400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Үй жануарлары" 1 "А" орыс сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныбында қазақ тілі пәнінен беретін мұғалімдерге арналған жаңартылған білім бағдарламасы бойынша сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы :Үй жануарлары

Мектебі: ЖОББМ №12

Күні,айы: 12.12.2016

Мұғалімнің аты – жөні: Боранбаева Г.Т.

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не тралы екенін түсіну

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Үй жануарларын атай алады,олардың санын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақарап бойынша сөйлей алады, үй жануарларына қатысты сұрақты дұрыс қоя алады.

Кейбір оқушылар: Үй жануарлары туралы ақпарат біледі, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы /2-5минут/

/МК/ Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру


Сабақтың ортасы /6-35 минут/

/ МК, Ұ/ Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлемдерге аударады. Осы үлгі арқылы оқушылар үй жануарларын атай алуға үйренеді,мысалы, Мынау – түйе. Мынау – жылқы. Мынау – қой. Мнау –ешкі. Мынау – сиыр. Оқушылармен суреттер бойынша сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.

/МК, Ұ/ Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «есте сақта» айдарына аударады. Яғни ма,ме,ба,бе,па,пе шылауларын қолданып сұраулы сөйлемді қалай айту керек екенін үйретеді. Оқушылар мынау сиыр ма? Мынау жылқы ма? Мынау қой ма? Мынау түйе ме? Мынау ешкі ме? деп айтып жаттығады. Мұғалім бұл сұрақтарға Иә немесе Жоқ деп жауап беру керек екенін еске салады.

/МК Ұ/ 2-тапсырмада мұғалім оқушыларды үлгі бойынша сөйлесуге үретеді. Оқушылар «Иә , бұл -Сиыр», «Жоқ, бұл сып емес» деп жауап бере алуға үйренеді. Мұғалім алдын ала үй жануарлары бойынша карточкалар дайындап қояды, оқушыларға таратып береді. Оқушылар жұптасып,сұрақ қойып , жауап бере алуға жаттығады.

/МК Ұ/ 3-тапсырмада оқушылар Неше? Сұрағына жауап беруге жаттығды, сандарды қайталайды. Алдымен мұғалім оқшылардың назарын 1-ден 10-ға дейінгі сандарға аударады. Содан кейін оқушылар неше үй жануары бар екенін айтады. Оқушылардың жауаптары: Бес жылқы . Жеті қой. Алты ешкі. Үш түйе. Екі сиыр.

/МК, Ұ/ 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушыларр мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына /Мынау қой ма? Неше қой?/ жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу дағдыларын жетілдіре түседі.

/МК, Ұ/ Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

/Ө/ Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған бңілімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқулық







Видео-аудио



























































1 жұмыс дәптері






Қосымша тапсырма Ребус жинау.

Сабақтың соңы 35-45 минут

Сабақты қорытндылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады. Сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені , өз ой пікірлерін білдіре алады.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі