400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Үй жануарлары», балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың үй жануарларына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге, төрт түлікті күтіп бағуға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Балалардың үй жануарларына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге, төрт түлікті күтіп бағуға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу. Сұрақ-жауап, ойын, суретпен өлең айту.

Көрнекілігі: Проектор, ноутбук, суреттер, қорапшалар, желім, сулық.

Қызмет этаптары

Тәрбиешінің әрекеті

Балалар әрекеті

Ұйымдастырушы қозғаушы









Ұйымдастыру –ізденушілік





Балалар, көңіл-күйіміз қандай?

Бүгінгі күн күндегіден ерекше секілді, бір-бірімізбен, қонақтармен жарқырап шыққан күнмен амандасайықшы.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы таң балалар!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде қандай өзгерістер болады?


Өткен сабақта қандай тақырыпты әңгімеледік?


Дұрыс айтасыңдар балалар. Көктемде жерге жасыл шөп өсіп шығады. Осы шөптерді қандай жануарлар жейді?


Балалар, бүгін біз үй жануарлары және оның төлдері жайлы әңгімелейміз.

Суретпен жұмыс.

Суретте қандай жануарлар бейнеленген?

Бұл ненің суреті?

Қойдың төлін қалай атаймыз?

Сиырдың төлін қалай атаймыз?

Ешкінің төлін қалай атаймыз ?

Жылқының төлін қалай атаймыз?

Түйенің төлін қалай атаймыз?

Балалар сендерді әжелерің қалай еркелетеді?

Бота, қошақан, құлыншақ туралы өлең шумақтарын есімізге түсіріп көрейікші.

Даяна: Қырау-қырау құлыным,

Құрығыма түсе ғой.

Тазасын жеп сұлының,

Мөлдір судан іше ғой.

Ажар: Мынау тұрған бұзау,

Алдында тұр ожау.

Ұнататын тамағы ,

Шекер емес тұз ау.

Айша: Кіп кішкене момақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзің деп.

Уалихан: Шөре шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектемей деміңді ал,

Селтеңдмей құлағың.

Негина: Мен лақпын, лақпын

Селтеңдеген шұнақпын.

Асыр салып ойнаймын,

Арасында құрақтың.

Рамазан: Сенің де атың Ақбота

Менің де атым Ақбота.

Тәтті ұйқыға бат, Бота,

Жат Бота Ақбота.

Сырым: Ата мені «құлыным» – дейді

Әжем мені «боташым» – дейді

Әкем мені «шырағым» – дейді.

Шешем мені «қозым» – дейді

Ал шынында мен кіммін?

Мен кәдімгі баламын.


Сиыр қалай дыбыстайды?

Ешкі қалай дыбыстайды?

Жылқы қалай дыбыстайды?

Қой қалай дыбыстайды?


Плакатпен жұмыс

Суретте не белгіленген?


Балалар біз лақ пен бұзауға арналған өлең айттық.

Енді қошақанның мамық жүнін жабсырып ақ қошақан жасайық.

Балалар, қошақан дайын болам дегенше ойын ойнайық.

«Төлдерін тап»

Шаршадық па балалар? Сергіту сәтін жасап, сергіп алайық.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірін

Қай өрістен тойдың?


Қошақан дайын болған секілді. Қошақанның түсі қандай?

Қошақанның аяғы нешеу?

Басы нешеу?

Жұмбақ:

Кіп-кішкене бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Балалар жұмбақтың шешуі не деп ойлайсыңдар?


Жақсы










Көктем

Қар ериді, гүлдер, шөптер өседі.

Көктем тақырыбында



Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.




Түйе, қой, ешкі, жылқы, сиыр.


Қозы

Бұзау

Лақ

Құлын

Бота

Қозым, ботам,

құлыншағым.

































Мө-мө-ө

Мә-ә, Мә-ә

Иһоо-о

Мә-ә, мә-ә



Лақ, бұзау. Ожау, тастар, шөптер.










Балалар қимыл, іс-әрекеттер жасайды.



Ақ!

Төртеу

Біреу





Қошақан


Жетекші –жөндеуші

Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?


Қандай жаңа сөз үйрендік?

Қой, ешкі, жылқы, сиыр, түйе.

Төлдер



Күтілетін нәтижелері:

Біледі: Үй жануарларының аттарын, төлдері аттарын атайды.

Қалыптасқан түсініктер: Сурет бойынша өз ойларын еркін айта алады.

Орындаушылық қабілеті: Берілген тапсырманы түсініп біледі, сұрақтарға толық жауап береді.













«Түркістан қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің «Балдырған» ясли - бақшасы» МКҚК





Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті



Тақырыбы: Үй жануарлары



№12 «Ақ желкен» тобы

Тәрбиеші: Бегентаева Ж.











2014 ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1343
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі