400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Үйдегі қауіпсіздік" ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру; үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту; өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

"Боакөз" жекеменшік балабақшасы

Тәрбиешісі:Рисбаева Назира

№2 "Ботақан" ортаңғы тобы




Білім беру саласы:Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Үйдегі қауіпсіздік .

Мақсаты: Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру; үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту; өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.

Керекті құралдар: сіріңке,шеге, балға,қайшы, ойыншық телефон, тақырыпқа сай суреттер

Алдын-ала жұмыс: қауіпсіздік туралы әңгімелеу.

Жеке –жұмыс: Жанеркеге қауіпсіздік туралы әңгімелету.

Сөздік жұмысы: қауіпсіздік.

Бингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері- правила безопастности, жүгіруге болмайды – нельзя бегать, сөйлеуге болмайды – нельзя разговаривать

Педагог балалармен бірге шеңбер құрады. «Танысайық ойыны».

Жүргізуші допты бір балаға лақтырып, атын сұрайды:

- Мына баланың аты кім? Балалар хормен баланың атын айтады. Осылай кезекпен ойын жалғаса береді.

- Балалар, біз бүгінгі оқу-қызметімізде қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелейміз . Бүгінгі оқу-қызметіміз қауіпсіз-мінез құлық негіздері. Тақырыбы: Үйдегі қауіпсіздік.

Ал сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не? - Қауіпсіздік деген – өзіңді қорғау және сақтау.

-Иә, балалар, сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Бүгін біз, егер сондай жағдайларға ұшырасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз.

-Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін? Балалар суреттердегі жағдайларды әңгімелейді.

-Үйден өрт шығуы мүмкін.

-Қатты жүгірсең, құлайсын.

-Сынған әйнекке аяғыңды жаралап аласың.

-Мына суреттерден тұрғандарыңдай, барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.

Бингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері- правила безопастности, жүгіруге болмайды – нельзя бегать, сөйлеуге болмайды – нельзя разговаривать.

-Көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір әйел есікті қағып, ашуды өтінді. Сендер не айтасыңдар? Балалардың жауаптары. Балалар әртүрлі жауап айтуы мүмкін.

- Анам үйде жоқ, қазір келеді. –Есікті ашып, әйелді үйге кіргіземін. Үндемей отырамын.

Балалар дұрыс жауапты таңдап, оны талқыға салады.

-Телефонмен 101нөміріне хабарласып, үйдің мекенжайын, нөмірін толық хабарлау керек.

Балалар ойыншық телефоннан 101 нөмірін қалай тері керек екенін көрсетеді.

-Қайсы жауап дұрыс деп ойласындар?

Сергіту:

Секірейік,секірейік,

Ұзын құлақ қоянша

Шаршағанды кетірейік

Болар сонда тамаша.

-Сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты. Сендердің іс – әрекеттерің қандай болады? Балалардың жауаптары.

Педагог үстел үстіне құрал –саймандарды: балға, шеге, қайшы, сіріңке қояды. «Жақсы -жаман» ойыны. Шарты: құрал –саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту. Балалар құрал –саймандардың не үшін, қалай пайдаланылатынын түсіндіреді. Құрал –саймандардың пайдалы жағын және қауіпті жағын айтады.

-Балға жақсы. Онымен шеге қағады. Қолды ұрып алғанда жаман.

-Балта жақсы, онымен отын жарады. Балта жаман, оқысқа қолынды шауып алуың мұмкін.

Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң, денені жарақаттайды.

-Қайшы жақсы, керек бұйымды қияды, қайшы жаман дұрыс қолданбасан , қолыңды, көзіңді жарақаттауың мұмкін.

-Сіріңке жақсы, онымен от тұтатамыз, жаман – өот шығуы мүмкүн.

Құрал – саймандарды ұқыпты пайдалану керек.

-Бұл заттардан зардап шекпес үшін не істеу керек? Балалар ойланып жауап береді. -Дене шынықтыру сабағында, серуенге шыққанда, ойнағанда жүгіруге болады.

Қол жуатын жерде ойнап, бір-бірін итеруге болмайды, себебі тайып құлауың мүмкін.

-Апайдың ұрықсатынсыз жүгіруге болмайды, жарақаттанасын.

-Тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды, қақалып қалуың мүмкін.

-Қол еңбегімен айналысқанда қайшыны ұқыпты пайдалану керек.

-Биік орындыққа, шкафқа, терезенің ернеуіне шығуға болмайды.

-Есікпен ойнауға болмайды, қолыңды қысып алуың мүмкін.

-Бұл ережелерді үйде де сақтау қажет.

Сабақтың қорытындысы:

Балалар бізде бүгін қандай оқу қызметі болды?

-Сендер балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін білесіңдер.

-Балалар, бұл ережелерді тек балабақшада сақтау керек пе?

Барлық жерде, сақтай білу керек!Педагог балаларға «Сақтықта - қорлық жоқ» деген мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.Балалар педагогтің көмегімен қай жерде болмасын сақтық керектігін, сонда ешқандай қауіп болмайтындығын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қиын жағдайлардан шығудың дұрыс жолдарын іздейді, өзіне – өзі көмек беру дағдысын.

Игереді: қоршаған ортаға бейімделу және әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін.

Меңгереді: тиісті орындарда қауіпсіздік ережелерін.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
6789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі