Материалдар / Ашық сабақ Үлкенге құрмет 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Үлкенге құрмет 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәнінен 4 сыныпқа Үлкенге құрмет тақырыбында өткен ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2020
3668
14 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пəн: Музыка

Мектеп: «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ-сі

Күні: 09.10.19

Мұғалімнің аты-жөні: Ә.Ж.Сеилханова

Сынып: 4 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

2-бөлім. Құндылықтар

6-сабақтың тақырыбы

Үлкенге құрмет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен əуеннің жанрын, көркемдік образдарын;

4.1.2.2 – түрлі сипаттағы əндерді айтуда жеңіл, созып орындау дағдыларын көрсету;

4.1.3.3 – ауызша жəне жазбаша жұмыстарда негізгі музыкалық ұғымдарды қолдану;

4.3.1.1 – өз шығармашылық жұмысын көрсету жəне бағалай білу, жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу.


Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:

  • құндылық ұғымы туралы түсінеді;

  • үлкенге деген құрметті сезінеді;

  • музыкалық шығармалар арқылы мейірімділік, сүйіспеншілік пен махаббат ұғымдарын жеткізуге тырысады;

  • ноталарды біледі.

Көптеген оқушылар:

  • құндылық ұғымы туралы түсінеді;

  • үлкенге деген құрметті сезінеді;

  • музыкалық шығармалар арқылы мейірімділік, сүйіспеншілік пен махаббат ұғымдарын жеткізе алады;

  • əннің сипатын, көркемдеуіш құралдарын анықтайды жəне сипаттайды.

  • ноталарды біледі.

Кейбір оқушылар:

  • құндылық ұғымы туралы түсінеді, сипаттай алады;

  • үлкенге деген құрметті сезінуде өз пікірін ортаға салады;

  • музыкалық шығармалар арқылы мейірімділік, сүйіспеншілік пен махаббат ұғымдарын жеткізе алады, мысалдар келтіреді, əннің сипатын, көркемдеуіш құралдарын анықтайды, талдайды.

  • ноталарды, олардың нота сызығында орналасуын біледі.

Бағалау критерийлері

Оқушылар мақсатқа жетті:

  • құндылық ұғымы туралы түсінеді;

  • үлкенге деген құрметті сезінеді;

  • музыкалық шығармалар арқылы мейірімділік, сүйіспеншілік пен махаббат ұғымдарын жеткізуге тырысады;

  • əннің сипатын, көркемдеуіш құралдарын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тыңдалған шығарманы талдайды жəне мінездеме береді;

  • музыкалық шығарманың мазмұнын ашады жəне көңіл күйін көрсетеді;

  • музыкалық терминдерді шығарма барысында қолдана біледі.

Құндылықтарды

дарыту

Музыканы тыңдау, орындау арқылы адами құндылықтарды тəрбиелеу

Пəнаралық

байланыстар

Өзін-өзі тану. Əдебиеттік оқу

Бастапқы білім

Отан-Ана

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдыстыру.

Оқушыларды түгендеу.

М. – Балалар, бүгін адамға тән құндылықтар туралы айтамыз, «Ата-әже» әнін үйренетін боламыз.

М. – Балалар, сендердің отырған қатарларыңда неше оқушы отыр?

О. – 5 оқушы.

М. – егер 5 адам ән айтса топ қалай аталады?

О. Квинтет деп аталады.

Қатардағы оқушылар санын санай отыра қандай топ екендігін айту (квартет, квинтет).

Үй тапсырмасын тексеру.

Ән айту ережелерін еске түсіру. Жаттығу жасау.

Оқушылар қатармен үй тапсырмасына берілген әнді айтады.

(Қалыптастырушы бағалау жұмысы жүргізіледі.)


Нота белгілерінің суреті



Сабақтың ортасы

1-тапсырма. Ойтолғау. Талдау.

Оқушылар «Ата-əже» əніне (өлеңін жазған: И. Иса, əнін жазған: А. Бексұлтан) түсірілген бейнебаянды тамашалап, талдау жүргізу:

1. «Ата-əже» əніне түсірілген бейнебаянның мазмұны туралы пікірлеріңді ортаға сал.

  1. Бейнебаянда қандай құндылықтар көрсетілген?

  2. Ата-əжеңе, жақын таныстарыңа ғана құрмет көрсету керек пе? Өз ойыңды білдір.

  3. Қалай ойлайсың, бейнебаянның негізгі мəні неде?


2-тапсырма. Əнді үйрену.

  1. Әнді тыңдау.

  2. Әнді әуенге қосылып бірге орындау.

М. - Балалар, әнді орындауда сендерге қандай қиындықтар туындады?

- Ән қандай жанрда орындалды? (Əн лирикалық əуенді, тез жатталады. Дауыс диапазоны жағынан да ешқандай қиындықтар тудырмайды.)

(Қалыптастырушы бағалау жұмысы жүргізіледі.)


3-тапсырма. Суырыпсалма. Топтық жұмыс.

Жасырынбақ ойын түріндегі тапсырмадағы өлең жолдарының авторы – белгілі айтыскер Айдос Рахметов.

Тапсырмада оқушылар «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» насихат өлеңдерінде жасырылған сөздерді табады. Оқушылар мəндік жəне өлең жолының ұйқасына қарай сөздерді қоюы керек.

Дұрыс жауаптары: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет. (А. Рахметов)

Топ ережесін еске түсіру.

1-топ:

Қария – қазыналы, шежірелі,

Əр айтқан үлгі қылар сөзін.

Жастарым сөзін бөлмей, жолын кеспей. Ұлтының ұлағатын сезінеді.

2-топ:

Баланың балалығын кешіреді,

Ұрпағым өмірімнің көші еді.

Кішіге ізетпенен жол көрсетіп,

Талабың өрлесін деп өсіреді.

3-топ:

Ақсақалдар сарқылмас дариялар,

Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.

Сіздерді құрметтейміз, қадірлейміз

Аяулы ардагерлер, қариялар!


4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

«Тапқан сөздеріңді берілген нота үлгісіне салып, топтарыңмен орындаңдар».

Оқулықтағы берілген нота үлгісі – Оңтүстік өңірінде кең тараған əуен. Оны айтыс ақындары да жиі қолданады.

(Қалыптастырушы бағалау жұмысы жүргізіледі.)




Бейнебаян

https://www.youtube.com/watch?v=AY3l4BMHPjg







Оқулық













Таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

Бағалау.

Əрбір топ өзінің өлең жолдарын таныстырады, біріне бірі баға береді.

Кері байланыс. Оқушылар алған нота белгілерін нота сызығына орналастырады.

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Несімен ұнады?

  • Қандай қызықты тақырыптар қолданылды?

  • Әнді орындағаныңа көңілің тола ма?

  • Орындағанда қандай қиындықтар кездесті?


Саралау

Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау –

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға композицияны орындау барысында музыканың көркемдеуіш құралдарын анықтауға тапсырма беруге болады.

Бақылау;

Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша;

Əн орындау кезінде оқушылар бір- бірін өзара бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары Сергіту сəттері мен белсенді іс-əрекет түрлері

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз): 1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


1-топ

Қария – қазыналы, шежірелі,

Əр айтқан үлгі қылар сөзін.

Жастарым сөзін бөлмей, жолын кеспей.

Ұлтының ұлағатын сезінеді.


2-топ:

Баланың балалығын кешіреді,

Ұрпағым өмірімнің көші еді.

Кішіге ізетпенен жол көрсетіп,

Талабың өрлесін деп өсіреді.


3-топ:

Ақсақалдар сарқылмас дариялар,

Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.

Сіздерді құрметтейміз, қадірлейміз

Аяулы ардагерлер, қариялар!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!