жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік"
Білім беру саласы:Қоршаған ортамен таныстыру.
Білім беру бөлімі:Таным
Тақырыбы: «Үйдегі ,көшедегі қауіпсіздік».
Мақсаты:Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау ,балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.Үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру,қауіпті заттармен,қауіпсіздік жағдайларымен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.Кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу .Балаларға жақсымен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Балалар қазір біз сендермен ерекше қауіпсіздік еліне саяхатқа барамыз.Ең алдымен қазір біз сендермен көшедегі қауіпсіздік жайлы айтамыз.
Сұрақ жауап:
1.Бағдаршамның неше түсі бар?Үш
2.Қай түс жанғанда машиналар жүреді?жасыл
3.Көлік күтетін жерді қалай атайды?аялдама
4.Көшеде қалай жүру керек?абайлап оңға солға қарап.
5.Көшеде тағы не істеуге болмайды?көшеде танымайтын адаммен сөйлесуге болмайды,қолынан заттарды алуға болмайды,пакет жәшік жатса барып ашуға немесе алуға болмайды үшінде жарылғыш заттар болуы мүмкін.
Тәрбиеші:Жақсы балалар көшеде жүргенде абай болып бағдаршамға қарап жүру керек.
(Есік тарсылдатып Дымбілмес келеді,қолы байланған ).
Дымбілмес:Сәлеметсіңдерме балалар!
Тәрбиеші:Сәлеметсіңбе Дымбілмес,сенің қолына не болған?
Дымбілмес:Үйде жүгіріп жүріп құлап қолымды ауыртып алдым .
Тәрбиеші:Балалар онда Дымбілместі бірге алайық қауіпсіздік еліне ,сонда үйдегі ережелерге үйретеміз.
(Қауіпсіздік еліне келеді)
Тәрбиеші:Балалар міне біз сендермен қауіпсіздік еліне келдік,енді біз осы елдің барлық тапсырмаларын орындап,қауіпсіздікке үйретуіміз керек.
Тәрбиеші:Балалар енді назарымызды экранға аударайық.(суреттер бойынша сөйлесу)
-Сонымен балалар үйде не істеуге болмайды?-сіріңкемен ойнауға,розеткаға саусақты салуға,үтікті қосуға болмайды,көшеде ойнауға болмайды.
Тәрбиеші:Енді балалар мында қарандаршы мында бір сиқырлы қорапша тұр ,оның үшінде не бар екенің жұмбақтарды шешсек қана көреміз.
Жұмбақтар:Қызып кетсе табаны
Бар жалғыз ақ алаңы
Бар жалғыз ақ шатағы
Іздей бастар матаны (Үтік)
Жылмаң жылмаң етеді
Жылмандап сайдан өтеді
Із міз тастап кетеді (Ине)
Өткір жүзді келеді
Өте қажет құрал ол
Тұтас затты бөледі
Ұсақтап та турар мол (пышақ)
Кішкене ғана келіншек
Төбесінде түйіншек (шеге)
Елу тентек тып тыныш
Бір сарайда жатады
Тысқа шықса біреуі
Жарқ етіп от шашады (сіріңке)
Қос таяқ
Бастары дөңгелек
Тұтасты
Кеседі бөлек бөлек (қайшы)
Тәрбиеші:Жақсы балалар жәшіктің ішінде не бар екенің көрдік,енді осы заттармен бір ойын ойнаймыз.Бұл заттардың барлығын үйде қолданамыз.
Д.ойын: «Жақсы, жаман».
Балалар:
Үтік - жақсы өйткені онымен киімдерді өтектейді,ал жаман қолымызды кидіріп алсақ.
Қайшы- жақсы онымен әр түрлі заттарды қияды,жаман дұрыс қолданбасан қолынды көзінді жарақаттап аласың.
Сіріңке -жақсы онымен от жағамыз,ал жаман өрт шығуы мүмкін .
Пышақ-жақсы онымен әр түрлі заттарды тураймыз,ал жаман абай болмасақ қолымызды кесіп аламыз.
Шеге-жақсы екі затты біріктіреді ,шеге жаман абай болмасаң денені жарақаттайды.
Ине-жақсы онымен киім тігеді ,жаман қолымызға кіріп кетсе.
Тәрбиеші:Сонымен балалар осы заттармен үйде абай болу керек,үлкендердің рұқсатынсыз тиіспейміз.
Дымбілмес:тағы қандай үйдегі ережелерді мен білуім керек?
Тәрбиеші:Жақсы балалар енді біз Дымбілмеске үйде қандай ережелерді ұстау керектігін айтып берейік,келіндер шеңберге тұрып кім не біледі айтады.
(Балалар жауап береді кезекпен)
Үйдегі ережелер:
1.Тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды,қақалып қаласың.
2.Биік орындыққа ,шкафқа ,терезенің үстіне шығуға болмайды,құлап қаласын.
3.Есікпен ойнауға болмайды,қолынды қысып аласын.
4.Қайшыны ұқыпты пайдалану
5.Розеткаға әр түрлі заттарды тығуға болмайды.
6.Танымайтын адамға есік ашпау
7.Үйде жүгіруге болмайды.
Дымбілмес:Жақсы балалар енді үйде жүгірмейтін боламын.
Жүргізуші:Енді балалар келесі тапсырмамыз «Болады, болмайды» ойыны мына үстелден бір қызыл бір жасыл дөңгелек алып жартылай шеңбер жасап тұрайық.Мен сендерге сұрақтар қоямын сендер не болады не болмайды деп жауап беріңдер көрсетіңдер.
Д.ойын: «Болады,болмайды».
1.Өрт болғанда 01 нөміріне қоңырау салуға?-болады.(жасыл)
2.Жанып тұрған сіріңкені тастауға ?-болмайды(қызыл)
3.Өрт шыққан жерде қалуға?-болмайды.(қызыл)
4.Өрт кезінде шкаф үшіне тығылуға ?болмайды(қызыл)
-неге?
-өрт сөндірушілер тауып алмайды.
5.Бос шәйнекті тоққа қосуға ?- болмайды.(қызыл)
6.Ауырғанда емделуге кез келген дәріні ішуге ?болмайды(қызыл)
7.Көршілерден көмек сұрауға ?болады(жасыл)
(Муз қойылады өрт сөндірушілер келеді)
1 өрт сөндірушілер:
Өрт ережелерін қатаң сақтандар!
2 өрт сөндіруші:Ереже барлығына қатысты
Бұл ереже ең маңызды
Көшеде де,бөлмеде балалар естеріне сақтандар.
Екеуі:Сіріңкеңі қозғама,сіріңкеден от шығар.
1 өрт сөндіруші:Ережені есте сақтау өте оңай
Электр аспаптарымен болыңыз әсте сіз абай
Әйтпесе мынадай оқиға болады.
(Мысық музыканың сүймелдеуімен шығады фартугін үтіктейді ,үтігін қалдырып кетеді)
Жүргізуші:Жиналды үйі мысықтың.
(Үйшіктің алдында от жүгіреді)
(Мысық көзі алақтай қолың сермеп онды солды жүгіреді).
Тауық:Мысықтың үйі жанды деп су құяды асығып.
Мысық:Ұшыратпай қайғыға көмектесер қашанда
Көмек қолын созатын ,
Өрт сөндірушілерге мың алғыс!
2 өрт сөндіруші:Еңбегіміз еш етпей
Өртті жақсы сөндірдік
(Марш музыкасымен өрт сөндірушілер кетеді)
Жүргізуші:Сонымен балалар үтікті сөндірмей қалдыруға болмайды екен,розеткадан алып тастап басқа жұмыстарды істеу керек.
-Сонымен балалар отты немен сөндіруге болады? -Су мен кұммен.
-Өртті кім сөндіреді?- Өрт сөндірушілер.
-Өрт сөндірушілер өрттің болғандығын қайдан біледі?-оларға телефонмен қоңырау салып қай жерде өрт болып жатқандығын айтады
-Егер өрт болса қандай нөмірге хабарласу керек?-01
-Өрт неден туындауы мүмкін ?-сіріңкемен ойнаудан ,бензиннен,майшамнан,электр аспаптарын қараусыз қалдырғаннан.
-өрт несімен қауіпті?өрт кезіңде киімдер,пәтер жанадыы бірақ ең бастысы адамдар өлуі мүмкін.
Жүргізуші:Жақсы енді от туралы кім мақал біледі.
Балалар:
От пен ойнама күйесің .
Сіріңке кішкентай ғана ,ал оның оты үлкен.
От су емес,жүзіп шықпайсың
4 Отсыз түтін жоқ ,түтінсіз от жоқ.
Жүргізуші:Жақсы ал енді орнымыздан тұрып майшам жасайық.Денемізді қозғаймыз ол майшам,ал қолдарымыз от,жоғары көтереміз,оңға солға қозғаймыз.
Жүргізуші:Жақсы балалар мына үстелде қарандаршы көптеген сандар жатыр олар неге байланысты екенің бізге айтып беріңдер және тақтада ілініп тұрған машинаға апарып қоямыз.
1.Егер өрт болса қай нөмірге звондаймыз?101
2.Егер пәтерге бөтен адам кіруге ұмтылса ,қатты тарсылдатса?102
3.Егер біреудің сенің денсаулығын нашарласа?103
4.Егер газдың иісін сезсендер?104
Жүргізуші:Жақсы балалар біз Қауіпсіздік елінің барлық тапсырмаларын орындадық.
Дымбілмес:Рахмет балалар сендерге мен енді үйде өзімді қалай ұстауым керектігін білемін,ережелерді ұмытпаймын,менің кететін уақытым болды.
Жүргізуші:Енді біз қауіп төнген жағдайда ,біз өзімізді қалай ұстауымыз керектігі туралы ережені білетін боламыз.Осымен сабақ аяқталды,топқа ораламыз.
2018 жыл
Тақырыбы: «Үйдегі ,көшедегі қауіпсіздік».
Ақкөл қаласы
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген