Тақырыбы: Үй
жануарлары.
Сабақ
түрі: Жаңа
сабақ
Ұзақтығы: 30
мин.
Сабақтың
мақсаты: Үй жануарлары және олардың
төлдері туралы түсінік беру.
Білімділік: Үй жануарлары және олардың
дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Түзете-дамытушылық: Танымдық қабілеттерін
жетілдіру, ойлауын, жалпы және ұсақ қол моторикасын
дамыту.
Тәрбиелік: Үй жануарларына деген
сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелету, түсіндіру,
көрсету, саусақ жаттығуы, сергіту.
Жұмыс
түрі:
жеке
Қажетті құрал –
жабдықтар: Видеоролик,
үй жануарларының суреттері, сүрет
салуға қажетті құралдар.
Сабақ
барысы
I.Ұйымдастыру
кезеңі
1.Сәлемдесу.
- Сәлеметсіңдер ме,
балалар?
Көңіл-күйлерің
қалай?
2.
Шаттық
шеңбері
Қуан шаттан
алақай
Қуанатын күн
туды
Қайырлы
таң!
Қайырлы
күн!
II.Жаңа
сабақ
-Бүгінгі
біздің сабағымызды жұмбақпен бастағым келіп отыр. Осы жұмбақтың
шешімі біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
болмақ.
Жұмбақ:
Кезекті
бір жануар,
Үстінде
екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен.
(Түйе)
-Бүгінгі
сабағымызда үй жануарлары туралы
әңгімелейміз.
-Түйе,
жылқы, қой, ешкі,сиырды бір сөзбен қалай
атаймыз?
-Үй
жануарлары.
-Неге
оларды үй жануарлары дейміз?
-Өйткені
олар адамның үйінің маңайында тіршілік
етеді. Оларды адамдар күтіп жем, шөп,
суын береді.
Көз
жаттығуы
Дидактикалық ойын: «Төлін
тап»
Шарты: Үй жануарлары өз төлдерін
жоғалтып алыпты. Біз үй жануарларына төлдерін
тауып берейік және дұрыс айта отырып
айтайық.
Дидактикалық ойын: «Дауысынан
таны»
Шарты: Үй жануарларының дыбысын естігенде
жауап беруін талап етеді. Қой маңырайды, сиыр
мөңірейді, жылқы — кісінейді, түйе —
боздайды - деп жауап береді.
Дидактикалық
ойын: « Не қайда
тұрады?
»
Шарты: Үй жануарлары мен жабайы
аңдарды өз мекендеріне жеткізіп берейік және дұрыс
айта отырып айтайық.
Сергіту
сәті:
Бала-бала-балақан
Қане қайсы алақан
?
Саусақтарың
айбат,
Былай-былай
ойнат,
Бір қадам алға
басамыз,
Алақанды
соқ-соқ-соқ.
Бір қадам артқа
басамыз,
Аяқпенен
топ-топ-топ.
IV. Сабақты
бекіту
Тапсырма
«Саусақпен сурет
салу»
Шарты: Балалар
үлгіге қарап, су бояуымен
саусақ арқылы қошақан суретін салу.
Саусақ
жаттығуы
Қошақаным
монтиған,
Топ-томпақ боп
томпиған.
Сені жақсы
көремін,
Жем, суыңды
беремін.
V. Сабақты
қорытындылау.
-
Үй жануарларына не
жатады?
- Неге үй жануарлары деп
атаймыз?
-Балалар бүгінгі сабақ
сендерге ұнады ма?
-Балаларды
мадақтау.
VI.Үй
тапсырмасы
Үй жануарларын
қайталау.