400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Үйсіндер мен қаңлылар мәдениетінің ерекшеліктері қандай?" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәлеметсіздер ме! Бұл материал 5 сыныптың Қазақстан тарихы пәні бойынша жаңартылған білім мазмұны негізінде жасалған. Сабақ "Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті" бөліміне арналған. Сабақ материалын тәжірбие алмасу мақсатында ұсынып отырмын. Сабақ жоспары жас мамандарға көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты жөні: Батталова Ж.А Мектеп: №6 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:

Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Үйсіндер мен қаңлылар мәдениетінің ерекшеліктері қандай?

Сынып: 5 Б


Қатысқан оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақтың жоспары

Сабақ барысы:


Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Оқушыларды «Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушыларға сөздік фрагменттері беріледі. Әр оқушы қолындағы фрагментті сәйкестендіріп өзінің тобын табады. Құрылған сөз бойынша топқа отырады.

Топқа бөлемін:

1-топ:  Көк-Мардан (қала)

2-топ-Алтынтөбе (қорым)

3-топ  Жетіасар (мәдениет)


Жаңа білім

10 минут








Үй тапсырмасын сұрау:

Жіңішке-жуан сұрақтар

1-топ:  

1.Қаңлылардың металл өндірісінің ірі орталығы болған қала.

2.Неліктен үйсіндер қоғамында бай, кедей болып бөлінді?

3.Үйсіндерде зергерлік бұйымдарды қандай металдардан жасалған?

2-топ:

1.Ежелгі үйсіндерде металдарды өндірудің қандай түрлері дамыған?

2.Неліктен қаңлылар обаларын зерттеген кезде қолөнер көптеп табылды?

3.Қаңлылар зергерлік бұйымдарын қандай металдардан жасаған?

3-топ

1.Үйсіндердің қабірлері қай жерлерде орналасқан? қонысқа жақын жерлерде

2. Неліктен қаңлыларда өнер жақсы дамыды?

3.Үйсіндер мен қаңлыларда қыш құмыра жасау қалай дамыды?


ҚБ Сөзбен бағалау Жарайсын!

Жақсы!

Өте жақсы!

Үй жұмысын қорытындылау

Жаңа сабақ: Үйсіндер мен қаңлылар мәдениетінің ерекшеліктері қандай? (2 сабақ)

Ой қозғау:

  • Рухани мәдениетке не жатады?

  • Қаңлылар жайлы деректер қай елде сақталды?

Жоспары:

1.қаңлы музыка өнерімен танысамыз

2.үйсін және қаңлы жазуы туралы білеміз

Ол үшін экранға назар аударамыз

Видео көрсеті

Сұрақ:

  1. Бейнебаянда не туралы айтылады?

Жырмен танысу (бір оқушыыға мәнерлеп оқыту)

  • Жыр не туралы?

  • Қаңлылардың мәдениеті туралы қандай мәлімет береді?


Қаңлылар арасында ән-күй, музыка, би өнері жақсы дамыды. Қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғы-сырнайлары болған екен.

Топпен жұмыс.

«Ойлан жұптас бөліс» әдісі


1-топ. Қаңлылардың музыка өнерінің жақсы дамығанын дәлелде /постер қоғау/

2-топ. Жазу дәстүрі./ постер қорғау/

3-топ. Кескін картамен жұмыс

  • Үйсіндер мен қаңлылардың аумағын кескін картаға белгілеңіз.

  • Үйсін аумағынан ағатын өзендерді көрсетіңіз.

  • Үйсіндер мен қаңлылардың астаналарын картадан белгілеңіз.


Жұппен жұмыс жұмыс

А,Ә,Б деректерін пайдалана отырып, қаңлылар туралы оқиға желісі сақталған әңгіме құрастырыңдар.

ҚБ:Қол шапалақ.





Жеке жұмыс

Неліктен халықтарға өз жазуы болғаны маңызды?

Эссе

Жазу – мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі көрінісі. Жазу – адамзаттық мәдениеттің өсуін, дамуын анықтайтын әлеуметтік мәні бар зор құбылыс. Жазу өнерінсіз мәдениет те, әдебиет пен өнер, ғылым да дами алмайды. Жазу – өнер мен мәдениет жетістігі ғана емес, өркениеттің өрелі көрінісі де. Кез келген мәдениеті жоғары деп танылатын өркениетті елдің жазу жүйесі, дәстүрі болуы басты шарт. Жазу-сызу болмаса, адам баласының жасаған алуан түрлі рухани мәдениет үлгілерінің мұраға айналуы мүмкін болмаған болар еді.

Ортасы

10 минут








Үйсіндер және қаңлылардың материалдық мәдениетін сипаттап, кестені толтырыңыз.


Мемлекеттер


Үйсіндер

Қаңлылар

Территориясы



Қолөнер мен зергерлік



Жазу мен музыка



Қалалық мәдениеті




Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту

«Бес қадам» әдісі

  1. Үйсін билеушісі – гуньмо

  2. Сыма Цяньның еңбегі-Шицзи

  3. 138 жылы батысқа елші жіберген император-У-Ди

  4. Қаңлы елінің астанасы- Битянь

  5. Қаңлы тайпаларының қыш ыдыстарында не бейнеленген? Қойдың бейнесі


  1. Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері Қытай деректері

  2. Қаңлы елінің билеушісі -Хан 

  3. Қаңлыларда әскер саны-120 000 адам

  4. Қаңлылардың метал өндірісінің ең ірі орталығы –Шаш-Илақ

  5. Үйсін ескеткіші табылды-Қарғалы


  1. Үйсіндер ыдыстар нешеге бөлінді? -3

  2. Қаңлы жазуы бар қыш тақтайшалар қай жерден табылды-Күлтөбе

  3. «Биші бикеш» кімнің өлеңі- Бәй Жүй

  4. Үйсін аумағы-Жетісу

  5. Қаңлы аумағы- Сырдарияның солтүстігі


ҚБ смайликтер арқылы

Кері байланыс

3 минут

рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Үйге тапсырма

4.4. 120-121 бет мазмұндау. 123 бет тапсырмалар




Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үй жұмысы

Топпен жұмыс

Жұппен жұмыс

Жеке жұмыс

Бес қадам

қорытынды

1








2








3








4








5








6








7








8


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
1872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі