Ашық сабақ "Үй құстары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Үй құстары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда Үй құстары туралы балалардың жалпылама түсінігін қалыптастыру, білімін жүйелеу;• Тақырып бойынша сөздік қорын кеңейту;• Сөзді қимылмен үйлестіру, сөйлеуді түсінуді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Үй құстары» тақырыбы

Баланың аты-жөні: Жарылқасын Айзия, Манат Алисұлтан

Диагнозы:ЗПР, ОНР ІІ ур.

Түзете- білімділік мақсаты:

  • Үй құстары туралы балалардың жалпылама түсінігін қалыптастыру, білімін жүйелеу;

  • Тақырып бойынша сөздік қорын кеңейту;

  • Сөзді қимылмен үйлестіру, сөйлеуді түсінуді үйрету.

Түзете – дамытушылық мақсаты:

  • Саусақ жаттығуы арқылы ұсақ моториканы дамыту;

  • Ойын арқылы есте сақтауды, есту арқылы қабылдауды, назар аударуды, ойлау қабілетін дамыту.

Түзету-тәрбиелік мақсаты:

  • Ересек адамның сөзін тыңдауды, бақылай білуді үйрету.

  • Мінез- құлқын, жүріс-тұрысын дұрыс ұстай білуді үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

І. Барысы:

Амандасу

Шаттық шеңбері

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын кез келді!

Қайырлы тан!

Қайырлы күн!

Логопед:Жерден қауырсын көріп, балалар мынау не?-деп сұрайды.

Логопед:- Ненің қауырсыны

Балалар: - Құстардың

Логопед:- Жарайсыңдар, балалар. Бұл қауырсын бұл жерге қайдан тап болды екен? Қане, қолымызға ұстап көрейікші!

-Қауырсын ауырма? (жеңіл)

-Қауырсын лас па? (таза)

-Қауырсын қара ма? (ақ)

-Бұл қауырсындар бұл жерде қайдан жатыр екен?Бұл қауырсынның иесі орманда өмір сүредіме екен, әлде құстар ауласында ма екен? Қане қауырсынды үрлеп көрейікші.

Тыныс алу жаттығуы: балалар терең дем алып, қауырсынды үрлейді. (Осы кезде құстардың дауысы естіледі)

Дидактикалық ойын: Ненің дауысы?

Тауық келеді. Құстардың ауласы үлкен екенің, өзі балапандарын жоғалтып алғанын айтып, балалардан көмек сұрайды.

Логопед: Балалар тауыққа көмектесеміз бе?

Ендеше құстар ауласына кеттікпе? Қане бәріміз бірге 1,2,3-деп санайық, сонда құстардың ауласына тап боламыз. Ой, балалар біз қайда тап болдық?

Құстардың ауласына.

Ла-ла-ла міне мынау аула

Ын-ын-ын басталады міне ойын

Ар-ар-ар-міне мынау құстар

Ан-ан-ан іздейік қане балапан.

-Кәнекей балалар тауықтың балапанын іздейік. (барлығы айналып үйректің қасына келеді)

-Балалар мынау қандай құс?

-Бұл балапан.Үйректің балапаны өз анасынан ажырап қалыпты. Үйректің балапаның анасына қосайық. (Монтессори желісі бойынша жалпы моторикамен жұмыс істеу)

-Үйректің ауласында айналар тұр екен?Қанекей айналар алып тілімізге жаттығу жасап көрейік.

Артикуляциялық жаттығу:

ТShape2 Shape1

аңертен үйрек ерте тұрып, сағатқа қарады.

Айнаға қарап тұрып тісін тазалады

Содан соң серуенге шықты.

Ол әткеншек теуіп, футбол ойнады.

Сөйтіп үйрек шаршап үйіне оралды.

Бұл жерде тауықтың балапаны көрінбейді. Әрі қарай іздейік. (Барлығы айналып қаздың ауласына келеді.)

Логопед:- Балалар мынау қандай құс?

Балалар:- Қаз.

Логопед:-Дұрыс айтасындар, мына жерде қаздар тұрады екен. Қане қаздар немен қоректенеді екен?

Мына жерде бидай, тары тұр екен, яғни қаздар бидаймен қоректенеді екен. Қанекей,қаздардың балапандарының қарны ашып қалған екен? Қане балапандарға тары берейік.

Саусақ жаттығуы: «Құсты тамақтандыр».

Енді бойымызды сергітіп алып , әрмен қарай балапандарды іздейік.

Сергіту жаттығуы. Қазым-қазым қаңқылда.

Көлде жүзіп салқында

Жем шайын жейсінбе?

Кәмпит берші дейсін бе?

Қаздың қасында тауық балапандары көрінбейді, әрі қарай іздейік.

Балалар айналып күркетауыққа келеді.

Логопед:- Балалар мынау қандай құс?

Балалар: - Күркетауық.

Логопед:- Дұрыс айтасындар бұл күркетауық деген құс. Қарандаршы күркетауықтың ауласында қағаздар шашылып жатыр екен.

Дидактикалық ойын: «Орнын тап». Құстың денесіне сәйкес келетін тас бөлігін табу керек.



Picture 7



Ой жарайсындар балалар күркетауықтың ауласында да балапандар көрінбейді. Балапандары қайда екен. Балалар бұл не?

Балалар: - ұя.

Логопед: -Мүмкін балапандар мына ұяның ішінде шығар. Қане қарайық. Балалар мұнда жұмыртқалар бар екен. Бірақ жұмыртқалар бөлініп қалыпты, жұмыртқаларды біріктіріп берейікші.

Дамытушы ойын: «Сыңарын тап»

Логопед:-Жарайсыңдар балалар жұмыртқаларды біріктірдік. Бұл жұмыртқа тауықтың жұмыртқасы екен. Тауыққа жұмыртқалар табыстайық. Тауық бұл жұмыртқаларды басып отыру керек, сол кезде жұмыртқалардан балапан шығады.

Балалар:- Жарайды.

Логопед:- Балалар ,тауық бізге рахметін айтып, ризашылығын білдіріп жатыр. Олай болса осымен сабағымызды аяқтайық. Сау болыңдар балалар.

Балалар: Сау болыңыз.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2024
631
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі