400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ұлттық тағамдарды ұнатамын "

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ үлгісі 9 сыныпта қазақ тілі пәнінен сабақ беретін ұстаздарға арналған. Сабақта әр түрлі тәсілерді қолдану арқылы тақырыпты меңгеру жолы ұсынылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдарды ұнатамын


Сабақтың мақсаты: Тақырыбы бойынша тапсырмамен және сұрақ-жауап арқылы тақырыптың мазмұнын ашу,білімдерін әрі қарай кеңету және меңгерту. Мақсат үстеуді қайталап, қосымша жаттығулармен жұмыс жүргізу арқылы оларды сөйлемдерде ажыратуға, сөйлемде өз еркімен қолдана білуге жаттықтыру.


Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ. Оқыта үйрету ойыны.


Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, іздендіру,топтық, жұппен, жекелей жұмыс түрлері



Сабақтың көрнекілігі:

Суреттер, тірек сөздер.

Ұжымдастыру формасы: Топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:

  1. Мұғалімнің сөзі:- Сәлемдесу,(Сәлеметсіңдерме? Отырыңдар. Диалог құру)

Оқушылар (Сусындар, Тағамдар) болып отырады.

  • Ойынның мақсатымен, шартымен таныстыру.

  • Тақтада: Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты жазылып тұрады.

  • Балалар бүгін біз қай тақырыпты өтемізз?

  • Біздің мақсатымыз қандай?

  • Бірінші мәтінмен жұмыс істейміз

Ендеше бүгінгі «Бақытты сәт» ойынымызды бастайық.

I-гейм «Бой сергіту»


Команданың әр мүшесіне карточка беріліп, дайындыққа 1минут уақыт бөлінеді. 1минут уақыттан кейін әрқайсысы жауап беріп, сәйкес фишка алады.

Сусындар командасы



1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ,қазы,қарта т.т)

2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой,сиыр,түйе,жылқы етінен)

3. Сенің сүйікті тамағың не?(...)

4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)

5.Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)

6. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)



Тағамдар командасы



1. Айран ненің сүтінен жасалады?(сиыр сүтінен)

2. Қазы, қарта, жая ненің еті?(жылқы еті)

3. Бесбармаққа ненің етін салады?(жылқы, сиыр, қой, түйе етін)

4. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?(жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды)

5. Құрт неден жасалады? (сүттен)

6. Сенің сүйікті тағамың не?(...)


II-гейм. Бөшкеден шыққан басқатырғылар


Тапсырмалар жазылған парақшалар:


1. Мына сөйлемді аудар:

Из мясо конины готовят казы, карта, жал. (Жылқының етінен қазы, қарта, жал дайындайды)

2. Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді?(баяндауыш кім?не? деген сұраққа жауап береді)

3.Мына сөйлемді аудар:

Творог, курт, масло молочные блюда.(Сүт тағамдары -ірімшік, сүт, құрт, май.)

4. Мақал-мәтелдің аудармасын дұрыс айт:

Когда в семье лад, все вкусно подряд. (Тату үйдің тамағы тәтті)

5. Мақал-мәтелді аяқта:

Ат-адамның қанаты,

(Ас- адамның қуаты)

6. Сөйлем мүшелерін ата:

(Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)

7. Бастауыш, баяндауыш қандай сөйлем мүшелері? (тұрлаулы)

8. Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қандай сөйлем мүшелері?

(тұрлаусыз)

9. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата? (ет, сүт, нан тағамдары)

10. Мына сөздерді аудар:

еда, пища- (дәм)

не попробовав- (ауыз тимей)

гость-(қонақ)

гостеприимство- (қонақжайлылық)

11. Қазақ тілінде неше шақ бар? Оларды ата: (өткен шақ, келер шақ, осы шақ)

12. Мына сөйлемді аудар:

В Казахстане есть санаторий где лечат кумысом. (Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар).


III-гейм Фонетика және грамматика әлемінде

Мұнда мұғалім тақтаға әр командаға екі сөйлем жазады. Сөйлемдерде дауысты, дауыссыз дыбыстар түсіріліп жазылады және екі командаға грамматикаға байланысты тапсырма беріледі.


Сусындар командасы

1) Қаза...та ұлт...ық та... амдар ал...ан түрлі.

2) Дастар...андағы д...м, та...амнан а...ыз тимей кетуге болмайды.

\Тағамдар командасы

1) Тамақ ішуге шақыр...анда, тама...ты к...п күтт...руге болмайды.

2) Қазақта дастар...аннан, д...мнен үлкен н...рсе жоқ.

IV-гейм «Сен маған, мен саған»

.Парақша : Үстеулерге арналған.


Қорытынды.

Диалог құру «Қонаққа шақыру»


Рефлексия :

Сонымен сабақты қортындылайық:

  • Ет тағамдарын атаңдар?

  • Сүт тағамдарын атаңдар?

  • Нан тағамдарын атаңдар?

  • Жылқы, сиыр, түйе не береді?

  • Шұжық неден жасалады?

  • Ұлттық тағамдарды ата?

Бағалау парағы бойынша топ жиналған фишкалар бойынша өз тобын бағалайды.

Енді өз көңіл күйлеріңді мына түрлі-түсті қағаздар арқылы шығарыңдар.

Үй тапсырмасы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі