400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Үлестерді шығарып алу, оқу, жазу және салыстыру" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлестердің құрылуын көрсету, оқу, жазу, салыстыру және бөлшектер дегеніміз бүтіннің бір немесе бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі екенін түсіну. Барлық оқушылар үлестерді, оқиды және жазады. оқушылардың көпшілігі үлестерді салыстыра алады. Кейбір оқушылар үлестерді өсу ретімен жаза алады. Оқушылар үлестердің жазылуын түсіндіріп бере алады. Түйін сөздер мен сөз тіркестері: үлес, бөлшек сызығы Талқылауға арналған сұрақтар: Неше тең бөлік шықты? Тең бөліктер қалай аталады? Үлесті қалай жазады? Мына пікір дұрыс па: «Бөліктер қаншалықты көп болса, әр бөлік соншалықты кішкентай болады». Және керісінше, «Бөліктер қаншалықты аз болса, әр бөлік соншалықты үлкен болады»?
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Үлестерді шығарып алу, оқу, жазу және салыстыру

Мектеп: С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қалықова Г.Е.

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

Үлестердің құрылуын көрсету, оқу, жазу, салыстыру және

бөлшектер дегеніміз бүтіннің бір немесе бірнеше бөлігі және екі

натурал санның бөліндісі екенін түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үлестерді, оқиды және жазады.

оқушылардың көпшілігі үлестерді салыстыра алады.

Кейбір оқушылар үлестерді өсу ретімен жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үлестердің жазылуын түсіндіріп бере алады.

Түйін сөздер мен сөз тіркестері: үлес, бөлшек сызығы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неше тең бөлік шықты?

Тең бөліктер қалай аталады?

Үлесті қалай жазады?

Мына пікір дұрыс па: «Бөліктер қаншалықты көп болса, әр бөлік

соншалықты кішкентай болады». Және керісінше, «Бөліктер

қаншалықты аз болса, әр бөлік соншалықты үлкен болады»?

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Жанама түрде тұжырымдалған есеп дегеніміз не?

Кері есепті қалай құрамыз?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

2 санынан бастап 9 санына дейінгі көбейту кестесі.

шамалар арасындағы қатынас: «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса».

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минуты)

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Өзектендіру.

1. Мараттың 9 жапсырмасы бар, ол Диманың жапсырмасынан 3 есе аз.   Диманың жапсырмасы нешеу?

2 Жиналған алманың салмағы 16 кг, ол алмұртқа қарағанда 8 кг аз. Қанша кг алмұрт жиналды?

3 Сыныпта 16 қыз бар, олар ұлдарға қарағанда 4-еуге көп. Сыныпта барлығы қанша бала бар?


СК1 – оқушылардың мотивациясы (7 мин)

Практикалық жұмыс.

«Қағаздан жасалған геометриялық фигураларды біртіндеп бүктей отырып, тең

бөліктерге бөлу».

Оқушылар мұғалімнің басшылығымен қағаздан жасалған дөңгелекті бір рет,

шаршыны – екі рет, тік төртбұрышты – үш рет бүктейді. Мұғалім «үлес»,

«бөлшек сызығы» терминдерін енгізеді.

Мұғалім торттың суретін көрсетеді немесе оның суретын салғызуы да мүмкін.

Оны оқушылар тең қажет бөліктерге бөлулері қажет.


Бір парақ қағаз

СК2 – мағынаны ұғыну дағдыларын дамыту (30 мин)

№2. Топтық жұмыс.

Оқушылар үлестерді жазады және оқиды. Өз жауаптарын тақтадағымен

салыстырады.

Ұжымдық жұмыс.

Оқушылар жазуды қалаулары бойынша оқиды, жазуды түсіндіреді.

№4. Оқулықпен диалогқа түсу.

Оқушылар суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар үлестерді алдымен өсу ретімен, содан соң кему ретімен

орналастырады. Тақтамен жұмыс жасайды. .

№5. Жұппен жұмыс.

Әр фигураның неше тең бөлікке бөлінгенін санайды, жауаптарын слайдпен

салыстырады. .

№6. Топтық жұмыс.

Дәптерге әрқайсысының қабырғалары 2 см және 4 см болатын үш тік төртбұрыш сызады. Бірінші тік төртбұрышты тең екі бөлікке, екіншісін – тең

төрт бөлікке, үшіншісін – тең сегіз бөлікке бөледі. Әр тік төртбұрыштың бір бөлігін бояйды. Осы бөліктерді жазады және оларды өзара салыстырады.

Тапсырманы орындап болған соң, әр топтың спикерлері түсіндіреді.




СК3 – рефлексияны жүзеге асыру (7 мин)

Қалыптастырушы бағалау үшін жұмыс дәптеріндегі осы сабаққа сәйкес тапсырмаларды орындау ұсынылады.


Рефлексия.

– Біз сабақ басында алдымызға қандай міндеттер қойдық?

– Осы міндеттерге қол жеткізе алдық па?

– Қиналған жерлерің болды ма?

– Сендер оларды еңсере алдыңдар ма?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

СК4 – нұсқау (1 мин)

Мұғалім үй тапсырмасын хабарлайды, №7 жаттығу. Ол талданады, үй

тапсырмасын оқушылардың барлығы түсінгені анықталады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1617
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі