400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Ұлттық киімдегі арулар 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сабаққа қолдануға қажетті дайын материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Мүсіндеу

Күні: 20.02.2019

Сынып: 3 г

Мектеп:К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Қалмақбаева Жанар

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ұлттық киімдегі арулар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ұлттық киімдермен танысып, қоңырау пішінді белдемшенің негізінде қыз баланың тұлғасын мүсіндеу.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Ұлттық киімдер туралы біледі және ұлттық киімдегі арудың бейнесін мүсіндейді.

Көптеген оқушылар: Ұлттық киімдегі ару бейнесін мүсіндеуде илеу, есу, жапсырмалау, құрастыру әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланады.

Кейбір оқушылар: Ұлттық киім киген қыз баланың мүсінін сомдауда ұлттық ою-өрнектерді қолданып мүсіндейді, өз ойларын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері


Ұлттық киімдермен танысады, қыз баланың тұлғасын мүсіндеуде,.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: Ұлттық киімдерді атайды.

Пәнге тән лексика мен терминология: тұлға, бешпет, белдемше,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Ұлттық киімдердің түрлерін ата?

  • Ұлттық киімдер ерлердің, қыз балалардың киімдері деп бөлінуі неліктен?


Құндылықтарды дарыту


Бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыландыру,сыйластыққа,бағыттау.  Шығармашылығы мен ой-қиялдарын дамыту

Пәнаралық байланыстар


Қазақ тілі, музыка, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары


Слайд, видео жазба,

Бастапқыбілім


Ұлттық киімдер туралы жалпы түсінігі бар

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


3 мин




























5 мин















Сабақтың ортасы


7 мин

























































15 мин






























Сергіту сәті

3 мин







5 мин





























Сабақтың соңы

2 мин








Кері байланыс


Психологиялық ахуал қалыптастыру:


Ашық аспан астында

Жақсы дос көп табылар

Мен де соның бірімін,

Сәлемімді қабыл ал.

Оқу мақсатын жариялау

«Керме жіп» әдісі

Топқа бөлу


Picture 2

Picture 3


қаз мойын Сынық мүйіз Жауқазын


Ою-өрнек бейнеленген фото суреттер беріледі. Оқушылар таңдаған ою-өрнек үлгісіне сай топтарға бөлінеді.

Жұмбақ жасыру


Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ. (Көйлек)

(Т.Ж) 1 тапсырма

Қима суреттерден пазл құрастыру?

«Бұл не» әдісі.

Дескриптор: Қима суреттерден пазлды құрайды.

Қ.Б«Түс тану» әдісімен бағалау.

Жасыл көйлек - дұрыс

Қызыл көйлек –Пазл құрастыруда қателіктер жібердім.

Сары көйлек- пазл құрастыруда қиналса.

Саралау тәсілі «Қарқын»

Жылдам жұмыс жасаған топқа тапсырма:

1.Қазақтың ұлттық киімдерінің қазақша атауы мен орысша атауын сәйкестендір?

Баяу мүсіндеген топқа уақыт беріледі.

Қазақ халқының ұлттық киімдері ер адамдарға арналған және қыз балаларға арналған деп екіге бөлінген.

Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Ер адамдардың ұлттық бас киімдеріне: тақия, бөрік, тымақ, мұрақ, қалпақ. Сырт киімдеріне –шапан, ішік, тон,шидем жатады. Ұлттық аяқ киімдеріне-мәсі,кебіс, ерлер етігі. Барлық киімдер ұлттық нақыштағы ою өрнекпен тастармен безендірілген.

Қыз балалардың көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол мен күрдекті ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік. Сәукеле әшекейлері-Сәукелеге арналған алтыннан, күмістен және қоладан жасалған салпыншақтар мен жапсырма белгілерді зергерлер құю,мөр басу әдістерін қолдану арқылы жасаған. Сәукелені қыз бала тұрмысқа шығар кезде той рәсімінде киген.

Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шопы таққан.

Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.

Түсіндіру: ермексаздан ұлттың киімдегі қыздың жасалу жолдарын рет-ретімен түсіндіріп, көрсете отырып мүсіндеу жұмысын орындау.

Түрлі түсті ермексаздардың кесектерін жүмсартып алу.

Негізгі түске таңдалған ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алу: үлкен цилиндр - денесі, екі кішілеу цилиндр - қолдары.Пластмас құмыраны алып жоғарғы жағын қиып аламыз. Ермексазды жұмсартып саусақтардың көмегімен жаймалап аламызда құмыраның сыртына жабыстырып шығамыз.Дайын болған мүсінге екі жанына есу әдісі арқылы дайындалған қолдарын біріктіреміз. Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып домалақтап илеп, басын мүсіндеу, осы ермексаздан домалақтап мұрнын,көзін жасап жабыстыру.

Шағын домалақ жасап алып, аздап жалпайтыңқырап бөркін жасау. Шағын домалақтан бөріктің жоғарғы бөлігін конус формасына келтіріп жасап алып, жоғарғы жағын дөңестеу етіп тегістеп бөріктің орта бөлігіне орналастыру.

Ермексаздың бір кесегін жалпайтып илеп, сопақшалап, көйлегіне біріктіру (камзол).

(Ж ж) 2 тапсырма «Шебер қолдар» әдісі

Пластмасса құмыраны пайдаланып, қоңырау пішінді белдемшенің негізінде қыз баланың тұлғасын мүсінде.

Дескриптор: Пластмас құмыраны дайындайды, ермексазды жұмсару, жаймалау арқылы жабыстырады. Дене мүшелерін сомдап құрастыру тәсілі арқылы мүсіндейді.

Саралау тәсілі: «Диалог және қолдау көрсету»

Қабілеті төмен оқушыға :

1. Қазақтың ұлттық киімдері қалай аталады?

2. Ер адам мен қыз балалардың киімдерін көрсет?

Кейбір оқушыға:

«Сөзжұмбақ» тапсырмасы


ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Жасыл-мүсінді әдемі мүсіндеп шығардың.

Қызыл- мүсіндеуде қате жіберсе.

Сары- мүсіндеуде көп көмек сұрап қиналса


(ЖЖ)3 тапсырма Мүсінді ою өрнектермен безендіру

Дескриптор: Мүсінді ою-өрнектермен безендіреді.

Саралау тәсілі «Дерек көздері»

Қабілеті жоғары оқушыға:

-Ғаламтор және кітаптардан көргеніңді пайдаланып, сұрақтарға жауап бере отырып, берілген әріптердің ішінен қазақтың ұлттық киімдерінің атауын тауып бергіле.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі

Жоғары-Өте жақсы

Жанға –орташа

Төмен-мүсін жасауда қиналдым.

Әр түрлі ермексазды жіңішкелеп есіп алып, түрлі оюларды жасап камзолдың жиегіне жабыстыру.

Өзіндік жұмыс: Мүсінді құрастыру.

денесіне басын біріктіріп орналастыру, басына мұрнын біріктіру, қара түсті ермексазды жалпақтап жүмсартып алып, шашын мүсіндеп басына жапсыру, содан кейін бөрігін орнықтырып, оған қоңыр ермексаз жолақшаларынан тері жасап біріктіріп, бөрікті сәндеу, үкісін де осы ермексаздан жасап біріктіру.


«Иә, жоқ» әдісі.

1. Ұлттық киімдер қазақ халқы үшін керек па?

2. Ұлттық киімдерді наурыз мерекесінде киеді ма?

3. Ермексаздан мүсінеудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып қыз баланың мүсінін сомдай аласыңдар ма?


«Білім қоржыны» әдісі

Picture 5







Қызыл қоржынға: Мен өте жақсы түсіндім, маған қызықты болды.

Көк қоржын: Мен сабақты жақсы түсіндім.

Сары қоржын: Мен тақырып бойынша әлі де түсінуім керек.


Шеңбер құру








Жіпке тізбектеліп ілінген оюдың суреттері





















Қыздарға арналған ұлттық киімдердің қима суреттері.















Слайд
























































Ұлттық киімдердің суреттері, қыздың үлгі суреті, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, пластмас құмыра

























Видео жазба

www.tolekova.com














Picture 3






Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


ТЖ Саралау тәсілі «Қарқын»

Жылдам жұмыс жасаған топқа

«Сәйкестендіру» тапсырмасы.

-Қазақтың ұлттық киімдерінің қазақша, орысша атауларын өзара сәйкестендір.

ЖЖ: Саралау тәсілі: «Диалог және қолдау көрсету»

Қабілеті төмен оқушыға :

1. Қазақтың ұлттық киімдері қалай аталады?

2. Ер адам мен қыз балалардың киімдерін көрсет?

Кейбір оқушыға:

1.Қазақтың ұлттық киімдерінің қазақша атауы мен орысша атауын сәйкестендір?

ЖЖ: Саралау тәсілі «Дерек көздері»

Қабілеті жоғары оқушыға:

-Ғаламтор және кітаптардан көргеніңді пайдаланып, сұрақтарға жауап бере отырып, берілген әріптердің ішінен қазақтың ұлттық киімдерінің атауын тауып бергіле.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
785
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі