|
Пән мұғалімі
|
Пәні
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сынып
|
Күні
|
|
Карашинова А.С.
|
Қазақстан тарихы
|
Ұлы
ақын Абай Құнанбаев
|
8 «Б»
|
|
|
Сілтеме
|
8-сынып «Қазақстан тарихы»
кітабы. Bilimdiler.kz
|
|
Ресурс
|
Слайдтар, электрондық
оқулық, бағалау парағы.
|
|
Мақсаты
|
Ақынның балалық шағы, озық
ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы, аудармашылық
қызметі туралы түсіндіре отырып, қазақ халқының тарихындағы орнын ашып
көрсету.
|
|
Ұйымдастыру
3 минут
|
Сәлемдесу, топқа бөліну. Өздерін
таныстыру
1.«Әзім әңгімесі», «Ескендір»,
«Масғұт» тобына бөлу.
2.Топ басшыларын, хатшы, уақыт есептеуші,
баяндамашы рөлін бөлу.
3.Топтың ережесін еске түсіру.
|
|
Оқыту нәтижесі
|
1.Ойларын жетік жеткізе біледі;
2.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті
дамиды;
3.Өмірде қолдана білуге
машықтанады.
|
|
Оқыту формасы
|
1. СТО
2. АКТ
3. Оқу мен оқытудағы жаңа
әдіс-тәсілдер
4. Бағалау
|
|
Үй тапсырмасын
тексеру
7
минут
|
1.«Лездеме» әдісі арқылы жеке
жұмыс:
1841 жыл, Балқожа Жаңбыршин,
В.В.Григорьев, кредо, 1857 жыл, классиктер, педагогикалық көзқарас,
кеңсе қызметкері, оқу құралы, бастауыш мектеп, 1864 жыл, үгіт
жұмысы, 1879 жыл, училище, экономикалық көзқарас, орыс географиялық
қоғамы, әдеби мұра, 1864 жылғы хат, 1880 жыл «Оренбургский листок»,
Алтынсарин төсбелгісі, 1869 жыл.
(Оқушылар сандықшадағы тірек
сөздер арқылы Ы.Алтынсарин туралы білгендерін ортаға салады.
Орындалған тапсырмаларды топ басшылары
бағалайды).
2. Мұғалімнің қосымша
сауалдары:
- Биыл Ы.Алтынсариннің
туғанына неше жыл? .
- Қаламызда Ы.Алтынсарин есімі
берілген ғимараттар бар ма?
- Кім Ы.Алтынсариннің бір
өлеңін жатқа оқиды?
- Ы.Алтынсарин әңгімелерінің
тәрбиелік мәні қандай? («Таза бұлақ»,
«Әке мен бала», «Жаман
жолдас», «Бақша ағаштары»).
Үй тапсырмасын бекіту:
|
|
Қызығушылықты ояту
5 минут
|
-
Оқушылар, «Әзім әңгімесі», «Ескендір»,
«Масғұт» деп аталатын топқа неліктен бөліндік деп
ойлайсыңдар?
- Бұл - поэма
атаулары.
- Бұл поэмалардың авторы
кім?
- А.Құнанбаев
- Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз
– «Ұлы ақын Абай Құнанбаев».
(дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жаздырту -
1
минут).
- Оқушылар, Абай Құнанбаев
туралы не білеміз? (тақтада кластер толтырту, оқушыларға
оқыту):
ақын
сазгер
ойшыл
аудармашы
күйші
дана
философ
қара сөздің шебері
Абайдың күйлері: «Абай желдірмесі», «Май түні», «Тор
жорға».
- «Абай әрқашан біздің ұлттық
ұранымыз болуы тиіс, Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге
танытамыз»,- деген елбасы Н.Ә.Назарбаев. Абайдың өмірінен бір
үзікке назар салайық (Бейнетаспамен жұмыс – 03:33
минут).
- Сіздер не түсіндіңіздер?
(оқушылар пікірі тыңдалады).
|
|
Топтық
жұмыс- 10
минут
|
Слайд арқылы мұғалім жалпы
мәлімет береді.
1-топ: «Ақынның балалық шағы», «Озық
ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен
араласуы».
2-топ: «Абай – ұлы ақын әрі ойшыл»,
«Абай және халық ағарту ісі».
3-топ: «Абайдың аудармашылық
қызметі», «Абайдың Қазақстан тарихында алатын
орны».
Топтар берілген тапсырманы
бірлесе орындайды, топта талдайды, постер
қорғайды.
|
|
Сергіту сәті
3 минут
|
Абайдың
«Көзімнің
қарасы» әнін музыканың сүйемелдеуімен
қосылып айту («Абай оқулары» байқауының жүлдегері жеке дауыста,
өзге оқушылар қосылады).
|
|
Топтық
тапсырмалар
5
минут
|
1-топ: «Абайдың жастарға арнаған
өсиеттері» (шағын әңгіме).
2-топ: «Ақын өмірінің маңызды
оқиғалары» (кесте толтыру).
3-топ: «Желсіз түнде жарық ай»
өлеңінің негізінде сурет салу.
|
|
Қорытындылау
4
минут
|
Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін,
Жоқ - барды, ертегіні термек
үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек
үшін,- деген ақын өлеңдерін жастайынан жаттап
өскен, республикалық «Абай оқулары»
байқауының ынталандыру сыйлығының иегері Мерей Сыздықбай бізде
қонақта, ендеше Мерей ұлы ақынның бір өлеңін
мәнерлеп оқып
берсін.
(«Ғылым
таппай мақтанба» өлеңі)
Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат
туралы білгіңіз келсе, Абайды
оқыңыз;
- Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен
зұлымдық туралы білігіңіз келсе, Абайды
оқыңыз;
- Өмір мен өлім, адам жанының қалтарыстары
мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды
оқыңыз;
- Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп,
он сегіз мың ғаламның құпиясы туралы білгіңіз келсе, Абайды
оқыңыз.
Қымбатты оқушылар,
С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе, Адамдықты
көздесең, жаттап тоқы көңілге» сөзін зердемізге
түйейік.
|
|
Үй тапсырмасы:
1 минут
|
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» топтық
жұмысы:
№1 топ – «Абай - заңгер»
(Баспасөз беттерінен деректер жинау)
№2 топ – «Абайдың аудармашылық
қызметі» (кестемен жұмыс).
№3 топ – «Абай және ұлт
болмысы» (Қарасөздердің тәрбиелік мәні).
|
|
Кері
байланыс
1
минут
|
- Сабақтан өзіңе пайдалы
не алдың? («Тілек ағашына» әр оқушы стикерге пікір
қалдырады).
|
|
Бағалау
1минут
|
Бағалау парағы арқылы оқушылардың
бағалауы
|