400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ұлттық тағамдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ орыс мектептерінде жасайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



1.Сыныбы 6 «в»

күні

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық тағамдар.Сөйлем мүшелері.

Мақсаты

Сөйлем мүшелері туралы түсінік беру,ұлттық тағамдардың атауларына байланысты жаңа сөздер арқылы тіл байлығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

1.Сөйлем мүшелері туралы түсініктері қалыптасады. 2Сөздермен сөйлем құрастырып,әңгімелей алады. 3.Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұмат алады,тіл байлықтары артады..

Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, суреттер,интерактивті тақта, стикерлер, видеоролик.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Оқушылармен шаттық шеңберін құрамыз.Сабағымыздың тақырыбы «Ұлттық тағамдар» болғандықтан,қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша тараудың бірінші сабағын шашу шашып бастаймын.Оқушылар шашуды жинап,сабаққа деген қызығушылылықтары артып,бір-біріне тілек айтады. Оқушылар ұлттық тағам мен сусындардың қиындыларын құрастырып,екі топқа бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.



Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып бір –біріне тілек айтады.Қымыз және бесбармақтың қиындылары бойынша сурет құрады, екі топқа бөлінеді..





Тұсаукесер

Жетелеу сұрақтары:

Сендер тамақты күніне неше рет ішесіңдер?

Бүгін түскі асқа не жедіңдер?

Сендер атаған тағамдар қандай тағамдарға жатады?

Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Ұлттық тағамдар.Сөйлем мүшелері.

Интерактивтік тақта арқылы сөйлем мүшелерінің ережесін түсіндіремін.

Біз күніне тамақты үш немесе төрт рет ішеміз.Бүгін түскі тамаққа бесбармақ жедім.Мен түскі тамаққа қуырдақ жедім.Мен бауырсақ пен көже іштім.

Біз атаған тағамдар «ұлттық тағамдар» деп аталады.

Негізгі бөлім

1-Тапсырма. Сөздікпен жұмыс жұмыс.Жаңа сөздерді өзім оқимын. Формативті бағалау.



2-Тапсырма.1-топ өздері білетін сусындарды,2-топ ұлттық тағамдарды атайды.Оларды тақтаға шығып топтастырады. Суреттер бойынша қысқаша мазмұндайды. Топтық бағалау. 3-Тапсырма. Мәтінмен жұмыс.Мозайка әдісі.Топ басшылары мәтінді мәнерлеп оқиды.Топ мүшелері бір-біріне сұрақ қояды.Мәтін бойынша әр топ постер дайындайды.Топтан бір адамнан шығып ,ауысып мәтінді келесі топқа түсіндіреді. Бірін –бірі бағалау.

Сергіту сәті.

Оқушылар интерактивті тақтадан видеороликке қарап сергіту сәтін орындайды.

4-Тапсырма Екі топқа екі түрлі мақал беріледі.

Әр топ мақалдың мағынасын ашады.

5-тапсырма. Синтаксис әлемінде.Әр топқа топшама беріледі.

6-тапсырма.Енді бір сәт ойланайық.(Сыни тұрғыдан ойлануға арналған сұрақтар)

1-топ Қалай ойлайсыңдар қазақ халқы көбінесе неге ет және сүт тағамдарын пайдаланған?

2-топ.Венн диаграммасын орындау. Қазақ халқының және орыс халқының ұлттық тағамдарын атап,олардың ортақ белгілерін көрсет.

1-топ сөздерді басынан аяғына дейін оқиды .

2-топ сөздерді аяғынан басына дейін оқиды.

1-топ бес сөзбен,2-топ бес сөзбен сөйлем ойлайды.

Топ болып сусындар мен тағамдарды атайды.Топтастырады.Суреттер бойынша 1-топ сусындарды,2-топ тағамдар туралы әңгімелейді..


Оқушылар топбасшыны мұқият тыңдайды,бір –біріне сұрақтар қояды.Түсінгендері бойынша постер құрады,әр топтан бір адамнан шығып келесі топқа барып түсіндіреді.

Оқушылар берілген мақалды оқып,мағынасын ашады.

Оқушылар топшамадағы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды. 1-топ.Өйткені қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан.Сондай-ақ олар табиғи таза өнімдерді жеген,Бұл тағамдар денсаулыққа пайдалы екенін білген. 2-топ.Қазақ халқының ұлттық тағамдары:бесбармақ,қуырдақ,қазы,қарта,жал,жая т.б

Орыс халқының тағамдары:борщ,щи,пильмени,котлеты т.б Ортақ белгілері:пісіреді,қуырады,қайнатады,еттен,ұннан дайындайды

Қорытынды

Сонымен ұлттық тағамдар ,сөйлем мүшелері туралы не білдік? 1-топ Ұлттық тағамдар туралы,2-топ сөйлем мүшелері туралы бір-бір сөйлемнен айтып шығады.

Үй тапсырмасы.Ережені жаттау,5-тап,124 бет жаттығуды орындау. Оқушыларды бағалау.

Оқушылар ұлттық тағамдар бойынша не білгендерін айтады Сөйлем мүшелерінің қасиеттерін,белгілерін айтады.

Сабақтың соңында оқушылар осы сабақ бойынша рефлексия жасайды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі