Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарларын ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары жайлы түсінік беру; Олардың ерекшеліктерін, адам өміріне пайдасын, төрт түлік малға не жататынын,олардың төлдерін атап айтуға баулу; Төрт түлік малды күтіп баптауға үйрету;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарларын ажырата білуге үйрету.

Білімділік: Үй жануарлары жайлы түсінік беру;

Дамытушылық: Олардың ерекшеліктерін, адам өміріне пайдасын, төрт түлік малға не жататынын,олардың төлдерін атап айтуға баулу;

Тәрбиелік: Төрт түлік малды күтіп баптауға үйрету;

Қолданылатын көрнекі құралдар: төрт түлік малдың суреттері

Сөздік жұмыс: төлдер, бұзау, лақ, қозы

Билингвалды компонент: түйе- верблюд- camel, жылқы- лошадь- horse, сиыр-корова-cow, қой- овца- sheep.

Оқу қызметі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық- қозғаушылық

Жылулық шеңбер

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достар менен бір жүру!

Қандай жақсыдос болу!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимылдар жасай отырып өлең жолдарын айтады.






Ұйымдастырушы-лық-

ізденістік

2.1Тәрбиеші жұмбақ жасырады

-Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар.



Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салындаршы.



-Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.

Түйе бө-бө боздайды.



-Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар.

Ешкі бе-бе бақырады.



-Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыпыртқысы бар.

Сиыр мө-мө мөңірейді.



Екеуі елеңдеп келеді

Төртеуі төбелесіп келеді.

Жылқы е-е-е кісінейді



    1. «Ненің көлеңкесі» ойыны. Интерактивтік тақта бойынша

    2. Ойын шарты:

үй жануарлардың көлеңкесіне карап табу керек



Төрт түлік малға сипаттама бере кету.

Түйе – малдың үлкені,

Жылқы – малдың үркегі,

Сиыр – малдың сүттісі,

Қой – түліктің құттысы.

(С. Қасиманова)

Төрт түлік малдың адамдарға қандай пайдасы бар?

Слайдпен көрсету

Олардың етін жейміз, сүтін ішеміз, құрт, майын, ірімшігін жейміз. Жылқының етін, қазы- қартасын жейміз, қымызын ішеміз. Қойдың жүнінен көрпе жасаймыз, тоқыма бұйымдар киеміз. Түйенің шұбатын ішіп, шудасын пайдаланамыз. Міне, адам өміріне пайдасы осылай тиеді. Сондықтан малды қастерлеу керек.



Сергіту сәті

Үй жануарларының қимылын жасату.

Лақша секіріп,

Қозыдай маңырап,

Құлындай ойнақтап,

Сиырша асықпай,

Ботадай маң- маң басып жүріп, іс қимыл жасау.

Д/О «Үй жануарлары» балаларға үй жануарлардың суреттері таратылады.

Үй жануарлардың төлдерін табу





Қой.



Қой мә-мә маңырайды



Түйе.







Ешкі.













Сиыр.





Жылқы.







Үй жанурлардың көленкесімен қандай жануар екенін табады



.















































Қимылдарын жасап, шеңбер бойымен жүреді.

Балалар үй жанурлардын төлдерін тауып қалай дыбыстайтынын айтады.

Рефлексиялық- түзетушілік

-Енді балалар, осы жанурларға айтылатын тыйым сөздер бар.

-Малды аяқпен тебуге болмайды;

-Таяқпен мандайына ұруға болмайды;

-Малдың сүтіне түкіруге болмайды;


Балалар қайталайды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларының пайдасын, төрт түлік малдың қалай аталуын біледі.

Игереді: төрт түлік малды күтіп баптауды игереді.

Меңгереді: не қалай дыбыстайды, олардың қимылдарын көрсете білуді.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2022
365
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11