400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ ҰБТ-ке бірге дайындалайық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бітіруші түлектерге жүйке жүйесіне түсетін күшті жеңудің қарапайым психологиялық әдістерін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



03.12.2019

ҰБТ-КЕ БІРГЕ ДАЙЫНДАЛАЙЫҚ!


DrawObject1

ТАҚЫРЫБЫ:  ҰБТ – КЕ БІРГЕ ДАЙЫНДАЛАЙЫҚ! ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АҚПАРАТ САҒАТЫ

DrawObject2

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз-өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру.

Түрі: ақпарат сағаты

Көрнекілігі: А4 беттері, психологиялық әуендер, түрлі-түсті фломастерлер

Жоспары:

  • Сәлемдесу. Сұрақтарға жауап беру.

  • «Күншуақ» жаттығуы;

  • «Ашудың хаты» жаттығуы;

  • «Тоғай тілегі» қорытынды.

  • «Біржола құтылу» жаттығуы

Барысы:

Тәрбиеші: Жалпы кез-келген сынақ күйзеліспен, қорқынышпен, үреймен байланысты. Әр адам өз даралығымен ерекшеленеді. Сондықтан, баршаға психологиялық көмек боларлықтай бір ортақ кеңес беру, психотехнологияны баяндау мүмкін емес. Дегенмен ҰБТ-да табысқа жетуде тиімді болатын кейбір жалпылық сипаттағы психологиялық мәселелерге тоқталайық.


Оқушылар барлығы бір-бірімен сәлемдесіп, мына төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.

  • Бүгінгі көңіл – күйің қалай?

  • Өзіңді қалай сезініп жүрсің?

  • ҰБТ-ға дайындығың қалай?

  • Сені мазалайтын қандай қиыншылықтар бар?

  • How is your mood today?

  • How do you feel?

  • How do you prepare for the UNT?

  • What are some of the challenges that are bothering you?

  1. «Сәлемдесу»

Топты 3 топқа бөлеміз. Бір топ «европалықтар», екінші топ «африкалықтар», үшінші топ «жапондықтар» болып бөлінеді. Европалықтар қол ұстап, жапондықтар қолдарын бір-біріне түйістіріп, басын иеді, ал африкалықтар орнында секіріп, «уу» деп айғайлайды.

Талдау: жаттығу барысында қандай эмоцияларды сезіндіңіз.

«Күншуақ» жаттығуы.

Бұл жаттығудың шарты бойынша, әр қатысушы берілген А4 беттеріне күн шуақтың суретін салады. Өзінің алдына қойған мақсатын және сол мақсатқа жету жолдарын жазады. Қатысушылардың әрқайсысы өз мақсаттармен таныстырады. Уақыт 10 мин беріледі. «Бәйтерек» жаттығуында қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа А4 беттері беріліп, «Бәйтерек» жасау керек. «Бәйтеректі» тек А4 беттерінен жасағанда қайшы, желім т.б. қолданылмайды. Уақыт 20 мин беріледі. Бұл жаттығуда қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын, қобалжуын, белсенділігін т.б сезімдерін байқауға болады.

«Ашудың хаты» жаттығуы.

Өзіңізді ашуландыратын немесе жек көретін адам туралы ойланыңыз. Енді сол адамға хат жазыңыз. Хатыңызда ол адамды көргенде, оның ескерту сөздерін естігенде, не айтқыңыз келетінін соны жазуға болады. Хатты жазып болған соң, жыртып тастауға болады.

«Тоғай тілегі»

Әр қатысушыға жапырақтар беріледі. Жапырақтарға өздерінің тілектерін, ұсыныстарын, ойларын жазып, «Тоғай тілегіне» жапсырады. Соңында жүргізуші сабақты қорытындылайды.

«Біржола құтылу» жаттығуы

Мақсаты: Әрбір қатысушының өз өміріндегі ең жаман нәрсені, бойындағы өкпе реніштерін, қорқынышты жағдайларын жазу ұсынылады. Жазып болған соң ол қағазды жыртып қоқыс салатын жәшікке салу ұсынылады.

Рефлексия «Бес саусақ»

Қорытынды:

Осымен бүгінгі кездесуміз аяқтала келді. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Әр уақытта жаддыраған көңіл-күй, қуанышты күндер тілеймін. Алдағы үлкен сынақ ҰБТ-дан сәтті шығуына тілекшімін. Қош сау болыңыздар.












Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мекеп-интернатында 2019 жылдың 3 желтоқсан күні 11 «Ә»-сыныбында

«ҰБТ-ке бірге дайындалайық!» тақырыбында өткізілген ақпарат сағаттың

ХАТТАМАСЫ


Қатысуға тиісті-21

Қатысқаны – 21


Күн тәртібінде:

  • «ҰБТ-ке бірге дайындалайық!» тақырыбындағы сабақтың әдістемелік қаралуы.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Бекзулда Назерке сөз алып, оқушыларды «ҰБТ – ке бірге дайындалайық!» тақырыбындағы тренингтің мақсаты және өткізілу жоспарымен таныстырып өтті. Оқушылар барлығы бір-бірімен сәлемдесіп, тәрбиеші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылардың ой пікірлері тыңдалып, ортаға салынды.

«Сәлемдесу» кезеңі бойынша топты 3 топқа бөліп, бір топ «европалықтар», екінші топ «африкалықтар», үшінші топ «жапондықтар» болып бөлінді. Европалықтар қол ұстап, жапондықтар қолдарын бір-біріне түйістіріп, басын иіп, ал африкалықтар орнында секіріп, «уу» деп айғайлады. Жаттығу барысында қандай эмоцияларды сезінгендігін оқушылар ой бөлісті.

«Күншуақ» жаттығуы бойынша бұл жаттығудың шарты бойынша, әр қатысушы берілген А4 беттеріне күн шуақтың суретін салып, өзінің алдына қойған мақсатын және сол мақсатқа жету жолдарын жазып, оқушылар әрқайсысы өз мақсаттармен таныстырды.

«Бәйтерек» жаттығуында қатысушылар екі топқа бөлінді. Әр топқа А4 беттері беріліп, «Бәйтерек» жасау керек. «Бәйтеректі» тек А4 беттерінен жасағанда қайшы, желім т.б. қолданылмады. Уақыт 20 мин берілді. Бұл жаттығуда қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын, қобалжуын, белсенділігін т.б сезімдерін байқауға арналған тренинг болды.

«Ашудың хаты» жаттығуы бойынша ашуландыратын немесе жек көретін адам туралы ойлап, сол адамға хат жазды. Хатта ол адамды көргенде, оның ескерту сөздерін естігенде, не айтқысы келетінін туралы жазды. Хатты жазып болған соң, жыртып тастады.

«Тоғай тілегі» жаттығуы бойынша әр оқушыға жапырақтар берілді. Жапырақтарға өздерінің тілектерін, ұсыныстарын, ойларын жазып, «Тоғай тілегіне» жапсырды. Соңында жүргізуші сабақты қорытындылайды.

Әрбір оқушының өз өміріндегі ең жаман нәрсені, бойындағы өкпе реніштерін, қорқынышты жағдайларын жеңу мақсатында түрлі форматта жаттығулар жүргізілді.



ХАТШЫ: А.ТОРҒАЕВА




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі