Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды сайтқа жариялау себебім, өзімнің тәжірибеммен ұстаздар қауымы таныса отырып, жас ұстаздарға көп көмегі тиер деп ойлаймын. Материалда ашық сабақта көрсетілген оқушылардың ой-өрісін дамытатын және тақырыпты меңгеретін әдіс-тәсілдерді қолдандым. Үйкеліс күшінің және үйкелістің техника саласында ескеру мүмкіншіліктері қарастырылған. Жас ұстаздар сабақ жоспарын құрастыруда маңызды мәлімет алады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші . Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, түрлерін және оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ой-өрісін, ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.

Тәрбиелілік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың түрі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, есептер шығару.

Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, техника.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, плакат «үйкеліс күші», жүк, ағаш білеушелер, динамометр, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

ІV Жаңа сабақты бекіту

V Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру

VІ Сабақты қорытындылау

VІІ Бағалау

VІІІ Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру.

1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

4. Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу (партадағы 4 түрлі түсті парақтарды оқушылар ұнатқан түстерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді. Қызыл- ауырлық күші, көк- серпімділік күші, жасыл- үйкеліс күші, сары-реакция күші). Әр топтың басшысына бағалау парақтарын беремін.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау .

«Ауырлық күші» тобына

1. Дененің салмағы дегеніміз не?

2. Дененің салмағының формуласын жаз?

3. Дененің салмағын қандай әріппен белгілейді және оның өлшем бірлігін ата?

4. Салмағы 500 Н бала салмағы 50 Н қандай да бір денені ұстап тұр. Ол жерді қандай күшпен қысады?

«Серпімділік күші» тобына

1. Ауырлық күші дегеніміз не?

2. Ауырлық күшінің белгіленуі , формуласы және оның өлшем бірлігі қандай?

3. Денелердің салмақсыздық күйіне мысалдар келтіріңіз?

4.Дененің Айдағы еркін түсу үдеуі 1,6 Н/кг. Массасы 50 кг адамның Ай бетіндегі салмағы қандай?

«Үйкеліс күші» тобына

1. Тіректің реакция күші дегеніміз не?

2. Тіректің реакция күшінің белгіленуі және өлшем бірлігі қандай?

3. Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?

4. Массасы 40 кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар. Айдағы gАй= 1,6 Н/кг

«Реакция күші» тобына

1. Серпімділік күші дегеніміз не?

2. Серпімділік күшінің белгіленуі, формуласы және оның өлшем бірлігі қандай?

3. Деформация дегеніміз не?

4. Серіппенің қатаңдығы 10Н/м, ұзаруы 0,05 м. Серпімділік күші қандай?



ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

«Үйкеліс күші» туралы слайд көрсетіледі.
Оқушылардың алдына мәселе қойылады. Күш әсерінен дене қозғалатынын
білеміз. Олай болса қозғалатын денелерде не байқалады ? Жауап : әрине үйкеліс слайдтан үйкеліс күшінің түрлеріне байланысты суреттерге қарап, “ бұл денелерді қозғау үшін қандай үйкелісті жеңу керек ? ” деген сұрақ қоям.
Оқушылардың жауабын алған соң, үйкеліс күшінің анықтамасын айтып,
белгіленуін көрсетемін.
Содан соң сабақтың мақсатын таныстырып, үйкеліс күшіне сипаттама беремін. Үйкеліс күшін толық сипаттау үшін оның неге байланысты, неге байланыссыз екенін тағайындауымыз керек.
Сондықтан 4 топқа оқулықтан тақырып бойынша тапсырмалар бөліп беремін. Тапсырма уақыты 5 минут.

1-топқа: Үйкеліс күші, үйкелістің түрлері,үйкелістің пайда болу себептері

2-топқа: Үйкелісті азайтудың жолдары, үйкелістің жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғанына, өңделу сапасына, қысым күшіне тәуелді болуы.

3-топқа: Нормал қысым күші, үйкеліс күшінің формуласы

4-топқа: Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.



Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Үйкеліс күшін әрпімен белгілейді.



Дененің өзі жанасып тұрған бетке (жанасу бетіне перпендикуляр) түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды. Оны әрпімен белгілейді.
Үйкеліс күші қысым күшіне тура пропорционал:

  • - үйкеліс күшінің модулі;
    - үйкеліс коэффициенті;
    – қысым күшінің модулі.



Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

IV жаңа сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс. 14-жаттығу. Әр топқа есеп беріледі.

  1. Шананы қар үстімен сүйрегенде жұмсалатын ең үлкен үйкеліс күш 0,5 кН болады.Үйкеліс коэффициенті 0,1. Осы күштің әрекетінен бірқалыпты қозғалатын жүк тиелген шананың массасын тап.

  2. Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

  1. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.

  2. Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?

V Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.

  1. Тест жұмысын орындау. Жұптық жұмыс.

Оқушыларға 5 тапсырмадан құралған тест жұмысы таратылады. Тест жұмысын орындап болған соң оқушылар бір-бірімен жұмыстарын алмастырып, тексереді.

  1. Тәжірибе жасау. Әр топқа эксперименттік тапсырма беріледі.

Керекті құралдар : динамометр, ілгектері бар білеуше, жүктер
1-топқа. Ағаш білеудің сырғанау үйкеліс күшін анықтау.
Динамометрдің бөлігінің құнын анықта.
Ағаш білеуді столға қойып, үйкеліс күшін анықта: Ғ үйк =
2-топқа Жүк қойылған білеудің үйкеліс күшін анықтау.

Білеудің үстіне жүк қойып, үйкеліс күшін өлше: Ғ үйк =
Үйкеліс күші дене массасына байланысты ма?

2-топқа Динамометрдің бөлігінің құнын анықта.

Динамометрдің көмегімен берілген жүктің ауырлық күшін анықта. Ғ а =
3-топқа Динамометрдің бөлігінің құнын анықта.

Динамометр арқылы берілген жүктің салмағын анықта. Р =

VІ Сабақты қорытындылау. Сырғанау үйкеліс күші үйкеліске түсетін денелердің табиғатына тәуелді болады. Сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал: Fүйк.=μN. Тәжірибелер арқылы үйкеліс коэффициенті жанасушы денелердің аудандарына тәуелсіз, массаларына тәуелді, жанасатын денелердің қандай материалдан жасалғанына тәуелді болатынын оқушылар қорытындылайды.

VІІ Оқушыларды бағалау. Әр топ басшысы бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалайды. Мұғалім қорытынды бағалайды.

VІІІ Үйге тапсырма: §32. Үйкеліс күші. 14-жаттығу(5).





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
1240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12