін біледі.Ү әрпі таңбасын салуды, сюжетті суретпен жұмыс жасайды.

Үміт, үтік, үй, күшік, күн сөздері

Үйрек - утка – dark

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Дыбыстың қандай түрлері бар?

  • Қандай дауысты дыбыстарды білесіңдер?

  • Ү дыбысы және әрпі

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды бір-бірін тыңдай білуге, сыйлауға дағдыланады. Оқушылар арасында ынтымақтастық қалыптасады .

Пәнаралық байланыс

Музыка, дүниетану,математика

Бастапқы білім:

Суретке қарап әңгіме құрайды.Дыбыстық талдау жасайды.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

40 мин

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Оқушылармен сәлемдесу. Үш тілде.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Здравствуйте, дети!

HeIIo childrens!

1.Психологиялық дайындық

Оқушыларға өлеңнің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау.Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, белсенділік танытуға баулу мақсатында таңғы шеңбер ұйымдастырамын..

Армысың досым,

Кел маған қосыл.

Алақанға салып алақан

Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.


Шаттық шеңбері










Сабақтың ортасы

25 минут
















































Ұжымдық жұмыс:

Балалар , экранға назар аударып, жұмбақтың шешуін

табайық.

«Үйрек» десең –бірінші,

«Түлкі» десең –екінші

Бұл қай әріп екенін

Біреу айтып берсінші. ( Ү)


-Балалар, бірінші қандай сөзді естідік?

-Үйрек

-Қандай әріптен басталып тұр?

-Ү

Үйрек сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

-Екінші сөз қалай аталады?

-Түлкі

-Түлкі сөзіндегі екінші әріпті айтайықшы.

-Ү

-Жарайсыңдар, енді түлкі сөзіне дыбыстық талдау жасайық.


Кері байланыс:

Олай болса, осы жұмбақта кездесетін үйрек, түлкі сөздерінің орысша, ағылшынша атауын кім біледі екен?

Үйрек – утка – dark

Түлкі – лиса – fox үш тілде айтады.

Бағалау: сыныпта белсенді болып, жауап берген оқушыны «Жұлдызша» арқылы бағалау.

Жарайсыңдар, балалар,олай болса сабақты бастамас бұрын топқа бөлінейік

Топтық жұмыс:

Оқушыларды табиғатқа байланысты топқа бөлу.

Күн, ай, жұлдыз


Shape1

Shape2


Әр топқа қима қағаздар таратамын. Сурет құрастырып, құрастырған заттың атын және қызметін атайды.

-Балалар , құрастырған суреттеріміздің атын атайық.

Осы заттар қандай дыбыстан басталып тұр?

-Ү

-үй, үкі, үстел сөздерін буынға бөлгізу.

Енді осы суретті қатыстырып,әңгіме құрайық.

Кері байланыс:

-Үй – біздің өмір сүретін тұрағымыз.

-Үкі - түнде ұшатын, жыртқыш орман құсы.

-Үстел ағаштан жасалады.

Бағалау: Бағдаршам түстері арқылы топ бір-бірін бағалайды.


Оқушыларға Ү ү әрпі туралы мағлұмат беру:

Ү ү әрпі – жіңішке дауысты дыбыс. - Ү дыбысын айтқанда ерін, тіл алға созылады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, иек көтеріледі.Ү әрпі сөздің басында, ортасында кездесетінін түсіндіріп,экраннан суреттер көрсетемін.

Үтік , күшік, үстел


Топтық жұмыс.

Әр топ суретке қарап шағын әңгіме құрастырады.Мультфильм не туралы?.

Мультфильмнің не туралы екенін фильм кадрлары бойынша мына сұрақтарды көмек ретінде пайдалануға болады?

Кері байланыс:

Қасқыр қайда және не істеп тұр? Түлкі, күшік, үкі ше?

Олардың әрқайсысы қасқырға қандай сыйлық ұсынды?Әңгімеден не ұқтыңдар?

Бағалау: топта бір -бірін бармақпен бағалайды


Оқулықпен жұмыс

№1 Тыңдалым.

Жәркен Бөдеш «Қандай жақсы!» өлеңін тыңдау.

Өлеңге талдау жасау.

Өлең ұнадыма? Не ұқтың?

Алма неше бөлікке бөлінді?

Неше бөлігі достарына берілді?

Достары неге таңдайларын қақты?

Кері байланыс

Оқушылардың ойын білу мақсатында ал сендерде бір алма болса не істейтін едіңдер?

Балаларға өлеңдегі іс – әрекетті түсіндіре отырып, табиғи алманы бөліп әкеліп, жеуді ұсынамын.


Оқылым. Оқулықтағы сөздерді оқушылармен буындап, тұтас, түсініп , дауыстап оқуды ұйымдастырамын.

Үн үш сүт күшік түлкі

күн күш күт күміс күлкі













Shape3







































Таныстырылым







































Аудиожазба


оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті

Үш тілде әуенмен сергіту сәтін қимылдай отырып жасайды.
















7.Дәптермен жұмыс

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.

Дәптерлерді ашайық,

Қолға қалам алайық

Ү әріпін бүгінгі

Әдемілеп жазайық.

Ү әрпінің жазылуын тақтадан көрсету, ауада жазғызып үйрету (бейнежазба)

Ү әрпінің баспа түрі және жазба түрімен таныстыру.

Дәптерімізге Ү әрпін көркем жазу.Сөздерді қатесіз жазғызу.

(элементтерін салу )


Бағалау: смайликтермен бағалаймын.







Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

10мин








Қалыптастырушы бағалау

1.Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану, бағалау

Бағалау критерийі:

  • -мәтінге қатысты пікірін айтады.

  • -Өз көзқарасын түсіндіреді.


Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Марат пен Нұрлан тоғайға барды. Олар бұта арасынан ұя тауып алды.

Ұяда балапандар бар екен. Олар балалардан қорқып шиқылдай бастады.

Бір кезде балапандардың енесі ұшып келді. Бірақ ұясына қонбай, балалардың үстінен айнала ұшып жүрді. Балалар ұяның қасынан кетіп қалды.

Дескриптор:

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтінге қатысты пікірін айтады және себебін түсіндіреді.


Кері байланыс:

  • Мәтін не туралы?

  • Құс неліктен ұясына қонбады?

  • Балалар ұяның қасынан неге кетіп қалды деп ойлайсыз?

Балалардың іс-әрекеті дұрыс па?

2. Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану

Бағалау критерийі:

  • -Сюжетті суреттерді сипаттайды.

  • -Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Суреттерге мұқият қараңыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.

Дескриптор:

  • сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырады;

  • мәтінді жүйелі әңгімелейді.

Кері байланыс

  • Әңгімеден не ұқтыңдар?

  • Мысық пен күшік сияқты араз болуға болама?

Рефлексия

  • Дыбыс,әріп деген не? (айтамыз, естиміз, жазамыз, көреміз)
        Буын неден құралады? (әріптен)
        Сөзден не құралады? (сөйлем).

  • Бүгін қандай әріппен таныстық?

  • Бүгінгі сабақта қандай тапсырма қиын болды?

  • Қандай тапсырманы қызығып орындадыңдар?

  • Кім досынан көмек сұрады?

Олай болса , бүгінгі сабағымызда сабақта жеткен жетістігімізді бағалайық.

«Алтын күн»



Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді күн бейнесіне үлкен және кіші сәулелерді жабыстыру арқылы кері байланыс беру.

Мен көп сөз үйрендім» - үлкен сәуле.

«Маған қиын болды» кіші сәуле.

Shape4

Shape5

Shape6













Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техналогиясы

ның сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға: тірек сөздер арқылы сөйлем құрауды ұсынамын.

Гүл, құмыра, бөлме, табиғат


Қабілеті төмен оқушыларға: Берілген сөздерді буынға бөліп жазуды ұсынамын

Кі – тап, қар – мақ, үй, бүр –кіт, ор –ман, гүл.

-Топтық жұмыс «Басбармақ» арқылы

- Смайлик (оқушыларды ынталандыру мақсатында )

- Бағдаршам (оқушылардың тапсырманы нақты түсінгенін анықтайды)

Ұжымдық жұмыс барысында жұмбақ шешуде «Жұлдызша» арқылы мадақталады.

Дәптермен жұмыс смайликпен бағаланады.

қаламды дұрыс, тиімді пайдалану.

Жазу кезінде ережеге сай отыру.



№99 орта мектеп















Пәні : Сауат ашу

Сыныбы: 1 «Ә»

Тақырыбы : Ү дыбысы және әрпі

Орындаған : Ж. Ибраева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
775
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі