Ашық сабақ. Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ашық сабақ. Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүйелі 382-бұйрық бойынша барлық талаптар ескеріле отырып жасалған ҚМЖ, таныстырылым, қосымша тапсырмаларымен, таратпа материалдарымен берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

27-сабақ. Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру


Бөлім:

Денелердің өзара әрекеттесуі

Педагогтің аты-жөні


Күні:

.....12.2024

Сынып: 7-сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.2.2.6 – тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;

7.2.2.7 – үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты:

  • Үйкелістің түрлерін атау және түсіндіру;

  • Үйкелістің түрлерін бір-бірінен ажырату;

  • Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар арқылы айқындау.

  • Үйкеліс күшін математикалық өрнектеу.












Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы:



7 минут

  • Жағымды атмосфера қалыптастыру. Бірлесіп жұмыс істеуге назарларын тарту.

  • Өткен біліммен байланыс. Үй жұмысын тексеру

«Миға шабуыл» элементар сұрақтар:

Сурет:

  • Үйкеліс түрлерін атай аласыз ба?

  • Үйкеліс түрлерін ажырата аласыз ба? Оның қандай қажеттілігі бар?

  • Суреттегі денелер қозғалысына үйкелістің қандай тиімділігі бар?

  • Үйкеліс шамасын математикалық есептеуге бола ма? Оның қандай қажеттілігі бар?

Тақырып мақсаты айқындалады.

(сабақтың мақсатын атап, көрнекі түрде көрсетіп қояды)

  • Көңіл күйлерімен бөліседі, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

  • Бүгінгі сабаққа қажет болған өткен білімге шолу жасайды

  • Сұрақ-жауаптар арқылы тақырып ашылады, ортақ проблема көтеріледі, шешу жолдарын іздеуге кіріседі.

(сабақтың тақырыбын, мақсатын дәптеріне жазып алады)




-



Суреттер немесе

слайд

Қосымша-1


Сабақтың ортасы:



8 мин






10 мин





10 мин







1-Тапсырма Жеке жұмыс

«Инсерт» әдісі.

  • Үйкелістің түрлерін атау және түсіндіру;

  • Үйкелістің түрлерін бір-бірінен ажырату;

Оқулықпен жұмыс жасай отырып, жоғарыдағы мақсаттарды қамту.


Оқулық арқылы тақырып мазмұнын шолып шығады. «Инсерт» кестесін толтырады, түсіндіреді.

Тақырыптың мазмұнын мұғалімнің қолдауымен ашады.

өте жақсы

жақсы

жетілдір

(3 балл)



Слайд, тақта, оқулық, дәптер.

Қосымша-2



Таратпа материалдар

2-Тапсырма Жұптық жұмыс

Кейс әдісі.

  • Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар арқылы айқындау.

Суретте көрсетілген жағдайларға байланысты үйкелістің пайдасы мен зиянын айқындау.

Дескриптор

  • Үйкелістің түрін атаңыз;

  • Үйкелістің пайдасын түсіндіріңіз;

  • Үйкелістің зиянын түсіндіріңіз;

  • Қорытынды.

басбармақ

(4 балл)




Суреттер немесе

слайд

Қосымша-1



3-Тапсырма Топтық жұмыс

Ыстық орындық әдісі.

Оқушыларды топқа бөлінуге шақырады.

Үйкеліс күшін математикалық өрнектеу.

Үйкеліс күшін математикалық өрнектеу, формуласын қолданып есептер шығару.


Әр топтан бір немесе екі оқушы шығып жұмыстарын таныстырады.

Сабақ бойы жасаған жұмысын көрсетеді.

Дескриптор

  • Тапсырманың шартына сай шамаларды жазады;

  • Формуланы қолданып, есептер шығарады;

  • Меңгерілген ақпараттарды қолданып, түсіндіреді.

Топта бірін бірі бағалау

(3 балл)


Слайд, тақта, оқулық, дәптер.

Топқа бөлу:

https://flippity.net/rp.php?c=сынып,оқушыларының,атын,жазып,топтарға,бөліңіз,мысалы,Гүлжан,Айжан,Асқар,Айбек&t=Random%20Name%20Picker


Симмулятор

https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/template.php?s=mech_treni&l=kz

Сабақтың соңы:

5 мин

Рефлексия «Жетістік баспалдағы»

Үй тапсырымасы


Менің бүгін үйренгенім...

Өмірде қалай қолдануға жарайды...

Мен бүгінгі жасаған жұмысыма ризамын, себебі...

-

Тақта

дәптер

Қосымша-1

«Миға шабуыл» элементар сұрақтар:

  • Үйкеліс түрлерін атай аласыз ба?

  • Үйкеліс түрлерін ажырата аласыз ба? Оның қандай қажеттілігі бар?

  • Суреттегі денелер қозғалысына үйкелістің қандай тиімділігі бар?

  • Үйкеліс шамасын математикалық есептеуге бола ма? Оның қандай қажеттілігі бар?


2-Тапсырма

Суретте көрсетілген жағдайларға байланысты үйкелістің пайдасы мен зиянын айқындау.

Shape2

Shape3



Қосымша-2


Маған таныс

Жаңадан білгенім

Қиын тұсы






Қосымша-3 Есептер шығаруға арналған қосымша тапсырма


Табиғатта күштер: Үйкеліс күші

Формулалары:

Физикалық шама

формуласы

«ЅІ» дегі бірлігі

1

Үйкеліс күші

FμΝ

Н


Келтіру формулалары:

FμΝ Fμmg

Есептер шығару үлгілері.

  • Оқушы 200 г ағаш білеушені тақтай бетімен жылжытты. Үйкеліс күшінің модулі қандай? μ0,25 (g10 м/с2)

Берілгені: шешуі:

m 200 г2 10-1кг F μNμmg

μ0,25 F 0,252 10-110 0,5Н

g 10 м/с.

F - ? жауабы: F 0,5 Н

  • Массасы 2 кг ағаш білеушенің қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті μ0,3. серіппенің ұзаруын табыңдар (g10 м/с2)

Берілгені: шешуі:

m 2 кг Fү μNμmg; Fс kΔх

k= 102 Н/м Fү Fс

μ0,3 μmg kΔх

g 10 м/с .

Δх- ? жауабы: Δх 6 см.


Өз бетінше есептер шығару

  1. Динамометр арқылы оқушы, массасы 200 г ағаш білеушені горизонталь жазық орналасқан тақтайдың үстімен қозғады. Егер динамометр 0,6 Н-ды көрсетіп тұрса, үйкеліс коэффициенті неге тең?

0,3.)

  1. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының жарысында олардың бірі бірқалыпты қозғалып, массасы 23 т жүкті жеткізді. Аттың тарту күші 2,3 кН деп есептеп, үйкеліс коэффициентін табыңдар.

0,01.)

  1. Столдың горизонталь бетімен массасы 0,2 кг білеушені динамометрмен бірқалыпты сүйрейді. Динамометрдің көрсетуі 0,5 болса, сырғанау үйкеліс коэффициенті

0,25.)

  1. Ит жеккен шанаға қар үстінде жұмсалатын күш 0,5 кН. Үйкеліс коэффициенті 0,1 болса, жегілген иттердің бірқалыпты қозғалып, сүйрей алатын, жүк тиелген шананың массасы (g10м/с2)

(m500 кг.)

  1. Массасы 50 кг бала төбешіктен шанамен сырғанап, горизонталь жолмен 10 с ішінде 20 м жүріп барып, тоқтады. Үйкеліс күшін және үйкеліс коэффициентін табыңдар (g10м/с2)

0,04; F=20Н.)

  1. Массасы 4 кг ағаш білеушенің қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,25-ке тең. Серіппенің ұзаруын табыңдар .

(Δх10 см.)

  1. Білеуше горизонталь бетпен қозғалғанда, нормаль қысым күші 3 есе артса, сырғанау үйкеліс күші

(3 есе артады)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі