400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Үй құстары 3-сынп

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сыныптарға қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерге қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: «Озерный негізгі мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Искакова Алтын Калкамановна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақты тақырыбы

Үй құстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Т3. Хабарламаны тыңдау, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оқиға желісі бойынша суреттерді орналастыру, кесте толтыру.

Ж1. Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолданып сөйлем құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады

1.«Үй құстары» тақырыбы бойынша хабарламаны тыңдайды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, оқиға желісі бойынша суреттерді орналастырады, кесте толтырады.

2.«Үй құстары»тақырыбына сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолданып сөйлем құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

1.«Үй құстары» тақырыбында берілген сөз бен сөз тіркестерін пайдаланып диалог құрастырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

1. «Үй құстары» тақырыбы бойынша тыңдалған мәтінге қосымша мәлімет құрастырады.

2.Сөйлемдегі сөздердің орналастыру тәртібін зерттей алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша мәтін құрастырады.

Тілдік мақсат

Үйрек, тауық, қаз, күркетауық, балапан, төмен.

Сұрау есімдіктері:

Мынау не? Ол не істейді?

Құндылықтарды дарыту


Үй құстарына қамқорлық көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, видео.

Бастапқы білім


Жем шашамыз.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылар «Жүректен жүрекке» әдісін пайдаланып шаттық шеңберге тұрады. Сабаққа деген жылы лебіздерін айтады. Енді оқушылардың сабаққа деген көңіл-күйлерін анықтаймыз. Оқушыларға алдарына берілген смайликтерін көрсетеді.


Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардан сөздерді сұраймын.

Жүрекше, Смайлик

Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.


Сабақтың ортасы

22 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту.

үй құстары- үйдің ауласында жүреді, адамдар жем береді, су береді,үй құстары ұша алмайды,

үйрек қаз


әтеш тауық


Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

Үлкен үйрек, тауықтың балапаны, бес қаз, әтешке су беру

Тауықтың балапаны жем жеді.

Үй құстарын ағылшын және орыс тілдерінде айту

(Т) Тыңдалым

Тыңдалым алды тапсырма

Венн диаграммасын толтыру: үй құстары мен жабайы құстарды салыстырады.

1-тапсырма: (Ж) (Тақтамен жұмыс) Тыңдалым тапсырмасы

Тыңдалым мәтіні

Атамның қорасында үй құстары бар. Үй құстарына қаз, үйрек, тауық, әтеш жатады. Үй құстары төмен ұшады.

Атам құстарға ұя жасады. Олар сол ұяда жатады. Мен құстарға жем, су беремін.


Мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады.

Керекті сөздер: Қайда?Қалай Кім? Не? Нелер?

  • Атамның қорасында ... бар?

  • Үй құстарына ... жатады?

  • Олар ... жатады?

  • Үй құстары ... ұшады?

  • ... құстарға ұя жасады?


Орындап болған соң, жұптар келесі жұппен бірлесіп, жұмыстарын талдайды. Жауаптарын бағалайды.

(«Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын», «Ойлан»)

(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Сурет бойынша сөйлемдерді толықтырады.

Атамның ... үй құстары бар. Үй құстары: ..., ..., ..., ..., ... .

Үй құстары ... ұшады. Біз үй құстарына ... .

(Дәптерлерін тексеру)


2-тапсырма: (А) Айтылым.

Суреттерге қара. Сөйлемдерді толықтыр.

3-тапсырма: (Ж) Оқылым. (Жұптық жұмыс) Диалогты рөлге бөліп оқиды. Сөйлемдерді интонациясына сәйкес оқуларын ескерту.

-Әлібек, мынау қандай құстар?

-Бұл – үй құстары.

-Мынау не?

-Бұл- үйрек.

-Мынау не?

-Бұл- тауық.

-Мыналар ше?

-Мынау-қаз. Анау- әтеш.


Сергіту сәті: оқушылар би билейді.


6-тапсырма: (Т) Айтылым. (Топтық жұмыс) «Қандай құс?» ойыны.. Оқушылар текшелерге суреттерді жабыстырады.

«Бас бармақ әдісі» бойынша бағалау

Тақта, суреттер.



















































Смайлик










Оқулық.






Оқулық.










Тақта.

Сабақтың соңы

10 минут

Оқушылардың «Үй құстары» тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады.


Үй тапсырмасы:

(МК, Ұ) Жұмбақтар жасыру

1.Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
(Балапан)
2. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені,
Жата қалса орнына
Ақ доп тастап кетеді.
(Тауық)
3. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.

(Қаз)
4.Суға түссе балықтай
Жүзе берер жалықпай

Үйрек

5. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.

(Әтеш)

Өзіңе ұнаған 2-3 жұмбақты жаттап ал.

Рефлексия


Тақтадағы суреттер























Суреттер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
4134
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі