Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ. Үйкеліс күші. 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
Пәні: |
физика |
|||||
Бөлім: |
7.3А Денелердің өзара әрекеттесуі |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Кері итеруші күшке есептер шығару |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
7.2.2.6 –тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау |
|||||
Сабақтың мақсаты |
- Үйкеліс күшінің формуласымен танысу, қолданып есептер шығара алу; - Үйкеліс күшінің түрлерін ажырату; |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым- қатынас жасау, көзқарастарына құрметпен қарау. Оқушылар өз бетімен, жұппен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру. |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Ұйымдастыру Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал тудыру |
Оқушылар амандасады. Сабаққа дайындалады
|
|
Бағалау үшін «Жалаушалар» |
||
Алдыңғы білімді тексеру 3 мин Жаңа сабаққа кіріспе 4 мин Есептер шығару Бекіту Үй тапсырмасы 1 мин Бағалау 2 мин Рефлексия 2 мин Сабақтың соңы. |
Үй тапсырмасын тексеру: «Тарсиа» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау Мультфильм «Барбоскины» Сұрақтар: Мультфильм көрген соң сұрақтарға жауап алынады.
Сұрақтардың жауаптарынан кейін сабақ тақырыбы мен мақсаттары айтылады. Үйкеліс күші. Үйкелістің түрлері (тыныштық, домалау, сырғанау)
Демонстрация. Ойыншық машина тегіс, кедір – бұдырлы және резеңке бетпен жүргізу арқылы үйкеліс әрекеттерін түсіндіру. Кітаппен демонстрация «Кім жылдам?» әдісі (жеке жұмыс ) есептер шығару. Графикалық есептер 1.График бойынша анықтаңыз: А) массасы 0,5 кг дененің үйкеліс коэффициентін. Б) үйкеліс коэффициентін біле отырып массасы 0,2 кг дененің үйкеліс күшін есепте
2 . А) Салмағы 6 Н дененің үйкеліс коэффициентін анықтаңыз. Б) үйкеліс коэффициентін біле отырып салмағы 2 Н дененің үйкеліс коэффициентін анықта
А) массасы 0,25 кг дененің үйкеліс коэффициентін анықта Б) үйкеліс коэффициентін біле отырып массасы 0,1 кг дененің үйкеліс күшін анықта. Мәтіндік есептер 1. Үйкеліс коэффициенті 0,5 дене , 40Н күштің әсерінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Дененің массасы неге тең? 2. Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті µ=0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді? 3. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшiн қандай күш жұмсау керек? Үйкелiс коэффициентi μ =0,3. 4. Массасы 50 кг дене 200 Н күштiң әрекетiнен жазық бетте бiрқалыпты қозғалып келедi. Үйкелiс коэффициентi неге тең? 5. Машинаның жүгiмен қоса есептегендегi массасы 7 т, оның қозғалтқышы 35 кН тарту күшiн өндiре алады. Машинаның жетекшi доңғалақтары мен жолдың арасындағы үйкелiс коэффициентiн табыңдар (машина бiрқалыпты қозғалады деп есептеу керек) Сапалық есептер Төмендегі жағдайларда пайда болатын үйкеліс түрін анықтаңыз. Қай жағдайда үйкелісті арттыру не азайту керектігін түсіндіріңіз. 1. Көктайғақта жолға неге құм себеді? 2. Футболшы киетін аяқ киімнің табанына үшкір шегелер қағылады. Оның қажеті не? 3. Неліктен тірі балықты ұстап тұру қиын? 4. Бәтеңкенің жібек бауы, мақта бауға қарағанда оңай шешіліп қалады ? 5. Неге автомобильдердің балондары кедір-бұдыр? Үйкеліс түрлерін ажырату (суретті тапсырма) Үйге тапсырма: Есеп. Тақырыпты оқу Қорытынды есеп 1. Массасы 1 кг дене 320 Н үйкеліс күш әсерінен бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициентін тап. Жауабы: 32 2. Массасы 500 г дене 455 Н күштің әсерінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең? Жауабы: 91 Оқушылар, осы есептердің жауабына мән берейікші, бұл сандар нені білдіреді? Дұрыс, алда тәуелсіздік мерекесі жақындап келеді. Биыл тәуелсіздігімізге 32 жыл толғалы отыр. Мереке құтты болсын тәуелсіз еліміздің ұландары! . Бағалау Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау Тапсырма парағында орындалған жұмыстары алып, тексеріледі. Рефлексия: Кері байланыс |
Оқушылар берілген қағаз қиындыларынан пирамида құрастырады Оқушылар «Барбоскины» мультфильмін көру арқылы жаңа ақырыпты ашады, сұрақтарға жауап береді
Берілген графиктік, мәтіндік және сапалық есептерді шығарады Берілген суреттер бойынша үйкеліс түрлерін ажыратады
|
9 дұрыс жауап – 3 балл 6 дұрыс жауап – 2 балл 3 дұрыс жауап – 1 балл Дескриптор: - Есептің мағынасын түсініп, берілгенін жазады.(1 балл) - Формуланы пайдаланып, есептеулер жүргізеді.(1балл) Жалпы балл -2 Дескриптор: - Есептің мағынасын түсініп, берілгенін жазады.(1 балл) - Формуланы пайдаланып, есептеулер жүргізеді.(1балл) Жалпы балл -2 Әр дұрыс жауап 1 балл Жалпы балл: 2 |
«Тарсиа» әдісі бойынша қағаз қиындылары Интербелсенді тақта Бейне көрсетілім Есептер шығарылған парақтар, оқулық Интербелсенді тақта Тапсырмалар жазылған парақтар |