Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер түрлерін біледі,ерекшеліктерін анықтайды. Қолданбалы өнер түрлерін сипаттайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Берденова Толғанай Қыстаубекқызы

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп,

тарих пәні мұғалімі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3. Үйсіндер мен қаңлылар

Мектеп: Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі, Т.Рысқұлов ауданы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Берденова Т. К.

Сынып: 5

Қатысқаны: 21 Қатыспағаны: 0

Сабақ тақырыбы:

Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті.

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

Сабақ мақсаттары:

Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер түрлерін біледі,ерекшеліктерін анықтайды.

Қолданбалы өнер түрлерін сипаттайды.

Үйсіндер мен қаңлы тайпаларының қолданбалы өнер ерекшеліктеріне байланысты терминдерге анықтама береді.

Бағалау критерийлері:

* Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер түрлерін біледі;

* Қолданбалы өнер түрлерін сипаттайды;

* Қолданбалы өнер ерекшеліктеріне байланысты терминдерге анықтама береді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер: Қарғалы алтын тәтісі, айыр өркешті түйе мүсіні бар жүзік,

Алтынтөбе обасынан табылған қыш ыдыстар; Шаш-Илақ, «Биші бикеш»,Күлтөбе қорымы.

Айтылым: Алдыңғы білімдерін тиянақтау мақсатында «Маңызды жеті сұрақ» әдісі арқылы ашық және жабық сұрақтарға жауап берді.

Тыңдалым:Барлық оқушылар интерактивті тақтадан Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті тақырыбына байланысты бейнематериалды көрді;

Оқылым:Мәтінмен жұмыс жасады;

Жазылым:Оқушылар қолданбалы өнер түрлерін сипаттап, кестені толтырды; Үйсіндер мен қаңлы тайпаларының қолданбалы өнер ерекшеліктеріне байланысты терминдерге анықтама жазды;

Құндылықтарға баулу:

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Қарым-қатынас жасау қабілеті;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

жауапкершілік;

  • Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

  • Өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыс:

География, музыка


Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру


Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы


1-2 минут







3-4 минут



















4-6 минут










































Топтастыру. «Кіру билеті» әдісі.

ҰЖ. Білім алушылармен сәлемдесемін, түгендеп сабақтарына сәттілік тілеймін, назарын сабаққа аударамын.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Алдыңғы білімдерін тиянақтай отырып, «Маңызды жеті сұрақ» әдісі арқылы ашық және жабық сұрақтарды жеңілінен күрделіге қарай қоямын.

1. Б.з.д. ІІғ. – б.з.Vғ. аралығындағы өмір сүрген мемлекеттік бірлестік?

2.Үйсін мемлекетінің аумағы.( картадан көрсетеді)

3. «Усунь» деген этноним қандай» мағынаны білдіреді және қай елдің тарихшысының еңбегінде айтылады?

4. Үйсін мемлекетінің басқару жүйесіндегі ерекшеліктерді ата.

5.Б.з.д ІІІ –І ғғ.аралығында қаңлылар қандай мемлекеттермен көрші тұрды? (картадан көрсетеді)

6.Қаңлы мемлекетінің басқару жүйесі жайлы айт.

7.Қаңлылардағы мәдениет түрлерін ата.


Қалыптастырушы бағалау: ауызша бағалау «Жақсы!» , «Керемет!», «Жарайсың!» Осындай уәжін көтеру мақсатында бағалау.


Ой шақыру.Тақырыпқа шығу.

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушылардың зейіні төмендегі суретке аударылып, талқылау жүргізіледі.

  1. Суреттерде не бейнеленген?

  2. Суреттерге жалпы қандай атау беруге болады?

  3. «Мәдениет» деген не? Мәдениет элементтеріне не жатады?

  4. Бұл жәдігерлер қандай елдермен байланысты болуы мүмкін?


М. Жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін келесі бейнебаянға назарымызды аударайық.

«Бейнебаян» әдісі (тыңдалым)

Үйсіндер мен қаңлы тайпаларының қолданбалы өнер ерекшеліктеріне байланысты бейнематериалды тамашалайды.


Ой түрткі сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты болжайды.

1.Бейне материалдан нені тамашаладыңыздар?

2.Онда кімдер туралы айтылады?

3.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?


Сабақ мақсатын білім алушылармен анықтаймын және сабақ кезеңдерімен таныстырамын.


Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті.

Оқу мақсаты: 5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

Бағалау критерийлері:

* Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер түрлерін білу;

* Қолданбалы өнер түрлерін сипаттау;

* Үйсіндер мен қаңлы тайпаларының қолданбалы өнер ерекшеліктеріне байланысты терминдерді жазу;


Топқа бөлу: Оқушыларға отырған орындықтарының артындағы жабыстырылып тұрған суреттері бойынша топтасуын сұраймын.



Слайд № 1






Слайд № 2





















Слайд № 3















Бейнематериал

https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy











Слайд №4




Слайд № 5

1 топ 2 топ 3топ

Сабақтың ортасы



6-20 минут



























20-28 минут







































28-35 минут



1-тапсырма: Тақырыпқа байланысты суреттер мен бейнематериалды көре отырып, ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер түрлерін біледі,ерекшеліктерін сипаттайды.


Топтық жұмыс : «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі

Барлық оқушылар интерактивті тақтадан «Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті» тақырыбына байланысты суреттер мен бейнематериалды көріп, мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушылар мәтіннен алғандарын және тыңдағандарын талқылайды. «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі арқылы әр топ мынандай тапсырмаларды орындайды.

І - топ Алтын тәті

ІІ -топ Қыш ыдыс

ІІІ-топ Шаш - Илақ


Оқушы қадамы:

  • Мәтінді оқып танысады;

  • Әр топ өзіне берілген өнер түрін сипаттайды;


М.Тапсырманы орындау барысында оқушылардың назарын төменде көрсетілген критерийлерге аударады:

Бағалау критерийі:

- Жұмыстың эстетикалық талғамға сай болуы;

- Нақты дәлелдемелердің болуы;

- Тақырыптың ашылуы;

- Уақытты тиімді пайдалану;


Дескриптор:

  • Қарғалы алтын тәтісінің ерекшеліктерін айтады;

  • Алтынтөбе обасынан табылған қыш ыдыстың жасалуы жайлы айтады;

  • Шаш Илақ металл өндірісінің орталығы жайлы айтады;


Қ/Б «Ақша бірлігі» әдісі


2-тапсырма: Қолданбалы өнер түрлерін сипаттайды, кестені толтырады.


Жұптық жұмыс: «Тұжырымды айдар» әдісі.

Кестені толтыру

А) Үйсіндердің қолөнер бұйымдары


Қолөнер бұйымы

Сипаттамасы








Ә) Үйсіндердің шаруашылық түрлері


Шаруашылық түрлері

Сипаттамасы















Б)Қаңлылардың қолөнер бұйымдары


Қолөнер бұйымы

Сипаттамасы









Дескриптор:

  • Үйсіндердің қолөнер бұйымдарын сипаттайды;

  • Үйсіндердің шаруашылық түрлерін сипаттайды;

  • Қаңлылардың қолөнер бұйымдарын сипаттайды;



Қ/Б «Жапондық бағалау» әдісі





3 – тапсырма: Дәптермен жұмыс. Үйсіндер мен қаңлы тайпаларының қолданбалы өнер ерекшеліктеріне байланысты термин сөздерге анықтама береді.



Жеке жұмыс: «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

  1. Қайда?

  2. Қалай?

  3. Қандай?



Үш термин: Айыр өркешті түйе мүсіні бар жүзік,

Қаңлы патшайымының бас киімі,

Үйсін ыдыстары.



Дескриптор:

-Айыр өркешті түйе мүсіні бар жүзік туралы айтады;

- Қаңлы патшайымының бас киімі жайлы мағлұмат береді;

-Үйсін ыдыстарының ерекшелігін айтады;



Қ/Б «Ауа райы» әдісі



Ойлан

Жұптас

Бөліс

Picture 2

1-қосымшы таратпа материалдар

А3, маркер, желім

Слайд № 6















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.05.2020
3599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12