400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Үй жануарлары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



«З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты» КММ















«Үй жануарлары»

ашық сабақ















Өткізген: Педагог-дефектолог Бекбулатова Гаухар
















Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың үй жануарлары туралы түсінік беру. Олардың адамға тигізер пайдасын айту. Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу белсенділігін арттыру, баланың есту қабілеті, ойлау қабілеттілігін, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Әдісі-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, саяхат, ойын.

Көрнекіліктері: Үй жануарларының суреттері, мультимедиа

Іс-әрекет кезеңдері

Дефектологтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық ынталандыру

шылық

Амандасу

«Кубик» әдісі.

«Кубик» әдісі арқылы амандасады.

Ұйымдастыру

шылық

Ізденушілік

Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын Бейнероликке назар аударып қарап алайык

Бейнеролик «Үй жануарлары»

-Жарайсындар, балалар! Олай болса бүгін біз үй жануарларына саяхат жасаймыз.

-Ал балалар, үй жануарларының адам үшін пайдасы зор. Сиырдың сүтін ішеміз, сүтінен айран, құрт, ірімшік, май, сүзбе аламыз, еті азық, терісінен киім, былғары алады.Жылқы мінсе көлік, қымызы ем, еті азық. Түйе мінсе көлік, шұбаты ем, еті азық, жүні дертке шипа, көрпе, жастық жасайды. Қой мен ешкі еті азық, сүтін ішеміз, жүнінен киім-кешек жасайды. Сатсаң ақша болады. Мысық тышқан аулайды. Ауырған жеріңді емдейді. Ит үйіңді күзетеді, аң аулайды, адал дос.


Үй жануарларына саяхатымызды бастаймыз.

  1. Ойын: «Үй жануарлары не береді?»

Шарты: Үй  жануарларының суреті ілініп тұрады,қасына қай жануар не береді, сол суретті жанына жабыстырып қояды.

Балалар, бәріміз тақтадағы суреттерге қарайық.
Түйе --- шұбат
Қой ------- ет
Ешкі ------ жүн
Сиыр ----- сүт,май береді.

-Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар.

Балалар міне үй жануарлардың адамдарға пайдасы көп.Адам денсаулығына ет пен сүттің пайдасы өте зор екен.

Дескриптор: Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды


2. Келесі ойын «Иә немесе жоқ».

1.Қозы кішкентай ма?

2.Қасқыр үй жануары ма?

3.Жылқы сүті қымыз ба?

4.Ит мияулай ма?

5.Түйе үлкен бе?

Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді.



3.Сергіту сәті

«Айналамыз, айналамыз,

Досымыздан допты аламыз»


4. «Кір жаятын жіп» әдісі

Жіптерге үй жануарларын қыстырғышпен ілу керек

Дескриптор: Үй жануарларын тауып іледі.


5.Арт-терапия «Бейнелеу»

Қол моторикасын дамыту

Дескриптор: Ұннан жануарлардың бейнесін шығарады



Бейнеролик көреді



















Тақтада берілген тапсырмаларды орындайды.










Сұрақтарға жауап береді





Сергіту жаттығуын орындайды


Үй жануарларын жіпке қыстырғышпен іледі.

Ұннан жануарлардың бейнесін шығарады

Рефлексивті түзетушілік

Қорытынды:

- Балалар, сендер бүгінгі сабақта не туралы айттық?

- Сендер немен таныстыңдар?

- Үй жануарларының адам үшін пайдасы зор ма?

-Біздер оларды аялап өсіріп бағуымыз керек екен


Кері байланыс «Фотопарат»

Оқушылар смайликтер таңдау арқылы кері байланыс береді







Смайликтер арқылы кері байланыс



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Үй жануарларын танып,білу

Меңгеруі: Үй жануарлары туралы жан-жақты түсінік алды
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13.02.2025
190
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі