400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ұлттың қуаты- тілінде 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыр-сұхбат сабағы

Тақырыбы: Ұлттың қуаты - тілінде

Мақсаты: Қазақстанды мекендейтін өзге этностардың тіліне құрмет көрсете отырып өз ана тіліміздің мәртебесін көтеру, қоғамдағы қызметін арттыру, тіл арқылы рухани байлығымызды меңгерту.

Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру.

Қазақ елі барда қазақ тілі де болады.

Өседі. Өркендейді.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, аса қадірлі, ата салтын ардақтаған, өнер сүйген талантты өрен. Бұрындары нағыз қазақ, ауызы дуалы ақсақалдар әңгімесін осылай бастайды екен. Ендеше ата салтты,әдет-ғұрыпты ардақтаған, ана тілді аялаған мен де әңгіме өрісін кеңінен алайын.

2-жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке егемен ел болғалы жиырма сегіз жылды еңсеріп қалдық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, ел болып еңсе көтерген халық үшін аз да саналмайды.Осы жылдарда Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, небір биік асуларды бағындырды. Дегенмен әлі де болса оң шешімі табылмай жатқан мәселелер шаш етектен дей отыра бүгінгі «Өзекті мәселе» бағдарламасының негізгі тақырыбы «Ұлттың қуаты - тілінде» сыр-сұхбатына арнайы шақырылған қонақтармен таныстырып өтейік.

1-жүргізуші:Бүгінгі сұхбатымызға «Тіл – ғасырлық қазына,сондықтан ол бәрінен жоғары тұруы тиіс!» деп жеке басынан тіл мүддесін жоғары қоятын қонағымызды ... ортаға шақырайық.

1-сұрақ: Ана тілі халықтың соғып тұрған жүрегі мен жаны екендігін түсінетін уақыт жетті. Мемлекеттік тілдің дамуы жолында жастарға жүктелетін міндеттер қандай?

Жауабы: Жерімізде тұрып жатқан әр ұлт, ұлыстар өз тілінде сөйлеуге толық құқылы, себебі біздің заңдарымызда солай жазылып бекітілген. Бүгінгі күннің ең басты мәселесі осы ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде сөйлету емес, ең бірінші өз ұлтымыз қазақтарды қазақша сөйлету – басты мәселе. Қазақтың қазақша сөйлемеуі – мемлекеттік тілдің дамуы жолындағы басты кедергілердің бірі. Өз қазағым шүлдірлеп-былдырлап тұрса, өзгенің не айтатыны айтпаса да түсінікті. «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» десек те, жасыратыны жоқ, қазір біздің жастар ағылшын тілін тез үйреніп жатыр. Жастарға қойылатын басты міндет – өз ана тілінің құндылығын игерсе екен деймін. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «Қазақ тілі ең бай, ең көркем тіл» деген, сол байлық пен көркемдікті сақтай білейік.

2-жүргізуші: Сіз өте орынды айттыңыз. Сіздің сөзіңізді қолдай отырып, Елбасымыздың тіл туралы Ұлытауда берген сұхбатына назар аударайық. (Экраннан Елбасының тіл туралы айтқан сөзі тыңдалады).ь

Қазақтың қазақша сөйлемеуі мемлекеттік тілдің дамуы жолындағы кедергілердің бірі екені айдан анық. Жауабыңызға рахмет.Сауалымызға нақты жауап алдық деп ойлаймын.

«Мемлекеттік тіл – қазақ тілін жетік білетін және оны өз деңгейінде насихаттай білетін адам – нағыз патриот» деп есептейтін, өз халқын шексіз сүйетін, ұлтжанды екінші қонағымызды ортаға шақырайық.

2- сұрақ: Қазақстанда тұратын өзге этностардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасы, жалпы сұранысы қаншалықты деп ойлайсыз?

Жауабы: Қазіргі кезде қазақ тілін үйрену үшін барынша жағдай жасалуда.

Алайда, менің ойымша, тілді меңгеру үшін,біріншіден, адамның тілді үйренемін деген ниеті болуы керек. Қандай тіл болмасын адамның өзі сол тілдің қажеттілігін түсінбесе, маған десеңіз оған ат басындай алтын беріп оқытсаңыз да пайдасы болмайды. Екіншіден, ұстаздың тілді оқытамын,мінсіз үйретемін деген шын ықыласы болуы керек. Үшіншіден, тілді меңгеру кезінде тілдік ортаның болуы да маңызды. Бұл үйренген тіліңді ұмытып қалмауға, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Тағы да қайталаймын, тілді білсем, білуге тиіспін деген ниет, ұмтылыс бірінші кезекте тұруы керек. «Қазақстан – менің Отаным» деп білсін. «Қазақстанда еркін жүріп, оқып, жұмыс істегім келсе, қазақша білуім керек, қазақ халқын сыйласам, қазақтың ана тілін білуім керек» деген ой әр өзге этнос өкілдерінің санасында болу керек. Сонда ғана тіліміздің өрісі кеңейеді.

1-жүргізуші:Өзіңіз айтқандай тілді меңгеру кезінде тілдік ортаның болуы да өте маңызды. Сөзім дәлелді болу үшін бүгінгі бағдарламамыздың келесі қонағы Владиславты ортаға шақырғым келіп тұр.

(Слайд. Шағын өмірбаянымен таныстыру)

3-сұрақ: Қазақ тілін меңгеру сен үшін қиынға соқты ма?

Жауабы: Мен қазақ тілін 2013 жылдан бері оқи бастадым. Тілді үйрену бастапқыда қиын болды. Бірақ тілді білу керек деген ниетім күшті болды, өйткені Қазақстан – менің Отаным. Болашақта оқып, жұмыс істегім келсе, қазақша білуім керек. Саяжайда тұрамын. Мектепте оқып жүрген достарымның бәрі – қазақтар. Достарымды сыйласам олардың ана тілін білуім керек дедім. Бұл жерде тіл үйреткен ұстаздарыма алғыс айтқым келеді.

4-сұрақ: Жаның қазақ болғанмен, затың өзге этностың өкілі екені анық қой. Қазақшаны да тамаша игеріп алғансың. Сен орысша білмейтін орысты көрдің бе?

Жауабы: Жоқ, ондай болмайды. Бәрі өз ана тілін білуі керек.

5-сұрақ: Ал мен керісінше қазақша білмейтін қазақтарды көп көрдім.Өз ана тілін білмейтін жандарға не айтар едіңіз?

Жауабы: Өз ана тілдеріңді үйреніңдер. Қазақ тілі - өте көркем, бай тіл. Ол аналарыңның және ұлы Абайдың тілі.

2-жүргізуші: Владиславтың сөзін мына сөздермен қорытындыласам:

Қазақ тілім, - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,

Болашаққа бастаған дара тілім.

Сұхбатымызды әрі қарай жалғастырайық.

«Өз ана тілімізде сөйлемейінше,өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз» деп жүрген төртінші қонағымызды ортаға шақырайық.

6-сұрақ: Қазақ тілінің бүгінгі тағдыры алаңдаушылық туғыза ма?

Жауабы: Әлемде 2500 –ге жуық тіл бар көрінеді. Олардың ішінде өз мемлекеттігіне ие ұлттар 198 екен. Саны қазақтан төрт-бес есе аз ұлттар да өз мемлекеттігін құрып, өмірдің бар саласында өз ана тілдерін еркін пайдаланып отыр. Ал қазақ тілі өмірдің қай саласында да емін-еркін пайдалануға жарайды. Мүмкіндігі мол. Оның өз деңгейіне көтерілуіне тосқауыл болып тұрған – менсінбеушілік. Менсінбеушілік болса надандықтың белгісі.

Өз ана тілін білмеген адамның патриоттық сезімдері де төмендеу келеді. Қазақ тілін білмеген адам қазақ жерін қорғайды деу қиын. Егер бүгінгі оқушылар мен жастарымыз қазақ тілінде сөйлемесе немесе «қазақ тілінде менен басқалар сөйлесін» деп ойласа әрі ұят, әрі үлкен қателік болады. Сондықтан ана тілімізге құрметпен қарайық.

1-жүргізуші: «Қай жерде болмасын, өз тілімізді өзіміз дәріптеуіміз, мақтаныш етуіміз керек» деп өздерінің қазақ екендерін мақтан тұтатын қонақтарымызды ортаға шақырайық.

7-сұрақ: «Сырт көз сыншыл келеді», ендеше сырт көздің біз жайлы қандай пікірде екенін білгіңіз келе ме...

Итальяндық «Ренко» компаниясының президенті Ренольдо Гаспарин мырзаның сөзінен үзінді келтірейін (газеттен оқу).

«Мен әлемнің 141 елін аралаған жанмын. Солардың ішінде өз мемлекетінде өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім, ол қазақ халқы екен». «Дала мен қала» газеті. Бұл пікірге келісесіз бе?

Жауабы: Мүлде келіспеймін. Нені айтса да ауызды толтырып айтатын қазаққа мұндай жағымсыз пікірлер жат.Себебі қазақ тілі – қазақтан шыққан, әлем мойындаған Шоқанның данышпан ақын ұлы Абайдың, кемеңгер жазушы Мұхтардың, Жамбылдың, ақиық ақын Мұқағалидың, «қазақ вальсінің Королі» Шәмшінің, кемел ойдың иесі Нұрсұлтан Назарбаевтың, жалынды ақын Мұхтар Шахановтың тілі бұл. Бұл – менің тілім. Қазақтың осындай тамаша біртуар азаматтардың тілін жоққа шығару қылмыспен тең.

1-жүргізуші: Ренальдо Гаспарини мырзаның сөзіне орынды да әділ жауап берді деп ойлаймын. Қосарларыңыз бар ма?

Жауабы: Досымның сөзін қостап мен де Ренальдо Гаспаринидің бұл пиғылына мынадай мысал айтқым келеді.

Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы 16 елдің тіліне аударылды. Неміс әдебиетшісі Альфред Курелла « Абай жолы» романы туралы «Бұл – ақыл жетпестей ғажап дүние! Сезім күштілігі тұп-тура Шекспирше! Қара сөзбен жазылған осынау қалың кітапта бірде-бір прозалық жол жоқ» деген. Түсінесіздер ме, прозаны поэзияға теңеп тұр! Қазақтың тіліне бұдан артық бағаның керегі жоқ сияқты.

Камерундық жазушы Бенжамен Матип «Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін. Енді оларды «Абай жолы» романы арқылы білемін. Шынында, бұл қазақтар неткен ғажайып халық! Сіздің халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын, ал сіздің өзіңізді өлмес туындыңызбен құттықтаймын» деген екен.

2-жүргізуші: Мұхтар Әуезов өзінің өлмес туындысы арқылы күллі әлемге ұлы Абайды паш етіп, өзге ұлттың зиялы қауымына қазақ тілінің көркем де бай, тегеурінді, мықты екенін мойындатты.

Осы орайда тілімізге аса құрметпен қарап, қазақ тілінің қыр-сырын жетік меңгерген бесінші қонағымыздың сұхбатын тамашалайық.

8-сұрақ: Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік тілді қаншалықты өркендете алдық деп ойлайсыз? (Күй ойнап тұрады)

Жауабы: Менің қазақ тілін білгенімді қазақ тіліне қосқан үлесім деп ойлаймын. Осы тілді игеру міндетім, өзіме қажеттігі болғандығы үшін үйрендім.Осы жылдар ішінде атқарылған іс-шаралар жеткілікті: мемлекеттік бағдарламалар да қабылданды, қаражат бөлінді. Күні кеше ғана ана тілінен мақрұм талай қазақтар қазір сайрап жүр.Бұл да жетістіктің бір белесі деп білемін.

9- сұрақ: Қазір еліміздің күн тәртібінде латын әліпбиіне көшу мәселесі тұр. Сіздің пікіріңіз қандай?

Жауабы: Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Біз осы әліпби арқылы

Түркі әлемін тани аламыз. Қазақ тілінің де қолдану аясы бұдан да кеңейе түседі.

10-сұрақ: Бүгінде еліміз өз тәуелсіздігінің 28 жылдық мерейлі мерекесін тойлау үстінде. Барша қазақстандықтарға айтар тілегіңіз?

Жауабы: Қазақтар - өте кеңпейіл халық. Даласы секілді дархан. Қазақстан – көптеген этностардың мекені. Барша қазақстандықтарға денсаулығы мықты, рухани жан дүниесі бай, тәуелсіздігі баянды, қазақ тілінің тұғыры биік, ғұмыры мәңгі болсын демекпін.

1-жүргізуші:Сұхбатыңызға рахмет. Отбасыңызға амандық, сарқылмас дәулет, мол бақыт тілейміз.

Кезекті поэзияға берейік. «Туған тілім» өлеңі.

2-жүргізуші: «Қасиетті болмасаң туған тілім



Абай, Мағжан, Мұқағали жырлар ма?» - дегендей біз, болашақ ұрпақ осындай ірі тұлғалар сөйлеп өткен дана тілімізді көркейтуге тиіспіз.

1-жүргізуші:«Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттік қолдау бар, өз функцияларыңды қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек».

Нұрсұлтан Назарбаев.

2-жүргізуші: «Өзекті мәселе» бағдарламасының басты тақырыбы «Ұлттың қуаты – тілінде» сыр-сұхбатының мәресіне де жеттік. Бүгінгі өзекжарды тіл мәселесінің аз да болса бір түйінін шешкен болсақ, ол да біз үшін нұр үстіне нұр.

1-оқушы:Тілсіз өмір жоқ. Тілі жоқ ұлт ел бола алмайды, атамекен жер бола алмайды, сондықтан еліміз, жеріміз, тіліміз аман болсын.

2-оқушы: Филиппова деген ханым қазақ тілі туралы былай деген екен: «Қазақ тілі інжу моншақ тәрізді жіпке тізіп жарқырата таққандай». Өзге этностың өкілі менің тілімді інжуге балап тұр ғой. Бұл деген тамаша теңеу ғой!

3-оқушы: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл,жүрекке жеңіл тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, - деп ана тілін жүрегімен сүйген ұлы Абай да тіл сұлулығын сақтаған.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, сұхбаттарыңызға рахмет!

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін тыңдайық.

«Мен жастарға сенемін» деген біртуар ақын Мағжан Жұмабаевтың сөзін семсер жүзіндегі серттей көрейік. «Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ», «Тіл- аса қадірлеп ұстар байлығымыз» деген ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің сөзін ұранымыз ретінде ұстап, жарқын болашаққа көз тігейік.

Тіл мәселесі – айта берсе таусылмайтын, сарқылмайтын көкейкесті мәселе. Қорытындылай келе айтарымыз: «Тіліміздің жауһар құндылығын сақтайық!»

2-жүргізуші: Желіде тұлпар, көгінде қыранымыз қалықтап, ана тіліміздің ғұмыры мәңгілік, тұғыры лайым биік болсын!





























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
942
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі