400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Үй жануарларының көктемгі тіршілігі. Көктемдегі адам еңбегі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарларының көктемгі тіршілігі жайлы түсінік беру Оқушылардың үй жануарларының көктемгі тіршілігі жайлы білімін кеңейту. Табиғаттың өзгерісіне байланысты көктемде адам еңбегінің де өзгеретінін түсіндіру. 2.Балалардың сөздік қорларын молайту, мәтінді мазмұндауға дағдыландыру. 2.Көктемгі адам еңбегінің түрлері жайлы түсінік беру Балалардың сөздік қорларын молайту, Оқушылардың еңбек туралы көзқарасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дүниетану.

Сыныбы: 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларының көктемгі тіршілігі. Көктемдегі адам еңбегі.

Сабақтың мақсаттары:1.Үй жануарларының көктемгі тіршілігі жайлы түсінік беру

Оқушылардың үй жануарларының көктемгі тіршілігі жайлы білімін кеңейту. Табиғаттың өзгерісіне байланысты көктемде адам еңбегінің де өзгеретінін түсіндіру.

2.Балалардың сөздік қорларын молайту, мәтінді мазмұндауға дағдыландыру. 2.Көктемгі адам еңбегінің түрлері жайлы түсінік беру Балалардың сөздік қорларын молайту, Оқушылардың еңбек туралы көзқарасын дамыту.

3.Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: слайдтар, суреттер, кеспе қағаздар

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:


Шаттық шеңбер «Жалын - мұз» тренинигі

Ұйымдастыру

Топқа бөлу 1-топ «Ботақандар» 2- топ «Құлыншақтар» 3- топ «Қошақандар»

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

«Ескіні есіңе алмай, жаңа жадыңа түспейді» (үй тапсырмасы)

Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі. Құстардың көктемгі тіршілігі.Үй құстарының көктемгі тіршілігі.

Үй тапсырмасын бекіту

Қандай құстар ұясын су маңына салады?

Қарлығаш ұясын қалай салады?

Жабайы аңдар деп қандай жануарларды айтады?

Жабайы жануарлар дегеніміз не?

Жыл құстарын айту. Отырықшы құстарды айту.

Ой қозғау

Ешкі маған түбітін берді

Қолғап кидім.

Қой маған жүнін берді

Қалпақ кидім.

Сиыр маған сүтін берді

Қаймақ жедім.

Сиыр бақпасам,

Қайдан жедім

Түйе маған қымыранын берді,

Кертіп іштім

Жылқы маған қымызын берді

Шертіп іштім

Жаңа тақырып:

Үй жануарларының көктемгі тіршілігімен таныстыру. Көктемдегі адам еңбегі.

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең көлік, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)

Кезекті бір жануар.

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар. (қой)

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар. (сиыр)

Секең – секең етеді,

Таумен тасқа жетеді. (ешкі)



Дәптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс:

1-топ «Ботақандар» «Үй жануарларының көктемгі тіршілігі»

2- топ «Құлыншақтар» «Шөл даланың кемесі»

3- топ «Қошақандар» «Көктемдегі адам еңбегі» (топтық жұмыс)

Сергіту сәті

Дұрыс болса шапалақтаймыз, ал жауабы дұрыс болмаса аяқтарымен топылдатамыз.


«Жарқырасын жұлдызың....» Топқа берілетін жұмыстар

1-топ «Ботақандар» Семантикалық карта «Өз орнын тап»

2- топ «Құлыншақтар» «Көктем көрінісі» сурет салу «Көктемді бейнеле»

3- топ «Қошақандар» Сөзжұмбақ шешу «Ойлан тап»



«Тез ойла, сөз ойла» ойынын ойнап жіберейік.

1-топ ........... құлындайды. (бие)

2-топ............қоздайды (қой)

3-топ..........боталайды (түйе)


Қорытынды

Үй жануарларын қалай күтеміз?

Адамдар үй жнуарын не үшін ұстайды?

Олардың пайдасы қандай?

Құстар неге трактордың артынан еріп жүр?

Өздерің қандай жұмыс атқарасыңдар?

1.Бір жылда қанша ай бар?

А) 12 Ә) 10 Б)13

2.Сиырдың сүтінен жасалатын сусын

А) қымыз Ә) айран Б) шұбат

3. Тиісті сөзді қой Көтемде ағаштар ........

А) тоңады Ә) Б) бүршік жарады

4. Түйенің төлі

А) бұзау Ә) бота Б) құлын

5. Көтем айын тап

А) мамыр Ә) маусым Б) ақпан




Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтай отырып, бағалау.

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқу,мазмұнда. Өзіңе ұнаған бір үйжануардың суретін салып, ол жайлы мәлімет жина.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі