Кушерова
Гульнар Ермекбаевна
Ақтау
қаласы
«Дарын»
балабақшасының тәрбиешісі
Тақырыбы:
Үй жануарлары
Мақсаты:
Балалардың
үй жануарлары және олардың төлдері
туралы білімдерін бекіту. Оларды
бір-бірінен ажырата білуге және дұрыс
айтуға үйрету.
Есте
сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту.
Үй жануараларына қамқор болуға, мейірімді
болуға тәрбиелеу.
Әдіс
тәсілі: түсіндіру,
әңгімелеу, сұрақ жауап.
Көрнекілік:
Үй
жануарларының суреттері, бейнесі,
аудиодыбыстар.
Балалар
әуен ырғағымен, бірінің соңынан бірі
кіріп жартылай шеңберге тұрады.
Қонақтармен сәлемдеседі.
Балалар
сендер мені таныдыңдарма?
Иә,
мен кіммін?
Иә,
мен сендердің әжелерің боламын. Сонау
алыс ауылдан келдім. Сендер ауылға
барғыларың келема, ауыл қандай екенін
білгілерің келеме?
Иә.
Ауыл
алыс болғандықтан, көлікке мініп баруымыз
керек.
Ендеше
балалар бәріміз біріміздің артына
біріміз тұрып пойыз болып жүріп ауылға
барайық. Қане ауылға жеткенше өлең айтып
барайық.
Ал,
поровоз баста алға,
Бәрімізді
басқарда!
«Пш,
пш, пш,пш!» - біз кеттік,
Жүрісті
біз үдеттік.
Гу-гу-гу-гу
гуілде,
Қалып
қойма біріңде.
«Пш,
пш, пш,пш!» - біз кеттік,
Жүрісті
біз үдеттік.
Міне
ауылға да келіп жеттік. Мынау менің
ауылым, ал мынау менің аулам. Ауламда
үй жануарлары тіршілік етеді.
Оларды
неге үй жануарлары деп атайды?
Себебі
олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.
Қандай
үй жануарларын білесіңдер?
Балалар
жауап береді.
Ендеше
мен сендерді ауламдағы үй жануарларымен
таныстырайын.
Бұл
үй жануарларының бірі – сиыр. Сиырдың
бізге өте көп пайдасы бар. Ол бізге сүт
береді. Сүттен айран, қаймақ, ірімшік
жасаймыз. Етін тамақ ретінде пайдаланамыз.
Бұл
үй жануарларың бірі – жылқы. Халқымыз
жылқы малын өте бағалаған. Себебі мінсе
- көлік, ішсе – сүт, қымыз, жесе - ет,
тағам.
Бұл
үй жануарларының бірі – ешкі деп аталады.
Ешкінің де пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз,
етін жейміз. Жүнінен киімдер тоқимыз.
Бұл
үй жануарларының бірі – ит деп аталады.
Ит адамның досы. Үйді күзетеді.
Бұл
үй жануарларының бірі – мысық деп
аталады.
Балалар,
жануарлардың көңіл күйі жоқ.
Себебі,
төлдерін жоғалтып алыпты. Тауып беруге
көмектесеміз бе?
Тәрбиеші:
Біреудің дыбысын естіп тұрмын. Ол ненің
дыбысы екен?
Балалардың
жауабы.
Тәрбиеші:
Ол қайда жасырынып қалды екен?
Тәрбиеші:
Ағаш астынан мяулаған марғауды тауып
алады.
Тәрбиеші:
Балалар, бұл қай жануардың төлі? (Балалар
жауап береді.)
Атын
атап анасының жанына орналастырады.
Д/о:
Не қалай дыбыстайды?
Балаларға
жануарлардың дыбысы тыңдатылады.
Балалар
қай жануар екенін табады және төлдерін
анасының жанына дұрыс орналастыра
отырып аттарын атайды.
Тәрбиеші:
Балалар сендер балабақшада тамақ
жейсіңдер, шәй ішесіңдер, ал жануарлар
не жейді, немен қоректенеді білемізбе?
Балалар:
Иә.
Тәрбиеші:
Сиыр не жейді?
Балалар:
Шөп жейді.
Тәрбиеші:
Ешкі не жейді?
Балалар:
Шөп жейді, су ішеді.
Тәрбиеші:
Ит нені жақсы көреді?
Балалар:
Сүйек кеміргенді жақсы көреді.
Тәрбиеші:
Мысық нені жақсы көреді?
Балалар:
Мысық сүт ішеді.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар!
Ендеше
үй жануарларына тамақ береміз бе?
Балалар:
Иә
Үстел
үсті үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Д/о:
Кім немен қоректенеді?
Балалар
жануарларды тамақтандырады.
Жарайсыңдар
балалар.
Балалар,
бүгін біз қайда бардық?
Ауыл
ұнадыма? Ауылда не көрдік?
Балалардың
жауабы.
Қане
балалар, ауылдан шығып, балабақшамызға
барайық. Шеңбер бойымен жүріп тақпағын
айтады.
Біз
ақылды баламыз.
Айтқан
тілді аламыз.
Бүгінгі
келген қонаққа,
Сау
болыңыз деп айтамыз.