Ашық сабақ :"Ұлттық код негізі-ұлттық тәрбие"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ :"Ұлттық код негізі-ұлттық тәрбие"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлттық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы «Ұлттық код негізі – ұлттық тәрбие»

Біздің мақсатымыз Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін терендету. Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, еліміздің кейбір салты мен ырымдарын үйрету. Ұлттық мәдениетке, халқымыздың тарихына қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға дайын азаматты қалыптастыру. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Адамгершілікке, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер ұлттық нақышта болады жәнеде бағалауы көп топқа сыйлық беріледі

Нұрсауле: Сәлеметсіздер ме студенттермен, тәрбие сағатымызға қонаққа келген мұғалімдер. Сабағымызды бастамастан бұрын әнұранымызбен сабағымызды ашып аламыз

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «ұлттық код негізі ұлттық тәрбие ». -Ұлттық код дегенді қалай түсінеміз? -Жаһандану деген не? Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды дейміз. Бүгінде кең қолданылатын код деген сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек, қазақтың ұлттық коды деп қазақ халқының жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілерді айтқан жөн шығар.

Динара: Ұлттық кодты қарапайым тілмен айтқанда «қазақи тегіміз, қазақи діліміз, қазақи санамыз бен болмысымыз» деуге болады. Жалпы дүниеге келген әр адамның бойындағы, қанындағы қасиеттері оның шыққан тегіне, алған тәрбиесіне байланысты деп ойлаймын. Алайда оларды ары қарай бағдарлап дамыту ата-анасына, отбасына, өскен ортасына тікелей байланысты.

Дариға: Отанын сүйгіш, ұлтжанды ақын ағамыз М.Шахановтың сөзімен айтқанда, әр адам туған анасынан басқа да өзінің тағдырын тамырсыздықтан қалқалап, өміріне мәңгі астана болар құдіретті 4 Ананы танып-біліп, қадірлеп-қастерлегенде ғана өз ұлтының шын мәніндегі толыққанды өкілі бола алады. Ал ұлттың ең негізгі және бірінші көрсеткіші ол – тілі. «Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов үлкен ескерту жасап кетті.

Нұрсауле: сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық ұлттық нақышта топқа бөлінеді

Ендеше бірге видеороликке назар аударайық

Сыйлық ойыны ішінде сұрақ сол сұраққа жауап береді әр топтан 1 жұп келеді

Байғазы — балалардың, жастардың жаңа киімі, қуанышты сәттерге берілетін сый

Кәде — айтта, ойын тойда мейрамдарда берілетін сый. Той кәделері тойбастар, айттық, көрімдік, тәбәрік, жыртыс, сарқыт.

Ұшықтау — тамақтан, иістен ұшынған адамды ұшықтау

Тұсаукесер тойы — сәби жүре бастаған кезде ата –анасы «балам тез жүріп кетсін»деген оймен жасалады. Арнайы жіп дайындап, жылдам жүретін адамға қидырады.

Тілашар тойы — бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде, тілі тез шығуы үшін дәстүрлі «тілашар»тойы ырымын жасаЖаңбыр шақыру — құрғақшылық болса өткізіледі. Бұл шарада құрбандыққа мал шалынып, 10-12 жастағы күнәсіз балалар алла Тағаладан «жауын жау, жауын жау» деген тілектер тілейді. Құрбандыққа шалынған малдың беті құбылаға қаратылып, қаны суға ағызылады.

Қыз ұзату тойы — ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Түрлі ойын-сауық өткізіледі, жар-жар айтылады. Қыз аттанарда «Сыңсу» айтады.

Қыз айттыру — жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.йды.

Келесі кезек қазақтың салт-дәстүрлері ойыны әр топтан бір студент шығып бір салт-дәстүрді топтарға көрсетеді тапқан студент топқа бағалап отырамыз бесікке салу қыз ұзату теңге алу

Дариға: Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бірімен бірі байланысып, ұштасып жатады. Осынау қасиетті үш затты қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп жіберетін болған әрі күлін де аяқасты қылмай, көміп тастаған.

Зейін! Бесікке байланысты ырым-тыйымдарды көп жазған топты бағалау

Бос бесікті тербетпейді.

Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.

Бесіктің теріс жағына отырмайды.

Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.

Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.

Құрметті студенттер және қонақтар біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қалған, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз қажет. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші сергіту сәті ретінде сіздерге қазақтың қара домбырасымен түрлі күйілерді үзінді тыңдатып табуларыңыз керек

Нұрсауле: Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.

Динара:Ұлттық код, ұлттық салт-дәстұрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз. “Сен де бір кірпіш дүниеге ,

Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыз айтқандай балалар мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр Туған жеріңе, туған өлкеңе сен қандай үлес қосар едіңіздер? студенттерден жауап

Дариға: қазақтың бойына сіңіп кеткен бата беру салтын көрсеткіміз келеді. Видеоға алдын ала түсіріп алған едік. (Видео көрсетіледі.) Бата беріледі

Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің

абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

Тәрбие сағатымызға белсене қатысқан студенттерімізге рахмет сыйлық беріледі қош сау болыңыздар

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.06.2024
281
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі