15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. "Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі."
Пәні:Сауат ашу |
Мектебі:№6 негізгі орта мектебі Мұғалім: Н.Б.Мейрманова |
||
Күні: Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: 14 Қатыспағандар саны:жоқ |
||
Сабақтың тақырыбы |
Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
В
дыбысының айтылу ерекшелігін байқату,
в дыбысы бар сөздердің орыс тілінен
енгендігін аңғарту, в әріпі бар
сөздердің мағынасын түсіндіріп,
оларды дұрыс жазуға үйрету, в дыбысы
туралы алған білімдерін кеңейту. |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Ойын-игра |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Тез тұрайық шеңберге, Дөңгеленіп тұрайық. Кереге боп керіліп, Уық болып иіліп. Киіз үйді құрайық.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, не құрдық? Киіз үй туралы не білеміз? Үй жұмысына тоқталу Қандай әріп және дыбыспен таныстық? Ёё әрпі мен дыбысы Не білеміз? Шахтёр , монтёр, дирижёр , актёр , фуникулёр
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Жаңа сабақ Ұлтық ойын туралы не білемін? Оқушылардын сұрау? Қима қағаз таратып беремін. Ойындарды табу: Көкпар, бәйге ,теңге алу. Құрастырады. Ұлттық ойындарға тоқталу: Аттпен ойналатын ұлттық ойындар. Көкпар екі топ болады,көк серкені ортаға салып ,екі топта екі қазандық болады,көк серкені қазандыққа кім көп салса сол топ жеімпаз. Бәйге ат жарысы ,көп кісі қатысады,бір сызықтың бойына келіп,төрешінің белгісімен басталады,кім мәреге жетсе сол адам жеңімпаз. теңге алу екі каманда болады,екі қазандық болады,кім жердегі теңгені көп жинап қазандыққа салса сол каманда жеңімпаз.
Сыйқырлы хат . Конверт ішінде І және 3 саны жасырылған. Қосылса І және 3 сан арасы, қандай әріп қарашы? Шешуі: В дыбысы. «Ұлттық ойын» бағдарламасының бүгінгі конағы В в әрпі мен дыбысы. Неге ұқсайды Слайд Дыбыс. Фонетикалық жаттығу. Балалар машинаның дыбысын қалай салады? (в-в-в-в) В в ұяң ,дауыссыз дыбыс , көк түске боялған.Вв дыбысы Сөздің басында және ортасында,адамның тегінде ғана в әрпін сөздің соңында кездестіруге болады .В» дыбысы орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады Слайд сөздер
велосипед, вокзал, трамвай, автобус, Сағындыков В әрпін бояту. Тыңдалым. №1 Оқылым. велосипед, трамвай, автобус, Көркем жазу.
В баспа түрі көрсету В әрпін ауада, В жазба түрін тақтада жазу.
Қағазға жазу , дәптерге жазу
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Видео ролик |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Аяқталуы 16 минутҚызықты тапсырма 8 минут
|
Оқу, дыбыстық талдау, сөйлем құрау, буынға бөлу,
волейбол,паравоз,вазелин,вокзал,вальс, велосипед, вокзал, трамвай, автобус.
№3 Ат жарысынң жеңімпаздарына берлген заттың не екенін жұмбақты шешу арқылы таба аласың?
Үй
ішінде - бөлме,Бөлме іші - көлде.Түрлі
ұсақ - балық,Жүзді сайран салып.- Шешуі
не екен? - Аквариум- Аквариум дегеніміз
не, білеміз бе? Көргенбіз бе?4) слайд
Аквариум суретін көрсету.
№4 Әр вагонға тиісті сөздерді орналастыр.
В волейбол,паравоз,вазелин,вокзал,вальс. Э эстафета, электровоз, эшелон, экипаж.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Кері байланыс: велосипед Мен бүгін сабақта ештеңе түсінбедім. (қызыл түс) Менің сабақта әлі де түсінбеген тұстарым бар.(сары түс) Бүгін мен үшін сабақта барлығы түсінікті. (жасыл түс) |
Кеменің суреттері |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.С.Молдагулова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген