400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ұлттық аспаптар" 4 "В" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: " Ұлтық аспаптар" 4 "В" сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-кезең. Ұлттық аспаптардың ерекшелігіне, түсінік беру.

Данил. Сазсырнай – қазақтың ұлттық аспабы. Саз балшықтан, күйдіріліп жасалады. Үрмелі аспаптар қатарына жатады.


Рамина. Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды.


Рафаэль. Сыбызғы – үрлеп ойналатын аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады. 


Айлин.Домбыра — қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі.

Айдана.Қыл қобыз — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті, ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған.


Алинур. Дауылпаз — ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады.


Нели. Шертер – шертіп ойналатын, қазақтың ұлттық аспабы. Үш ішекті аспап. Дауысы өте жіңішке, құлаққа жағымды.


Балым.Аса таяқ — сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді.


Кристина. Шаң қобыз — бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.









(5-минут) 2-кезең. «Ойлан-тап» Мұғалім: Ерте заманда бір қарт кісі өмір бойы ұлттық аспаптар жасапты. Жылдар өтіп, қарт кісі қартайыпты. Қарт кісі: «Кімде кім менің сиқырлы аспаптарым туралы жұмбақтың жауабын шешсе соларға аспаптарымды естелікке беремін депті .Ал балалар ұлттық аспаптар туралы жұмбақтың жауабын тауып көрейік.


Адия Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкіштеп.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. Домбыра



Айдана Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуенінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі түрлі жыр шығар.
Бұл қай аспап?
Жетіген



Рафаэль Сызылған үні,сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын, аспаптың түрі.
Сыбызғы


Рамина Иір-иір құбыр , Үрлесең бұлбұл. Керней

Балым Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап? Қобыз

(5-минут) 3- кезең. «Аспаптарды ажырат» ойыны.

Ойын ережесі бойынша аспаптардың үні үнтаспадан тыңдатылады. Оқушылар қандай аспап екенін айтулары керек.
1. Домбыра 2. Жетіген 3. Сазсырнай 4. Шаңқобыз 5. Сыбызғы 6. Қобыз

(5-минут) 4-кезең. «Өз өнерім» Ұлттық аспаптар өнері. Оқушылар ұлттық аспаптарда ойнайды. Кристина, Балым, Дария, Айлин, Слава, Айдана, Карина, Артем

(5-минут) 5-кезең. «Көп тіл білу өмір талабы» (Слайдтан ұлттық аспаптарды көрсету)
-  Қазақтың ұлттық аспаптарын атап, атауларын ағылшынша жазып, сөйлемдер құру.
Яна.Домбыра- dombyra. I play dombra. Мен домбырада ойнаймын.

Слава.Сазсырнай- sazsyrnay. My brother plays sazsyrnay. Менің ағам сазсырнайда ойнайды.

Трафим.Қобыз- kbyz. Grandpa gave me kobyz. Атам маған қобыз сыйлады.

София. Жетіген- zhetigen. Getigen national instrument. Жетіген ұлттық аспап.

Ануар.Шаңқобыз- shakhobyz. Shakkobyz is a beautiful instrument. Шаңқобыз әдемі аспап.

Дария.Дауылпаз- gauylpaz. I drew a dauylpaz tool. Мен дауылпаздың суретін салдым.


(5-минут) 6-кезең. Тәуелдің жалғауын қайталау ( күй ойнап тұрады)

Аспап сөзін тәуелде

Менің аспап(б)ым, домбырам

Сенің аспа(б)ың, домбыраң

Сіздің аспа(б)ыңыз, домбыраңыз

Оның аспа(б)ы, домбырасы




(3-минут) 7-кезең. «Аспапты тану»
Ойын ережесі: ұлттық аспаптарды оқушылар қимылмен көрсетеді
Исмаил. Домбыра – Домбыра аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Ендеше шертпелі аспап.
Жандос. Қобыз – Қобызды қалай ойнайды? (Ысып) Ендеше ыспалы аспап.
Артем. Жетіген – Жетіген аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Жетіген шертпелі аспап.
Аиша. Сыбызғы – Сыбызғы аспабында қалай ойнайды? (Үрлеп) Үрмелі аспап





(3-минут) 7-кезең. Сергіту сәті Балалар Ескендір Хасанғалиев ағамыздың «Атамекен» әнін бірге орындап, дауыс жаттығуын жасап, әсем әнмен бойымызды сергітейік. (3-минут) Қорыту: Сонымен балалар қазақ ұлт аспаптарының қандай түрлері бар екен? Домбыра Жетіген Сазсырнай Шаңқобыз Сыбызғы Қобыз Үйге тапсырма: ұлттық аспаптардың суретін салып, бірнеше сөйлемдер құрап келу. 

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға тиісті бағаларын қою.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
3114
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі