400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Үйшік» ертегісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешілеріне қажет. Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру. Балалардың сөйлеу арқылы, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту; Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдіскер _______________________

қолы

«Қарлығаш» ересектер тобы үшін

ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Өткізілетін күні, айы, жылы « 16 »_11 2016__ ж.

Тәрбиеші: Кабдешова Толқын, Шарипказина Динара

Білім беру саласы: Қатынас, таным, шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сөйлеуді дамыту,құрастыру.

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.

Білімділік міндеті:Балаларды«Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру.

Дамытушылық міндеті:Балалардың сөйлеу арқылы, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік міндеті: Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Үйшік, кейіпкер аңдардың суреттері.Геометриялық пішіндер.


Тілдің үштұғырлығы: Үйшік- Теремок - teremok, Тышқан-мышь – mouse, бақа-лягушка – frog, қоян-заяц – hare, түлкі-лиса – fox, аю- медведь – bear,ертегі-сказка – fairy tale.

Іс-әрекет қызметі


Тәрбиешісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шатық шеңбер:

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше баламыз

Қонақтарды көргенде

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздерме!

Психалогиялық дайындық:

«Ақ тілек, Әсем күлкі»

-Көңілкүйлерің қалай?


-Сабаққа дайындықтарың қалай?


-Ынталарыңыз қалай?


-Ендеше сабағымызды бастайық?

-





Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңбер жасайды.







-Керемет!

( Қолдарын көтереді)

-Тамаша!

(Алақандарын шапалақтайды)

-Ғажап!

( Қолдарын көтереді)

-О,о,о

(Бас бармағын көтереді)

Ұйымдастыру-іздестіру



-Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

-Қандай ертегі білесіңдер?

-Жақсы.

Жаңа сабақ.

Ертегіні көрініс ретінде көрсету.

Ерте, ерте, ертеде орманда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оның жаныннан өтіп бара жатқан тышқан үйшікті көреді. Тышқан жүгіріп барып: Үйшікейде кім бар-ау,ішінде оның кім тұрады?-деп сұрайды. Ешкім жауап бермейді. Тышқанды үйге кіргізуге көмек беру үшін тапсырмалар орындаймыз.

1-Тапсырма

Геометриялық пішіндердің түрлерін атап,пішіндердің өз орындарын табу.



Содан тышқан үйшікейде тұрып жатады. Бақылдап бақа келеді:

-Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?- - Мен, шиқылдауық тышқанмын.

-Ал мен бақылдаған бақамын.

-Кел ,бірге тұрайық-деп бақамен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:

-Үйік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

-Мен шиқылдауық тышқанмын.

-Мен бақылдаған бақамын.

-Ал сен кімсің

-Мен секендеген қоянмын.

-Кел бізбен тұр.

Енді олар үшеуі үйшікте тұрады.Түлкі келіп терезені тоқылдатады:

-Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады.

--Мен шиқылдауық тышқанмын.

-Мен бақылдаған бақамын.

-Мен секендеген қоянмын.

-Ал сен кімсің?

-Мен түлкішек-әпкемін

-Кел бізбен тұр!

Енді олар төртеу болады

Барлығы көңілді өмір сүріпті,ән айтыпты. Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:

Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады.

--Мен шиқылдауық тышқанмын.

-Мен бақылдаған бақамын.

-Мен секендеген қоянмын.

-Мен түлкішек-әпкемін

-Ал сен кімсің?

-Мен қорбаңдаған аюмын

-Кел бізге!

Аю кірейін-кірейін деп кіре алмайды.Аю есікке басын кіргізгенде үйшік қирап қалады.


Ал балалар үйшікейді аңдар құрасын.

Сендер геометриялық пішіннен үй құраңдар.

Сергіту сәті: Маймақ аю.







Иә

Бауырсақ, шалқан, үш аю, мақта қыз т.б. ертегілер.


Балалар бар ынтасымен тыңдайды.










Балалар геометриялық пішіндердің түрлерін атайды және пішіндерді өз орына орналастырады.










































Балалар геометриялық пішіннен үй құрайды.





Рефлексивті-түзетушілік


Бүгінгі қандай ертегіні тамашаладық?

Қандай кейіпкерлерді кездестірдік?

Қандай тапсырмалар орындадық?




Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.



Үйшік ертегісі.

Тышқан,бақа, қоян, түлкі, аю.

Пішіндерді атап,орындарына орналастырдық және геометриялық пішіндерден үй салдық.







Күтілетін нәтиже:

Білу: Үйшік ертегісінің қандай болатынын білді.

Түсінуге тиіс: Ертегі кеіпкерлерінің қалай сомдау керектігін түсінді.

Істей білу керек: Геометриялық пішіндермен үй құрастырды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1939
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі