жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Үй жануарлары
Білім қызмекерлері кәсіподағы құрманғазы
аудандық кеңесінің төрағағасы Ә. Изжановқа
«Боташым» балабақшасының кәсіподақ
ұиымының төрайымы Б. Габбасовадан
Сұраныс
«Боташым» балақшасының қызметкерлер саны қослуына байланысты 13 қызметкерге кәсіп одақ билетін беруіңзді сұраймын.
«Боташым» балабақщасының төрайымы Габбасова Б.
Ф.Энгельс атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып пәні мұғалімі Исмагулова Зарипаның
шығармашылық жұмысынан есеп.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күншуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғапу Қайырбеков жырлағандай ұстаз – ұлы сөз. Сол ұстаз атына сай болу үлкен мақсат. Ендеше өзіміздің шығармашылық жұмыс барысын өмір жолымнан бастаймын. Мен Исмагулова Зарипа 1958 жылы Утера селосында тамыздың 15 жұлдызында қарапайым көп балалы отбасында дүниеге келдім. 1965 жылы Утера орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып 1975 жылы орта білім алып шықтым. Мектеп бітіргеннен кейін Гурьев қаласында педагогикалық институтының бастауыш сынып мамандығын дайындайтын бөліміне оқуға түстім. 1979 жылы оқуымды бітіріп, бастауышсынып мұғалімі мамандығын алып өзімнің туған ауылыма Утира мектебіне жұмысқа орналастым. 1979 – 1980оқу жылында алғаш рет 1 сынып оқушыларын қабылдадым. 1980 – 1981 жылы сол мектепте жұмыс істеп тұрмыс құруыма байланысты 1981 -1982 оқу жылы Сафон селосында Ф.Энгельс атындағы орта мектебіне ауыстым. Содан бері осы мектепте 32жыл жұмыс жасап келемін. Еңбек өтілім – 34 жыл.
Тәрбиеленген адам тамаша адам. Тамаша адамды тәрбиелеу ата – анамен ұстаз еншісінде. Осы оқу жылындағы шәкіріттермен жұмыс істей отырып, талай шәкіріттерім өмірде өз орындарын таба білді. Мысалы,Испергенов Бақыт – ихтолог мамандығын, Хабиденов Саламат – Атырау АГРО колледжінде мұғалім, Айткалиева Салтанат – Ақтау қаласында бастауыш сынып мұғалімі,Хабиденова Гүлімжан – осы Сафон орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, Ғазизова София Нұржау ОРТА мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, Нуртаева Лаура – Атырау қаласында бастауышсынып мұғалімі болып жұмыс жасайды. Білім беру мен қатар қоғамдық жұмыстарға да араласып отырамын. Кабинет меңгерушісі, пән бірлестік жетекшісі, үгітші және басқа да мәдени шараларға қатыстым.Қазіргі уақытта сынып жетекші, тәлімгерлік жұмыс атқарамын. 2004 -2005 оқу жылында оқыған оқушыларымның да көптеген жетістіктері болды.Мысалы,Шакимарданова Гулдария аудандық олинпиададан қазақ тілі пәніннен 1 орын, 2005 -2006 оқу жылында аудандық олинпиададан осы оқушым 2 орын иеленді. 2004 -2005 оқу жылында мектепшілік «жыл оқушысы – 2004» сайысы өтіп жүлделі орынға, « Ханша мен ханзада» сайысында 2 орын, 2004-2005 оқу жылында « Жүзден жүйрік» сайысында жүлделі орынды иемднеді.2004 -2005 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысында « Оқушылардын шұғармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбында педагогикалық оқуға қатысып, еңбегім ауданға ұсынылады. 2005-2006 оқу жылында «12 жылдық оқу жағдайында оқыту мен тәрбиелеу проблемасы» тақырыбында курстан өттім.
Бастауыш мектеп бұл оқушы тұлғасымен сапасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбас кезеңі. Осындай кезеңдерде 2007-2008 оқу жылында бітірген түлектерім Иманова Салтанат – «Алтын алқа» иегері, ал Дюсенғалиев Арманбек «Күміс алқа » иегері болды. 2009-2010 оқу жылынан бастап 16 оқушыға дәріс берудемін. Қазір 4сынып оқып жатыр. Оның 8-і ұл, 8-і қыз бала. Сыныпта 3оқу озаты, 6 оқу екпіндісі бар. 2010 – 2011 оқу жылында Аудандық ғылыми практикалық конференцияда Қазақ тілі пәнінен. «Қ , Ғ» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. «Көркиеді еліміз, сау болса деніміз», «Қыз – еркем, Анасымен көркем» атты тәрбие сағаттары өткізілді. 2011 – 2012 оқу жылында «Мен табиғаттың бөлшегімін» кездесу, «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында сайыс өткізіліп « үлгілі» деп бағаланды.
Оқушыларым да мектепішілік шараларға қатысып отырады. «Бояулар сыр шертеді» Аққалиева Сайда 4 орын, «Жүзден жүйрік» сайысында 4 орын, «Таудай биік талабың, оның білім өлшемі» 1орынды иеленді. 2012 -2013 оқу Ашық сабақ «Қарабатыр» сахналық қойылым түрінде өтіп «үлгілі» деп бағаланды. «Тіл халық қазынасы» дөңгелек үстел түрінде тәрбие шарасы ұйымдастырылды.Сонымен қатар оқушыларымның «Ертегілер елінде» аудандық сайысқа қатысып 2 орын иеленсе. Аудандық оленпиядадан 3 орынды иеленіп жүр. Сыныптың ата – аналарымен тығыз байланыста жұмыс жасап келемін.
Өз білімімді көтеру мақсатында. «Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында жаңа технологияларды ұтымды пайдалану» тақырыбында білім көтеру курысынан Атырау қаласында 16 – 21 тамыз 2010 жылы өттім.
2011 жылы 6 -11 маусым аралығында Атырау обылыстық кадрлер біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтында «Оқушыға құқықтық тәрбие беру және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатындағы жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында білім көтеру курысынан өттім.
Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші.Ұлағатты ой иелері де,арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар, ол – Ұстаз.Алғаш әліппенің бетін ашып әріп танытқан өмірдің қыр – сырын білуге сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып жан дүниеңді нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алды.Ұстаз да диқан сияқты.Ол әрадамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.
Алпыс сегіз жыл- бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс сегіз жыл – шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері алпыс сегіз рет,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әкелер мен аталардың даңқы еш уақытта өшпейді? Олардың рухына тізе бүгіп, бас иеміз.
1минут үнсіздік.
Ер жігіт етігімен су кешіп, от басып, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып жаумен шайқасқан күндердің ескерткіші, естелігі ретінде ең алдымен кешегі өткен сұрапыл соғыста ғажап ерліктің үлгісін жасаған асыл әкелер мен әз ағаларымыздың абзал азаматтарымыз бен,есіл ерлеріміздің батырлық, қаһармандық жолын сүйсіне үлгі ете отырып,содан тәлім – тәрбие алатын жас ұрпаққа арналған “Мұны ұмытуға болмайды” атты ертеңгілімізді ашық деп жариялаймыз.
Хор:,,Бейбіт күн тілегі”
Көрініс: ..Бейбіт күннің бір күні..
Балалар балабақшада ойнап жүреді.
Диктор: Тыңдаңыздар? Тыңдаңыздар?
Сөйлеп тұрған Москва?(үнінде діріл бар)
Неміс фашистері Германия мен Кеңес Одағының арасында , “Шабуыл жасамау” туралы шартты опасыздықпен бұзып, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4- те фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына соғыс ашты.
Балалар хормен: Соғыс? Соғыс? Соғыс???
Соғыстың алғашқы күндерінде – ақ Кеңес халқы жан- тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды.Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс басталды.
Төрехан:Отаным, еркелеймін өзге кімге?
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
Айдана: Қош бол, досым, жақыным
Уақыт тығыз, сөз қысқа?
Кетіп бара жатырмын,
Сұрапыл бір соғысқа.
Айнеля: Сен шақырсаң, партия,
Өмірің ортақ маған да.
Төгіп күйдің нөсерін.
Дельназ: Домбырамды алам да,
Айнала жас нөкерің,
Мен де барам, қалам ба?
Жау алғашқы күннен – ақ Ккңестік Отанның жүрегі болған ең негізгі қалаларға түйілді.Соның бірі, тарихи көркем қала, Балтық теңізінің қақпасы Ленинград еді.Ленинград жау қоршауында қалды.Қала халқы 900 тәулік бойы соғысты. Ержүрек ленинградтықтар өз қаласын жаудан қорғап қалды. 1944 жылы қаңтарда Ленинград жаудан толығымен азат етілді.
Амина:Жүрегімде жатталған ат,
Ленинград? Ленинград?
Алтын бесік бір сен үшін,
Жаннан қымбат жеңіс үшін,
Тахмина: Керек болса қан берем
Қанға қоса жан берем,
Сөнгенінше күн көктен құлап,
Мызғымайды Ленинград.
Неміс фашистік армияның ең түпкі мақсаты Москваны басып алу еді. 1941 жылдың күзінде жау Москваға шабуыл жасады.Отанымыздың жүрегін бүкіл ел болып қорғадық.
Арсен: Зұлым жаудың ниеті,
Москваны құлатпақ.
Кремльді күл етіп,
Асыл тасын уатпақ.
Мансур:Жеңілмейді астана,
Берілуге болмайды.
Артымызда Москва,
Шегінуге болмайды.
Қазақстаннан құрылған гвардиялықатқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылды. Осы дивизияның 28 жауынгері 50 танкке төтеп берді. Олар қаһарлы жауды үнсіз тосып алды, арыстандай алысып, ақырғы демі біткенше жауды қаусатты.Жаудың қара танктерінен батырлардың табандылығы асып түсті.
Асылай: Тастар көкке атылды,
Орман шулап , тау құлап,
Жиырма сегіз батырды.
Жеңе алмады жау бірақ.
Жұлдызай: Тас- талқаны шығып дүлей,
Күл боп танк қалды қырда,
Өтті зәулім дүниедей
Жиырма сегіз жатты тұлға.
Нурмира: Жау жеңілді ақыры
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырын,
Ұмытпайды ел мәңгілік.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.
Қалды олар көктің жүзін мекендеп,
Есімдері құрметпен аталар.
Қазақтың батыр қыздары жаумен алысып, ерлікпен қаза тапты. Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан ұмытпай есте сақтаймыз. Әлия мен Мәншүктің ерлігін әнге қосып, шырқап жүреміз.
Қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова.
Сұрапыл соғыста жауынгер батыр атанған халық қаһармандары:
1.Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы – Бауыржан Момышұлы;
2.Армия генералы, Кеңес Одағының батыры – Сағадат Нұрмағанбетов;
3. Ұшқыш – Хиуаз Доспанова;
4.Ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры – Талғат Бигелдинов;
5. Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ батыры – Рахымжан Қошқарбаев.
Мақсат:Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар
Жаттап алар балалар.
Милена:Жерден,көктен, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
Көрініс: Екі бала ту тіккен баланы иыққа отырғызып ортаға шығады. Қыздар гүл шоқтарын береді. Барлық балалар қосылып: Ура,ура,ура,ура???
Хор: “Жеңіс туралы жыр,,
Нұрхан: Жау шатырын жықтырып,
Жауға тізе бүктіріп.
Жарқ етті елдің ерлері.
Ерлік мәнін ұқтырып.
Тамирис: Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жeңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Көркем: Күн көзінен арайлы,
Нұрлы шуақ тарайды.
Әр ауылға, әр үйге ол,
Жеңіс болып қарайды.
Нұрдаулет: Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тоя жейтін нан болып.
Мухаммедияр: Кептерлер қалқып, көкте ойнап,
Туымыз шалқып көк бойлап.
Мәре де, сәре, мәз – мейрам
Отанымыз той тойлап.
Осымен бүгінгі “Мұны ұмытуға болмайды,, атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп – көп рахмет?
Мақсаты: Бүлдіршіндерімізді мерекесімен құттықтап әрі мектеп жасына дейінгі балалардың ой – өрісін дамыта отырып, өнерге деген қызығушылық қасиеттерін арттыру .
Құрметті ата – аналар, балабақша қызметкерлері, кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін бүкіл әлем болып үлкен мереке 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап жатыр.Балалар бүгін сендердің мерекелерің. Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балдырғандарымыз бейбіт өмір сүрсе екен! Сендердің жүректеріңді қайғы бұлты шалмаса екен! Көгілдір әлем аясында бейбітшілік символы – ақ көгершін шарықтай ұшса, мейірімді күн сәулесін төгіп тұрса, бүлдіршіндер алаңсыз шат күлкімен ойнаса екен деп әрбір адам бейбітшілікті аңсаған. Біздің де тілегіміз сол.
Ән: (Ақ мамам)
Айерке: Аялаған, саялаған
Бар бақытты балалар,
Мерекеңмен шын жүректен
Құттықтайын балалар!
Саян: Бала – адамның бауыр еті,
Бауыр еті, жүрегі,
Бүгін сәби бөбектер
Ертең елдің тірегі!
Айкүнім: Шашымды да тарадым,
Айнаға да қарадым
Ерте тұрдым ұйқымнан,
Мен бақшаға барамын.
Данат: Шынығамыз,
ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты
Мерекені тойлаймыз,
Ән айтамыз , би билеп.
Тәрбиеші: 2 – ші сәбилер ( Қуырмаш) тобында тәрбиеленуші бүлдіршіндердің орындауында (жеті лақ) ертегісінен көрініс.
Ешкі рөлінде: 1 – ші сәбилер тобының тәрбиешісі Құспангалиева М
Қасқыр рөлінде: 1 – ші сәбилер тобының тәрбиешісі Төлегенова Б
Саудагер рөлінде: 1 – ші сәбилер тобының көмекші тәрбиешісі Барсиденова А.
Наубайшы рөлінде: 2 – ші сәбилер тобының тәрбиешісі Демисинова Ж
Ұста рөлінде : 2 – ші сәбилер тобының көмекші тәрбиешісі Замзамова М
Жеті лақ рөлдерінде: 2 – ші сәбилер тобында тәрбиеленуші балалар
Ерсайнова А
Сеитекова К
Руслан А
Сайнова М
Имамұрат А
Азаматқызы А
Жұмажанов М
Автор: 2 – ші сәбилер тобының тәрбиешісі Габбасова Б.
Артур: Достықты біз сүйеміз,
Бірге күліп ойнаймыз
Сіздерді де құттықтап,
Мерекені тойлаймыз.
Жансель: Біз әр түсті баламыз,
Қол ұстасып барамыз.
Әрқашан күн сөнбесін
Деп шырқап ән саламыз.
Тамирлан: Біз тілейміз бар бөбекке.
Бақытты өмір сүруді
Туған елге ереклеп
Қуанамыз , күлеміз.
Арсен: Балапандай сәбидің
Қанаты әсте талмасын
Арманы олар үйдің
Биіктерге самғасын
Тәрбиеші: (Балшырын) тобы тәрбиеленушілерінің орындауында қимылды би (Қошақаным)
Нұрай: Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,
Балаларды қорғау күнін тойлайық.
Нұрхан: Алақай – ау, алақай,
Той – тойлайық, балақай.
Нұртілек: Балабақшам – байпағым
Күліп – ойнап қайтамын
Ән саламын би билеп,
Тақпақты да айтамын.
Айдын: Өзіміз туған,
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп толамыз.
Бекзат: Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып,
Білімді адам боламыз.
Тәрбиеші: 1 – ші сәбилер тобында тәрбиеленуші балдырғандардың орындауында би (Балапан)
Хор: (Әрқашан күн сөнбесін)
Тәрбиеші : Сонымен, бұл мереке өскелең ұрпақтар үшін ең қуанышты мерекелердің бірі ғана емес, ересектерге де балалардың біздің қамқорлығымызды үнемі қажет ететіндігін және біздің оларға жауапты екенімізді еске салды.
Ендеше балаларымыздың мерекесі құтты болсын! Әрбір отбасында балалар саны артып,еліміздің тұғырын биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін!
Хаттама
1 Маусым күні 2 – ші сәбилер тобы мен 1 – ші сәбилер топтарының бірлескен түрде балалар күніне орай ертеңгілік болды.
Тақырыбы: «Біз бақытты бөбектер»
Ертеңгілікті өткізген тәрбиешілер: Габбасова Б. Демесинова Ж.
Серікбаева С. Қоспаева К.
Төлегенова Б. Құспангалиева М.
Ертеңгілікке қатысқан бала саны: 53.
Б\Б психологы: Мусина Р.
Б\Б тәрбиешілері: Кабиева А.
Мусина Г.
Ертеңгіліктің өту барысында сөйлеушілер пікірі.
Балабақша психологы . Р. Мусина .
Құрметті бүлдіршіндер сіздерді бүгінгі 1 маусым балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Ертеңгілік өз дәрежесінде , әсіресе «Жеті лақ» ертегісі өте тартымды көрініс болды. Мен
« Біз бақытты бөбектер» атты ертеңгілікті «өте жақсы» деп бағалаймын.
Қаулы:
1 Маусым Балаларды қорғау күніне орай өткізіліп отырған « Біз бақытты бөбектер» атты ертеңгілікке өте жақсы деген баға берілсін.
Қатысқандар.
Балабақша психологы: Р. Мусина.
Тәрбиешілер: А. Кабиева.
Г. Мусина.
Ата – ана: М .Истелеуова.
Өткізген тәрбиешілер: Б . Габбасова .
Ж . Демесинова.
С . Серікбаева.
К .Қоспаева.
Б .Төлегенова.
М .Құспангалиева .
Саз жетекшісі: А. Тастемиров.
Хаттама
4-Наурыз күні 1-ші сәбилер тобында аналары мен ұлдар арасында сайыс болып өтті.
Сайыстың тақырыбы: ӘЛПЕШТЕГЕН – АНАШЫМ!
Сайысты өткізген тәрбиеші: Г. Мусина.
Қатысқан бала саны : 14
Ата – ана саны : 14
Б\Б меңгерушісі: Т .Утегулова.
Б\Б әдіскері: Ж.Сахипова.
Б\Б тәрбиешілері : Б.Кенжегалиева.
С. Серікбаева.
Ж. Демесинова.
Сайыстың өту барысында сөйлеушілер пікірі.
Б\Б меңгерушісі :Т.Утегулова.
Құрметті ата – аналар, балабақша қыздары, апалар, кішкене бүлдіршін қыздарымыз баршаңызды 8- наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі АНА-ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ атты сайыс өз кезеңдерімен өтті. Оған бәрімізде куәміз. Өте тартымды, қызықты болды түрлі кезеңдерден тұрды. Мақсатына жеткен жақсы сайыс түріндегі ертеңгілік деп білемін.
Ата –аналар құрамынан: Т.Құлмажитова.
Баршаңызды 8- наурыз мерекесімен құттықмаймыз ата-аналар және ер балалар атынан. Ертеңгілік сайыс түрінде әр түрлі кезеңдермен тартымды өтті. Ата-аналардың ойынан шыққан жақсы ертеңгілік болды. Көп рахмет. Сайысқа қатысқан ата-аналарға және топ қыздарына естелік сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. Алдағы уақытта сәттілік тілеймін.
Қаулы:
1-ші сәбилер тобында өткен «ӘЛПЕШТЕГЕН - АНАШЫМ!» сайыс түріндегі өткен ертеңгілікке жақсы деген баға берілсін.
Қатысқандар:
Б\Б меңгерушісі: Т.Утегулова.
Б\Бәдіскері: Ж.Сахипова.
Б\Б тәрбиешілері: Б.Кенжегалиева.
С.Серікбаева.
Ж. Демесинова
Ата – ана құрамы: М. Өтешова.
Өткізген тәрбиеші: Г.Мусина.
Хаттама
Желтоқсанның 29 күні 1- ші сәбилер тобында жаңа жылдық ертеңгілік болып өтті.
Ертеңгіліктің тақырыбы: Қош келдің , ЖАҢА ЖЫЛ !
Ертеңгілікті өткізген тәрбиешілер:М. Куспангалиева.
Ертеңгілікке қатысқан бала саны. 14.
Ата-ана саны. 14.
Б\Б меңгерушісі:Т.Утегулова.
Б\Б әдіскері: Ж.Сахипова.
Б\Б тәрбиешілері: Б.Кенжегалиева.
А. Кабиева.
Б.Габбасова.
К.Қоспаева.
Ертеңгіліктің өту барысында сөйлеушілер пікірі.
Б\Б меңгерушісі: Т.Утегулова.
Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.1-ші сәбилер тобының «Қош келдің , жаңа жыл!» атты ертеңгілігі жақсы өтуде.Кішкентай сәбилер кейбірі түсінікті сөйлемесе де, былдырлап барын айтып жатыр. Алға қарай бұдан да жақсы дәрежеде өткізіледі деген сенімдемін. Шараға жақсы деген баға беремін.
Ата-ана құрамынан: М. Өтешова.
Ертеңгілік жақсы өтті. Тәрбиеші апайларына ата-аналар атынан ризашылығымызды білдіреміз.
Қаулы:
1-ші сәбилер тобының жаңа жылдық ертеңгілігі жақсы деп бағалансын.
Қатысқандар:
Б\Б меңгерушісі: Т.Утегулова.
Б\Б әдіскері: Ж.Сахипова.
Б\Б тәрбиешілері: Б.Кенжегалиева.
А.Кабиева.
Б.Габбасова.
К.Қоспаева.
Ата-аналар құрамы: М. Өтешова.
Өткізген тәрбиеші: М. Куспангалиева.
«Тәуелсіз елім – Қазақстан»
Білімділік мақсаты: Балалардың санасында Тәуелсіздік туралы, өз Отаны туралы білімдерін, түсініктерін бекіту.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимін, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту.
Дамытушылық мақсаты: Еліміздің қалаларын атауларын дұрыс атап табиғатын, тұрған жер байлығы бай екендігі туралы есте сақтау, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Туған өлкеге, туған Отанға деген балалардың зейінін аудара отырып,балаларды Отаншылдыққа тәрбиелеу. Отанды сүюге ,қорғауға,достығымызды нығайтуға баулу.Өз туған Республикасын білуге туған жеріне, туған қаласына деген мақтаныш сезімін ұялату.
Сөздік жұмыс: Қазақстан, Астана, Отан, Еліміздің Рәміздері Елтаңба, Ту, Гимн.
Көрнекіліктер:Қазақстан картасы, Қазақстан қалаларын бейнелейтін суреттер, Гимн, Ту, Елтаңба.
Әдіс – тәсіл: сұрақ – жауап, сипаттама беру, сөздік ойын, көрсету, жаттықтыру, әңгімелету, тақпақ, мақал – мәтел, қорытындылау.
Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар:
Қазақстан картасымен жұмыс. Әрбір қала аттарымен танысу . Қазақстан байлығы туралы әңгімелесу.
Ән – әуенмен залға кіру.
Тәрбиеші: Шат күлеміз жайнаңдап,
Біз ойнаймыз асыр сап.
Туған елде сайрандап,
Еркін өсер жас ұрпақ.
Топ іші мерекелік ертеңгілікке байланысты безендірілген. Балалар музика әуенімен залға кіреді.
Гимн шырқалды.
Тәрбиеші: Құрметті ата – аналар, балабақша ұжымы мен балдырғандар сіздерді«Тәуелсіздік» күні мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймын.Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір
Бекітемін:__________________ Келісемін:__________________
«Боташым» балабақшасының «Боташым» балабақшасының
меңгерушісі: Т.Утегулова . әдіскері:Ж.Сахипова.
Жазғы мезгіл күн тәртібі
|
Күн тәртібінің кезеңдері |
Уақыты |
|
Таңертенгі дидарласу: Таңғы жаттығу, таңғы ас |
8.00-8.45 |
|
Ойын түрінде ұйымдастырылған оқу іс әрекеттер: |
8.45-10.20 |
|
Серуен |
10.20-12.00 |
|
Гигиеналық шаралар, түскі ас |
12.00-13.00 |
|
Түскі ұйқы |
13.00-15.30 |
|
Ұйқыдан ояну, шынығу, бесін ас |
15.30-16.00 |
|
Серуен шығармашылық ермек ойындар |
16.00-17.40 |
|
Үйге оралу |
17.40-19.00 |
Жазғы мезгілде ойын түрінде ұйымдастырылатын оқу іс әрекеттер кестесі
|
Апта күндері |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
|
|
Білім салалары |
шығармашылық қатынас денсаулық таным, әлеумет |
|||||
|
Ойын түрінде оқу іс әрекеттер: Уақыты 9.30-10.20 |
I мүсіндеу II құрастыру III cурет |
Музыка |
Тіл дамыту |
Дене шынықтыру |
Қоршаған ортамен танысу |
|
Ана тілім – ардақты
Мақсаты: Балаларға тіл туралы түсінік бере отырып, білімдерін арттыру (мақал-мәтел, шешендік сөздер, жұмбақтар, жаңылтпаштар),тілді қастерлеуге, сөйлеу мәнерін дамытуға, сөздік қорларын байытуға баулып,ана тіліне деген сүйіспеншілікті оятуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Алтын қақпа,ою түрлері, көқрме.
Сабақтың барысы. Психологиялық сәт:
Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгінде,
Бейбіт болсын болашақ.
Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ болады, сендер теледидардан «Алтын қақпа» ойынын көрдіңдеме? Біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынның шартында үш есік бар. Қола, күміс,алтын есіктер. Осы есік қақпаларын ашу үшін берілген сұрақтарға жауап беруіміз керек. (қақпа алдында сандық болады)
-Балалар мынау не?
-Сандық.
-Бұл сандық қалай ашылады?
-Кілтпен ашылады.
-Бізде кіл бар ма?
-Жоқ.
-Ендеше сандықты біз қалай ашамыз?
Балалар хормен:
-Сандықты кілт ашады,
Кілт ашпаса тіл ашады.
-Олай болса, балалар кім тіл туралы тақпақ айтып береді?
Мансур:
Ана тілім болашақ келешегім.
Сен арқылы биікпен еңселімін
Өлең айтып ой толғап, өз тілімде
Шыңға қадам басамын, мен өсемін.
Жұмбақ.
Таудан биік
Теңізден терең. (Білім)
-Балаларсендер дұрыс жауап бердіңдер.
Міне қола қақпа ашылды. Ар жағында бізді қандай сыйлық күтіп тұр екен? Әуен ойналады.(қақпа ашылып,кітап шығады)
-Міне кереметбізге сыйлыққа кітап шықты.Бұл жай кітап емес, мен сендерге кейін осы сыйлық жайлы айтып берем.
-Ал енді тағыда мына сандықты көрейік
-Күміс қақпаның тапсырмасын шешейік; бұл сандықтағы тапсырма бойынша қазаөқ халқының ұлттық ою өрнектерінен көрпе сандық қылғане оюлардан зат құрастыруымыз қажет.
Балалармен жұмыс:
-Балалар бұл оюларды біз қайдан көреміз?
-Көрпеден сандықтанкқоржынның бетінен көреміз.
Екінші-тапсырма: Қазақ халқының салт –дәстүрлерін атап мысыл келтір.Бесікке салу тұсау кесу, амандасу салты, сүндет той.
-міне мына суреттен сендер нені көріп отырсыңдар?
-Балана бесікке бөлеу рәсімін
-Сәбиді туылғаннан кейін қырықө күнен соң бесікке салады алдлымен бесікті аластайды. Бала бай,ырысты болу үшін бесікке жеті немесе тоғыз түрлімата жабады. Бас жағына ұйқысы тыныш болсын деп өткір зат қояды. «Әлди бөпем» әнін сұрау (Дельназ)
-балалар,Күміс қақпаныда өз білімдеріңмен ашып алдыңдар. Енді алтын қақпаны ашуға қиынға соғады.Оны ашу үшін мына сандықтағы тапсыманы орындайық (сандық ашылады,музыка ойналады) Атадан қалған асыл сөздерді естеріңе түсіріп, сахналап қойып көріңдер
-Бәріненде сөқз бастау қиын(Досбол шешеннің жауабы)
-бала артта қалған із
Бала адамнан қалған із (шойынбет бидің жауабы)
Сергіту сәті: Жарық өшіп, музыка ойналады. Алтын қақпа ашылып шырақ жағылады
-Балалар бізге сыйыққа шырақ беріпті. Шырақ бізге не береді? Яғни жарығын. Біз адамға не береміз?Білім ақыл және көмектесеміз.
Кітап қалам шырақ (балалардан сұрау)
Мақал-мәтел:
Кітап білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Айнел:
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар (осы кезде сандық ашылады)
-Міне сандығымыз ашылды Ішінде не бар екен?
-Балалар мұнда мынандай үш тапсыр ма бар екен.
1тапсыма мақал –мәтелдерді жалғастыр
1.Көре көре көсем боларсың......
2.Ине көзінен сынады...
3. Шебердің қолы ортақ...
4.Ана тіліңді ұмытқаның
5.Жақсының сөзі ақыл шақырады
-Өте тамаша мақалдың жалғасын. Дұрыс айта білдіңдер. 2 тапсырманы орындаймызба? Олай болса жаңылтпашты жаңылмай айт.
Амина:
Ануар өнер түлегі
Әдемі етіп тігеді
Расул:
Есет атам ет асатар
Ет асатса бес асатар
Тахмина:
Ақ кептер
көк кептер
көп кептер
-Жрайсыңдар балалар!
3 тапсырма жэұмбақтарды шешу
1.Дауысы бар, жаны жоқ,
Шерсең күй-әні көп
Құлағын оң бұра
Ол не? (Домбыра)
2.Шыр көбелек айналар
Беліне жіп байланар (ұршық)
3 Қабат-қабат қаптама
Ақылың болса аттама (Кітап)
4 Бірде төмен бірде жоғары
Сөз сөйлесең қозғалыста болады
Төрехан: Апай ,бір ұлттық ойын ойнайықшы?
-Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
-Қыз қуу, Түйілген орамал, Бәйге , Тақия тастамақ.тб
-Ендеше біз түілген орамалды ойнайық? (Балаларменойын ойналады)
-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Қай кезде қиын болды ?
Біз бүгінгі ойында неше есікті өзіміздің білімімізбен аштық?
Жеті түрлі білім біл
Жеті жұрттың тілін бір-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз
Қортынды.
Білім саласы: «Таным» «Денсаулық»
Білімі: Қоршаған орта, Дене
Тақырыбы: Қазақстан – менің отаным
Мақсаты: Балаларды отан сүйгіштікке, еліне жеріне, халқына тағызым етуге үйрету. Өлең, жыр, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту
Нені де болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін.
Н.Назарбаев
Көрнекіліктер: Отан туралы суреттер.
|
Іс-әрекет түрі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
1.Мотивациялық- қозғаумы 2.Ұйымдастырушы- ізденуші 3.Рефлексивті- коррекциялаушы бөлім |
Шаттық шеңбері Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз, Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Қымбатты балалар! Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн. Алғашқы қоңырау, жаңа білім күні басталады. Балар мінекей табиғат та да өзгеріс бар. Ауа райы қандай? Күнде қандай өзгерістер бар ма? Дұрыс балалар, дұрыс айтасыңдар. Міне алғашқы күз айы келді. Қырқүйек Қандай ай? Сергіту сәті: Балаларға Қ.Р. туралы елбасымыз, туымыз, гимн, елтаңбасы туралы түсінік беру. Елбасымыз кім балалар? Қ. Мырза Әли Ана тілі Ана – тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте «Спорт биі» Сау болсын десең, Он екі мүшең. Ерте тұр! Қулақ тұр! Тыңда сыр. Жапырақтар сыбдырын Күн нұрын күт! Таза ауа жұт Бойыңа құт. Жүгір желмен жарысып Нұрға сылан Болып қыран Өс ұлан. Негізгі қимылдар: Бір-бірден саптізбекке тұру. Саптізбекте бір-бірден бірқалыпты жүру. Мақсаты: Саптізбекте өзінің орын таба білуге үйрету. Саптізбекте бағытты сақтап, саптан мықпай жүре білуін бекіту. Ойын: «Маған қарай жүріңіздер» Ойын шартымен балаларды таныстырып Шарты бойынша алма-кезек жүгірту. Жарайсыңдар балалар өте жақсы сабаққа қатыстыңдар өте жақсы. |
Дене қимылдары арқылы қозғалыс жасайды. Салқындау, ызғарлы. Иә, жылы киіндік. Күз айы:Қырқүйек Н.Ә.Назарбаев Ойын шарты бойынша ойнау |
Күтілетін нәтиже:
Іс-әрекет жасайды: Тақырып туралы жаңа сөздер қимылдарды жасай біледі.
Түсінеді: Тақырыптағы тапсырмаларға қызығушылық артып түсінеді.
Қолданады: Іс-әрекет үстінде белсенділік танытады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген