400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Ұлттық ойындар" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта қазақ халқының ұлттық ойындарына тоқтатады. .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақ халқының ұлттық ойындары туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу шеберлігін, ойлау қабілеттерін, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын, шығармашылық ізденістерін және танымдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың ұлттық сана –сезімін ояту, салт – дәстүрден нәр алған иманды, ибалы, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, кеспе қағаздар, плакаттар, т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, өрмекші әдісі, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Негізгі бөлім:

Мұғалім:

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір - бірімізбен амандасайық!

 Армысың, Әлем!

 Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

 Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

 Армысың, менің досым!

-  Балалар, олай болса сабағымызды шеңберге тұрып бастаймыз!
Оқушылар шеңбер тәріздес болып тұрып өткен тақырып бойынша мәлімет айтады, мәлімет айтқан адам келесі оқушыға бума жіпті ұзатады. Нәтижесінде жіптер шырмалып, өрмекшінің ұясына ұқсап қалуы тиіс. Жіптің көлеміне қарай оқушыны білім деңгейін анықтауға болады.

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата – бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. І мыңжылдықта қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық іс – әрекеттерінен бастау алады.

Ұлттық ойындар

Shape4 Shape1 Shape3 Shape2



Аңға байланысты Малға байланысты Түрлі заттармен Зеректілікті, ептілікті

ойындар ойындар ойналатын ойындар және икемділікті

қажет ететін ойындар


  1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпеше қарғу, ордағы қасқыр.

  2. Малға байланысты ойындар: асау көк, көксиыр, соқыр теке, түйе мен бота.

  3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ақсүйек, арқан тартыс, жаяу көкпар, қыз қуу, орамал тастау, сақина жасыру.

  4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, аударыспақ, көкпар, күрес, ұшты – ұшты.

«Ұлттық ойындар» видеосын тамашалау.


І –кезең. Тұлпар тобына:

Адасқан әріптерді табу:

  1. Й,К,А,Г,Е,Л,Ө –Айгөлек

  2. Т,Ы,О,Б,Қ – Тобық

  3. А,Қ,Ү,Е,К,С,Й – Ақсүйек

  4. Т,Л,А,Б,Ы,А,Н,А,Қ – Алтыбақан


Көкпар тобына:

  1. Т,Ғ,О,Ы,Қ,М,А,Ұ,З,Қ,А,Л - Тоғызқұмалақ

  2. П,К,Ө,А,Р,К – Көкпар

  3. К, Р,Е,Ү,С- Күрес

  4. А,Қ,С,Ы – Асық


ІІ – кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр». Сиқырлы шаршылар шығады. Сол шаршының бетінен қалаған бір қаланы таңдап ашуға рұқсат етіледі. Қаланың артында жасырылған жарты суреттеріне қарап ұлттық ойындардың атауын тауып сипаттау қажет.


ІІІ – кезең «Кім жылдам?» ойыны. Оқушылар ұлттық ойындардың мағынасын тауып құрайды.


Тұлпар тобына:

1.Ақсерек - көксерек




Ақсүйек айлы түндерде ойналатын жастардың кен, таралған дәстүрлі ойыны. Ақсүйек ойынында лақтырылатып сүйектің өзі «ақсүйек» деп аталады. Бұл ойынды ай жарық түндері, көбінесе жаздыгүні қыз бен жігіт, бозбалалар ауыл сыртында ойнайды. Мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түнінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған.

2. Ақсүйек



Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншы алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен - «Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

3.Сақина жасыру




Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1- ші топ. Ойынды бастайды
Ақсерек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.




Көкпар тобына:

1.Күрес


Шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.

2. Теңге алу

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі. Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

3. Тоғызқұмалақ

Қазақ  халқының ерте кезде қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша  күрес. Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді.




ІV – кезең Асық ойыны.

Асық атаулары:

1. Құлжа - арқардың аталығының асығы

2. Сақа - арқардың асығы

3.. Жабайт – еліктің асығы

4. Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен

5.. Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы

Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:

1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың /

2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі)

3. Екбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/

4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/

5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» / омақаса құлаған /

Практикалық жұмыс. «Асық ату» ойынының ережесімен танысайық.
Асық ойынында асықтың берекесі де, басшысы да «сақа». Асықтарды атқанда сақамен көздейді. Бас бармақпен сұқ саусаққа қысып ұстап жоғары сілкіп, салмақтап айландырады. Айландырып тұрған сақаны сағаттың тіліне қарсы иіріп атады. Ірі әрі салмақты иіріліп тиген сақа асықтарын бірнеше домалатады. Шебер иіріліп атылған сақа, асыққа тигенде 10 сантиметрден 150 сантиметрге жерге дейін ұшырып жібереді.
Асықпен ойналатын ойындар: бүк - шік ойыны, үштабан, ханталапай ойыны, алшы, шеңбердегі асықты ату, көтеріспек, атбақал т.б
. ойындар.
1. Бүк - шік ойыны. Бүл ойынды екі не үш бала ойнайды. Ортаға 2 - 4 - 6 асық тігіледі. Үш бес - метр жерден ортадағы асықты атады, егер сақа ортадағы асыққа тиіп, шік - бүк түссе, онда асықты атқан бала ұтып алады. Егер сақа ортадағы асыққа тиіп, сақа алшы түссе, барлық асықты ұтып алады. Егер

бүк – шік түспесе, басқа балалар атып, ойынды жалғастырады, кім көп асық ұтса сол жеңіске шығады.

V – кезең Қаражорға биі.

VІ – кезең «Арқан тартыс» ойыны.

Бұл ойында екі топтан екі бала шығып, жіптің екі ұшынан ұстап тұрады. Жіптің ортасына белгі қойылады. Екі топқа алма кезек сұрақтар қойылады. Егер берілген сұраққа қай топқа дұрыс жауап беретін болса, ортадағы белгі сол жаққа қарай жылжиды. Ойын соңында қай топқа қарай белгі көп жылжыса, сол топ жеңіске жетеді.

Сұрақтар:

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

  2. Сүттен жасалатын тағамдарды ата. (Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б. )

  3. Қазақ қыздарының әсем бұйымдарын ата (шолпы, алқа, сырға т.б.)

  4. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)

  5. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата (ет, қазы-қарта, ірімшік, айран, сүт т.б.)

  6. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз (асық, көкпар, қыз қуу, арқан тартыс, ақсүйек)

  7. Жігіттің үш жақын жұртын ата? (Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)

  8. Жеті атаны ата ( Ата, Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене)

  9. Төрт түліктің пірін ата?
    1) Түйе атасы –Ойсыл қара
    2) Жылқы атасы- Қамбар ата
    3) Сиыр атасы- Зеңгі баба
    4) Қой атасы- Шопан ата

  10. Көшпенді қазақтардың үйі қалай аталған? (киіз үй)


Қорытынды:

Үйге тапсырма: Ұлттық ойындар буклет жасау.

«Бас бармақ» тәсілі. Смайликтерді қою арқылы сабақты қорытындылау.


Барлығын түсіндім






Енді түсініп келемін






Түсінбедім


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
24 тамыз
1885
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі