«Борас
орта мектеп – бақшасы»
мемлекеттік
мекемесі
Ашық
сабақ
(ұйымдастырылған
оқу – іс әрекеті)
«Үйшік»
Тәрбиеші:
Кусайнова Гульдир Болатбековна
2019
жыл
Тақырыбы:
«Үйшік» ертегісі.
Мақсаты:
Бес көлеміндегі санау дағдыларын
бекіту. Геометриялық
пішіндерді ажыратуды үйрету. «Ұзын -
қысқа » ұғымын бекіту,
зейіндерін,
есте сақтау қабілеттерін , қиялдарын
дамыту.
Көрнекіліктер:
ойыншық
жануарлар, үйшік ( үстел үсті театры ),
түрлі түсті жалаушалар , геометриялық
пішіндер.
Таратпа
материалдар: әр
түрлі ұзындықтағы жолақтар, геометриялық
пішіндер.
Ұйымдастырылған
оқу іс – әрекетінің барысы:
Балалар
отыр, алдарында үстел үстінде үйшік
тұр.
Тәрбиеші:
Балалар,
бүгін біз бір ертегіге саяхат жасаймыз.
Бұл ертегіде сендер көптеген жануарлармен
кездесіп, солармен бірге көңілді
тапсырмалар орындайсындар. Ертегінің
атың айтпаймын, саяхат соңында өздерің
тауып көресіңдер. Ал, онда ертегіні
тыңдаймыз.
Тәрбиеші
: (ойыншық тышқанды алып)
Орманның
ішінде, жазық аланқайда бір үйшік тұр.
Шиқылдауық тышқан үйшікті көріп, үйшікке
жеткісі келеді. Ал, үйшікке 2 жол апарады,
біреуі ұзын, біреуі қысқа келеді. Тышқан
әбден шатасты, үйшікке тезірек жету
үшін қысқа әлде ұзын жолмен жүгіру керек
пе?
Балалар,
сендер қалай ойлайсыңдар? (қысқа)
Иә,
балалар, дұрыс қысқа жолмен жүрсе тышқан
үйшікке тезірек жетеді. Ал енді біз
тышқанға қысқа жолды көрсетуіміз керек.
Сендердің алдарыңда ұзындықтары әр
түрлі «жолдарға» ұқсайтын 2 жолақ жатыр.
Қане, балалар, соларды салыстырайық ,
ол үшін 2 жолақты бір-біріне қояйық.Сонда
қай түсті жолақ ұзын, қай түсті жолақ
қысқа? Қысқа жолға тышқанды қояйық.
Жарайсыңдар
балалар, сендер қысқа жолды дұрыс
көрсеттіндер, тышқан үйшікке жетіп
өмір сүре бастады.Үйшікте қанша жануар
өмір сүре бастады ?
Тәрбиеші:
(ойыншық бақаны алып)
Бақа
секіріп жүріп, моншағын жоғалтты. Жылап
отыр бақа : - «Балалар, көмектесіңдер!!!»
Қалай,
балалар, бақаға көмектесеміз бе?
Қарандаршы, сендердің алдарыңда
геометриялық пішіндер жатыр, солардан
бақаға моншақ жасап береміз. Балалар,
моншақты қандай геометриялық пішінге
ұқсатып жасауға болады? (дөңгелек)
Қанеки,
моншақ жасайық. (үлгімен салыстырады).
Жарайсыңдар,
балалар, бақа өте мәз болды, біз оған
көптеген әдемі моншақ жасап бердік.
Бақылдауық
бақа үйшікке келіп, тышқанмен бірге
өмір сүре бастады. Үйшікте қанша жануар
өмір сүре бастады? (2)
Секендеп
қоян келді. (тәрбиеші ойыншық қоянды
көрсетеді) Қоян шыршалар арасымен
секіріп, балалардан сұрайды: шыршаларды
қандай гометриялық пішіндерге ұқсатып
жасауға болады? Дұрыс, үшбұрыштар.
Балалар, алдарында үшбұрыштар жатыр,
қанеки шырша жасап, қоянға көрсетейік.
(Үлгімен салыстырады)
Сергіту
сәті.
Ұзын
құлақ, сұр қоян
Естіп
қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы
жерлермен
Ытқып-ытқып
жүгірді.
Қоян
үйшікке секіріп келеді, олар барлығы
өмір сүре бастайды, үйшікте қанша жануар
өмір сүре бастады?
Терезені
түлкішек – әпке тықылдатады, оны да
кіркізіп, барлығы өмір сүре бастады
Қанша жануар өмір сүре бастады? (4)
Түлкі
үйшікті жалаушылармен безендіреді.
Балалар, түлкі неше және қандай түсті
жалауша іледі. Түн батты, барлығымыз
көзімізді жұмайық. (1 жалауша алынып
тасталынады) Таңертең бәрі тұрады,
жалаушаның жетіспейтіндігін көреді.
Қанша және қандай түсті жалауша
жетпейді?(ойын бірнеше рет қайталанады.)
Бір
күні қорбандаған аю үйшікті көріп,
айқайға салады: Мені де үйшікке
кіргізіңдер! Жануарлар қорқып кетеді.
Аю есіктен кіре ала ма? (жоқ) Неге?
(Өйткені аю өте үлкен)
Енді
қайттік? Аю далада өмір сүрсе жаман
ғой. Балалар, аюды сиятындай үлкен есік
жасап берейік. Аю да үйшікке кіріп
тұратын болса, үйшікте қанша жануар
өмір сүреді?(5)
Балалар,
біз қандай ертегіге саяхат жасадық?
(үйшік ертегісі ) Сендерге ертегі ұнады
ма? Сендер де маған бүгінгі ертегі
саяхатында өте ұнадыңдар, сендер өте
белсенді және зейінді болдыңдар.
Жарайсыңдар!