Ашық сабақ Ұлттықтәрбие -ұлт болашағы Татубаева Б.М

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ұлттықтәрбие -ұлт болашағы Татубаева Б.М

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттықтәрбие -ұлт болашағы атты ашық тәрбие сағаты Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру; үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай еске сақтауға және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ата сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп атауы

«Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп- бақшасы»КММ

Сынып жетекшінің аты-жөні

Татубаева Бакытгуль Муратпаевна

Күні:

17.04.2024ж

Сынып 2 А

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы

Тәрбие жұмысының бағыты


Мақсаты

Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру; үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай еске сақтауға және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ата сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

М. Жұмабаев


Бағалау критерийлері:



Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар


Кіріспе

















Негізгі бөлім



























































































































































Қоры

тынды



Қайырлы күн қадірменді қонақтар, оқушылар! «Сәлем -сөздің анасы, сөз - сарасы» - Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. «Әдепті елдің баласы, Алыстан сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті.
Төріме міне еніпті !
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!

Ералы
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымызда, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге!

Анель
Қай заман болсын, адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу әрқайсысымыздың борышымыз!

Бейнероликқа назар аударайық

Ералы:
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты

Анель:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халықпыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

Ән: «Елге сәлем».

Анель:

Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптын

Бәрін біліп менгерген

Болашағы қазақтың

Басталады сіздерден

Ералы:

Ия, Анель, дұрыс ақ, бірақ Ұлы ұстаз Ал Фарабидың айтқаны «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы» деген даналығы бар емес пе.

Анель:

Ия,Ералы,олай болса «Оқуға құштар» жобасы бойынша оқуға қанықтырған ертекшімізді тыңдайық

Ерте,ерте,ертеде әлемде бір патшалық болыпты.Оның тұрғындары сондай ақылды ,білімді,өнерлі болыпты.Ол патшалыққа жамандық атауы мүлдем жоламаған екен.Патшалық үш хандықтан тұрады екен.Ең үлкені жоғары хандық,ортанғы хандық,ең кіші хандық «Балдаурен» хандығы.онда кішкентай бүлдіршіндер өмір сүріпті.Тәп тәтті бүлдіршіндер кез келген қонақты тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Ендеше сол бүлдіршіндердің өнерін тамашалауға жоғары хандық,ортанғы хандық құр келмепті.Өздерімен бірге даналықтарын ала келіпті «Аталы сөз -баталы сөз» ұрпақ тәрбиесіне мысал. (көрініс)

Ералы:

Ыбырай атамыздың айтқаны бар емеспе «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.»

Анель:

Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, мейірімділік,көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, Ызақорлық, қызғаншақтық, жалқаулық, ұрлық, өтірік айту, ұқыпсыздық, өзімшілдік , кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абай атамыздың сөзімен нақтылап өтсек

Жансая

«Ғылым таппай мақтанба»
Ералы:

Демек, асыл қасиет – адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында  айтқан адамдықтың белгісі – адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.

Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.


Бәрекелді өлендермен жалғастырайық

Анель:

Олай болсы «Баланы бесікке салу» дәстүрін тамашалаңыздар

Дастархан басына жайғасады

Қазақтың ұлттық тағамдарын көрсетіп,тақпақтар айтады

Ауылдың үлкен ақсақалынан бата сұрайды

Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі.

Ералы;

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайрандаған

Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырамыз

Би

Ералы;

Жарайсындар қыздар . Анель байқадын ба «Қыздың жолы жінішке» деп қыздарға жол бердім.Мұным нағыз ерлік емес пе?

Анель:

Ия Ералы халқымыз қыздарды жүсіптін көзінен өткен сұлуға баласа,ер жігіттерді сайдың тасынан да қайратты күшке тенеген,жігітке жеті өнер де аз,жігіттердің өнерін тамашалайық

 

Ұлттық ойындар


Ырым-тыйым – ұлағат көзі. Қазақтың ырым-тыйымдары

Ералы;

«Ұлт болам десен бесігінді түзе»деген. Ұлттық тәрбие ұлт болашағы десек бірлігіміз бен татулығымыз да арта түсері хақ

Анель:

Ия,Ералы дұрыс айтасын.Біздін бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталуға жақын қалды.Олай болса тоқсан ауыз сөздің тобықтай тұйінің Жоғары хандық пен Ортанғы хандықтың даналығына берелік

Ертекші

Осылайша үш хандық тату- тәтті өмір сүрүді жалғастырған екен Балалар бірге «тірліктің түбі бірлікте» Мұғалім :

Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті . Қай бір ел болмасын өз ұлтын, салт дәстүрін ,әдеп ғұрпын,тұған тілін сақтамаса ұлт болудан қалады деген екен.Демек болашақ ұрпағымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелесек

Батамен дарыған,айрандай ұйыған ел боларымызға біз қашанда сенеміз.

Бай құатты,әр күндеріңіз шуақты болсын.



Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,суреттер,АКТ,


















https://www.google.com/search?q=%D2%B1%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B+%D1%82%D3%99%D1%80%D0%B1%D0%B8%D0%B5+%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%BA+&sca_esv=412c17568268fde8&ei=LPP_ZbXaEuvJwPAPy_KMYA&udm=&ved=0ahUKEwi1oJviy4yFAxXrJBAIHUs5AwwQ4dUDCBA&oq=%D2%B1%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B+%D1%82%D3%99%D1%80%D0%B1%D0%B8%D0%B5+%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%BA+&gs_lp=Egxnd3Mtd2l6LXNlcnAiL9Kx0LvRgtGC0YvSmyDRgtOZ0YDQsdC40LUg0LHQtdC50L3QtdGA0L7Qu9C40LogMgUQIRigATIFECEYoAEyBRAhGKABMgUQIRigAUj_XVAAWPsocAB4AJABAJgBlwKgAcUKqgEFMC4yLjS4AQzIAQD4AQGYAgSgAp0HwgIIEAAYgAQYogSYAwCSBwUwLjIuMqAH-xs&sclient=gws-wiz-serp#fpstate=ive&vld=cid:078bd0d4,vid:3StPa4IxX_8,st:0





аталы сөз баталы сөз


https://www.youtube.com/watch?v=e4AiNP90-GE
























Асықтар,

Сақина,

үстел үсті

ойндары










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2024
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі