400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Үйрен білім жастықта 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:04.12.19ж

Сынып: 3 Ә

Мектеп: «Сам орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Нурсултанова Н

Қатысқандар саны:23

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Үйрен білім жастықта

Оқу мақсаттары

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу

Сабақмақсаттары

-шығарманы түсініп оқиды;

-мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап береді;

-шығарма кейіпкеріне хат жазады,


Бағалаукритерийлері

  • шығарманы түсініп оқиды;

  • кейіпкерге хат жазады;

  • ойын жүйелі жеткізеді;

  • сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды;

  • қатесіз, сауатты жазады

Тірек сөздер

Мәтін мазмұнымен танысу барысында оқушыларда қырсыз, өзі айтқанынан қайтпайтын, шашына қырау түсе бастағанда, сыйкөрсетті, иландырып, өзегін өртеген, бармағын тістеді сөздерінің мағынасы жайлы сұрақтар туындау мүмкін.

Құндылықтардыдарыту

Мәтінді талдау барысында оқушылардың бойына еңбекқорлық, білімқұмарлық құндылықтары дариды.

Пәнаралықбайланыстар

Құстың суретін салу, мүсіндеу барысында бейнелеу өнері пәнімен байланыс бар. Еңбек, білім алу құндылықтарын талдау кезінде өзін-өзі тану пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 мин
























Ширату тапсырмасы «Шаттық шеңбер»

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім қолына құстың суретін немесе ойыншығын алып, қасында тұрған балаға тілек айтады: «Бұл- бақыт құсы. Ол саған зор денсаулық әкелсін деп тілеймін!» деп құсты қасында тұрған оқушыға ұсынады. Оқушы келесі оқушыға тілек айтып құсты береді, осылайша шеңбер бойымен жалғасып кетеді.

  • Қалай ойлайсыңдар, бақыт құсы өмірде бар ма?

Сұрақтың жауабын талдай отырып сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.

Құстың суреті немесе ойыншық құс.

Қосымша 1.

Слайд №1-3


















Сабақтың ортасы

8-16 минут













































17-24 минут









































24-32 минут

































33-38 минут

1-тапсырма

(Ө,ЖЖ)«Менің бақыт құсым» тақырыбына өздерінің қиялдарындағы бақыт құсын белгілі уақыт ішінде сипаттап айтады немесе жазады, суретін, мүсінін жасатуға болады.

  • Оның түсі, көлемі қандай?

  • Онда қандай қасиеттері бар?

  • Одан не сұрар едің? сияқты сұрақтар қоюға болады.

Жұптағы баламен құсты бір-біріне сұрақтар қою арқылы сипаттайды, ол құстан не қалайтынын айтқысы келсе айтады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар өз шығармашылықтарына қарай орындайды. Тапсырманы ауызша, жазбаша, сурет, мүсін, ән арқылы да орындауға болады.

(Б) Кері байланыс беру арқылы бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

2- тапсырма

(Ө,Т)«Броун қозғалысы» әдісі арқылы оқушыларды 4-тен үй топтарына бөлу керек. Оқушыларға «Джигсо» әдісімен оқулықтағы Ы.Алтынсариннің «Бақыт құсы» мәтінін оқиды. Әр бала басқа топқа барып, оқыған бөлікті топпен бірлесіп талдайды, түсінеді. Бастапқы тобына келіп өзі оқыған бөлікті басқаларға жеткізеді, түсіндіреді. Кейін барлық оқушы мәтінді жеке тағы оқып шығады, оқу барысында түсініксіз сөздерді дәптерге жазып, мағынасын сөздіктен іздеп табады.

-Әмзеге бақыт құсы не үшін қажет болды?

-Әмзе қандай адам деп ойлайсың?

-Ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.


3-тапсырма

(ЖЖ, Т) «Балалық шақ»деген сөзді қалай түсінеді, осы сөзді естігенде ойларына не келеді? Осы сөзге байланысты «Ассоциация» толтырады.

Қызықты кезҮйренетін шақ

Shape2 Shape1

ТShape3

Балалық шақ

ез аяқталады Shape5 Shape4

Shape7 Shape6




(Б) Оқушылар өз жұмыстарын ортаға салып, кері байланыс беру арқылы бірін-бірі бағалайды.

4 тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Ж, ЖЖ)

-Бақыт құсын қайтару үшін Әмзеге қандай кеңес бересің? Осы сұраққа жауап беру мақсатында оқушылар әңгіме кейіпкеріне хат жазады. Тапсырманы жеке орындайды, жұпта оқып, бірін-бірі тексереді, дескриптор бойынша бағалайды.


(ҚБ) дескрипторлары:

  • кейіпкерге хат жазады;

  • ойын жүйелі жеткізеді;

  • сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды;

  • қатесіз, сауатты жазады

Саралау. Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Орындап болған оқушылар өз қалауы бойынша «Автор орындығы» әдісі бойынша ортаға шығып хаттарымен таныстыруына болады.


Оқулық, 92-95 беттер

Слайд №4































Слайд №5













Түсіндірме сөздік





































Слайд №6























Слайд №7
































Сабақтың соңы



39-40 минут

Рефлексия«Пошта»әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушы стикерге сабақ бойынша немесе сыныптасының жұмысы бойынша немесе өз жұмысы бойынша пікірін қысқаша жазады. Сыныптағы кезекші хаттарды жинап, сыртында жазылған есім иесіне хатты жеткізеді.

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

1,2 - тапсырмалар «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

3- тапсырма «Уақыт бойынша саралау» жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беріледі, мұғалім қолдау көрсетеді.


«Екі жұлдыз бір тілек», «Отшашу» әдістері



Дескриптор:

  • кейіпкерге хат жазады;

  • ойын жүйелі жеткізеді;

  • сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды;

  • қатесіз, сауатты жазады.


Сабақ бойынша рефлексия

«Пошта»әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушы стикерге сабақ бойынша немесе сыныптасының жұмысы бойынша немесе өз жұмысы бойынша пікірін қысқаша жазады. Сыныптағы кезекші хаттарды жинап, сыртында жазылған есім иесіне хатты жеткізеді.












Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:



2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:



2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
2862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі